• Басты
  • Қазақстанның стратегиясымен сәйкес келетін ОДМ мақсаттары қалай жүзеге асуда
31 Шілде, 2019 19:10

Қазақстанның стратегиясымен сәйкес келетін ОДМ мақсаттары қалай жүзеге асуда

Біріккен Ұлттар Ұйымы 2015 жылы қыркүйекте 2030 жылға дейін Жаһандық күн тәртібі ретінде Орнықты даму мақсаттарын қабылдаған болатын. Қ.Тоқаевтың 10 маңызды бағыты, Елбасы бекіткен Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам бағдарламасы Орнықты даму мақсаттарын табысты жүзеге асыруға үндес болып келеді. БҰҰ қабылдаған Орнықты дамудың 17 мақсаты әлемдегі кедейлікті жоюға, жер, су ресурстарын үнемдеуге және адамдар арасындағы нәсілдік, жыныстық теңдігі мен игілігін қамтамасыз етуге бағытталған еді.

Қазақстанның стратегиясымен сәйкес келетін  ОДМ мақсаттары қалай жүзеге асуда | Strategy2050.kz

Еліміз 2030 жылға дейін Орнықты даму мақсаттарын Қазақстанның уақытында қол жеткізуіне ықпал ету үшін қоғамдық ұйымдардың қатысуымен 5 ведомстволық топ құрған болатын. Еліміздегі бес министрлік кедейліктің барлық деңгейін жою, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, сапалы тамақпен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығын дамытуға қолдау,  жалпыға бірдей сапалы білім, таза ауыз су, экология және ғаламшарымыздың сапалы тұрғындарын және оның өмір сапасын арттыруға арналған 17 мақсатты саласына қарай қолға алған.

«Жасыл экономиканы» және G-Global-ды дамыту коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма басшысы Салтанат Рахымбекова Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласынан 45 шақырым қашықтықта орналасқан, «Қазақстанның алғашқы «жасыл» ауылы» деп аталып кеткен Арнасай елді мекенінің мысалында ОДМ-2030 (Орнықты даму мақсаттары) жетістіктерін көрсетті.

Қазіргі таңда арнасайлықтар экологиялық таза технологиялардың негізінде өнім өндіріп отыр. Жасыл технологияларды қолдануды үйреніп алған ауылдықтардың ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктері мол.  

«Арнасай ауылының тәжірибесін Қазақстанның басқа аймақтарындағы ауылдар да қолға алуда. Мәселен, Қостанай облысындағы 70 шақты ауылдық отбасына арнасайлықтардың баламалы технологиялары таратылды, ал Қарағанды облысында 30-дан астам ауылдық отбасы Арнасай ауылы тұрғындарынан үлгі алып, олардың тәжірибесін, технологиясын игерді. «Арнасай - Қазақстанның ең алғашқы жасыл ауылдарының бірі болып саналады. Шағын ауыл Ақмола облысы Аршалы ауданында орналасқан. Бүгінгі таңда ауылдың негізінде жасыл технологиялар, орнықты даму қағидаттары іске асырылып, жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Мақсаттарымыздың алды кедейліктің түрлі формасын бірігіп жою, 2030 жылға дейін экономикалық ресурстарға әйелдер мен ерлердің әсіресе әлеуметтік әлсіз топтардың тең құқықта қол жеткізе алуын қаматамасыз ету және ұлттық, өңірлік, халықаралық деңгейде сенімді стратегиялық механизмдер құру. Сондай-ақ ауылдағы өмір сапасын жақсартуға және қонақ үйлер мен экологиялық туризмді дамыту арқылы шағын отбасылық бизнестің жедел дамуына ықпал ету», - деп түсіндірді Салтанат Рахымбекова.

Ауылды көркейтуге арналған жобалардың тағы бірі – қонақ үй. Ол негізінен кішігірім, көбінесе отбасылық, қонақ үй кәсіпорны болып келеді. Онда келушілер қысқа мерзімді тұрақтай алады. Ал, оларға ауыл тұрғындары түрлі қызметтер, атап айтсақ: қонақтардың бос уақытын ұйымдастыруға, тамақтануға, экскурсияларға апарып, тұмса табиғатта  көңіл көтеру шараларын ұйымдастыра алады. Ал, ауылдық туризмге ауылдық жерлердің табиғи, мәдени, тарихи, ауылшаруашылық және басқа да ресурстарын пайдаланып жүзеге асыру қолға алынады.

«Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы стратегиялық дайындау орталығының директоры Хамбар Бақытгүл ОДМ бойынша елімізде атқарылған жұмыстар жөніде баяндады.

«Қазақстан Республикасы 2015 жылы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары саласында 2030 жылға дейін күн тәртібін қабылдаған болатын. ОДМ-2030 біздің елдің көптеген стратегиялық бағыттарымен сәйкес келеді. Мәселен, Қ.Тоқаевтың 10 басым тапсырмалары, «Қазақстан-2050» стратегиялық дамуы, 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары, «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам бағдарламасы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы сияқты шаралар Орнықты даму мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді», - деді Б.Хамбар.

Орнықты даму мақсаттары (ОДМ) сарапшысы Хамбар Бақытгүлдің сөзінше Қазақстанда ОДМ-ын жүзеге асыру жұмыстары арқасында ОДМ ұлттық архитектурасы құрылды, 80 құжат бойынша жылдам кешенді бағалау жүргізілді, Астана экономикалық форумы аясында Орнықты даму мақсаттары бойынша бірінші форум өткізіліп, сонымен қатар ОДМ веб-сайты іске қосылған болатын (www.sdgs.kz). Сонымен қатар іске асқан шаралар арасында Қазақстанның алғашқы Ерікті шолуы таныстырылды және Қазақстанның 17 аймағында ОДМ-ны жүзеге асыру үшін сараптама жүргізілді. Және ең бастысы ОДМ аясында ақпараттық-таныстыру жұмыстары ұйымдастырылды.

«БҰҰ ұсынған Орнықты дамудың 17 мақсаттары бойынша Қазақстан осы уақытқа дейін ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетіп үлгерді. Мысалы, Қазақстанның мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында ОДМ-ның 79 пайыз міндеттері көрсетілген. Кедейлікті жою мақсаты бойынша Әлемдік банк стандарттарына сәйкес, Қазақстандағы кедейліктің үлесі 2011 жылғы 15,3 пайыздан 2018 жылғы көрсеткіш бойынша 7,4 пайызға дейін төмендеген. Кедейлік шегі елімізде күніне 5,5 АҚШ долларын құрайды. БҰҰ қойған ОДМ-ның аштықты жою мақсаты бойынша атқарылған істерге келер болсақ, тағам қауіпсіздігі саласында Қазақстан 113 елдің ішінде әлемдік рейтингте 57 орында тұр. Өмір сапасын арттыру, денсаулық мақсаты бойынша өмір сүру ұзақтығы 18 жыл ішіне 7,75 жасқа ұзартылды. 2000 – 2018 жылдар аралығында ана өлімі 4 есеге, сәбилердің өлімі шамамен 2,5 есеге азайды», - деген мәлімет келтірді «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы стратегиялық дайындау орталығының директоры Хамбар Бақытгүл.

БҰҰ бекіткен Орнықты даму мақсаттары бойынша Қазақстанда орта біліммен 100% қамту жұмыстары орындалды. Қазіргі уақытта біздің ел IMD-2019 рейтингісінде орта білімді қамту бойынша 1 орында тұр. Сонымен қатар Қазақстан бастауыш білім беру бойынша алғашқы 5 елдің қатарына кіреді. Гендерлік теңдікке бағытталған заңдар «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңдар қабылданды. Ал,  тіркелген кәсіпкерлер арасындағы әйелдердің үлесі бүгінгі таңда  43,2%-ға жетті, сонымен бірге  мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 55,4% болды. Шағын және орта бизнес тізгінін ұстағандардың 28 пайызы әйелдер және жалпы жұмыс күшінің 49% әйелдер болып келеді

Айдана Абдрахманова

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды