• Басты
  • ИИДМ: Билет тапшылығы, автожолдардың жөнделуі және сыбайлас жемқорлықпен күрес
31 Шілде, 2019 14:44

ИИДМ: Билет тапшылығы, автожолдардың жөнделуі және сыбайлас жемқорлықпен күрес

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде жолаушыларды тасымалдау, автомобиль жолдары және көліктік бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері талқыланды.
ИИДМ: Билет тапшылығы, автожолдардың жөнделуі және сыбайлас жемқорлықпен күрес | Strategy2050.kz

Билет тапшылығы және заңсыз қызмет мәселелерін шешу үшін электрондық билеттерді сату жүйесі жетілдірілді. Бұл ресімдеудің  ашықтық деңгейін  арттыруға, күту парағында  босаған орынды  күту мүмкіндігін құруға, орындарды топпен броньдау кезінде билеттерді жауапсыз рәсімдеу фактілерінің деңгейін 10 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді.

Осы проблемаларды шешу арқылы әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз ету үшін сыйымдылығы ұлғайтылған жолаушылар вагондарын жыл сайын сатып алу қажет.

ҚР Бас көлік прокурорының міндетін атқарушы Жасұлан Еламанов  автожол саласындағы жемқорлық прокуратураның ерекше  назарында екенін атап өтті.

 «Тексерулер көліктік бақылау органдарының жұмысында біраз  кемшіліктер бар екенін анықтады. Өткен жылы әкімшілік жауапкершіліктен жалтару, арнайы рұқсаттарды заңсыз жолмен беру, мәжбүрлі тыйым шараларын қолданбау сияқты кемшіліктер анықталған болатын. Өткен жылы  ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне тиісті ұсынымдар берген болатыньбыз.  Сол ұсынымдар бойынша Көлік комитетіне қарасты аумақтық бөлімшелердің 14 қызметкері әкімшілік жауапқа тартылды. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің өкілдері бірнеше лауазымды тұлғаны пара алғаны үшін ұстады», - деді Ж.Еламанов.

Сондай-ақ, ол көліктік бақылау қызметіне қатысты сауалдардың көп екенін айтты.

«Көліктік бақылау қызметіне сауал көп. Айтылған мәселелерді шешу бойынша біз іс-шаралар жоспарын тапсырдық. 2015 жылдан бері «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 51 жоба  құрылыс және қайта жөндеу бойынша  жүзеге асырылды. 700 млрд теңгегені құрайтын   1700 шақырым автомобиль жолын салатын жоба құрылды. Қазір өкілетті органдармен бірге сол қаржының қаншалықты заңды игерілгенін тексеріп жатырмыз. Әзірдің өзінде «ҚазАвтожол» ұлттық компаниясы мен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметінде өте күрделі заңбұзушылықтар анықталып жатыр», - деді ол.

Сонымен қатар,  Жасұлан Еламанов теміржол билеттерінің жетіспеушілігіне қатысты өкілетті органдармен бірігіп  бірнеше мәрте шаралар қабылданғанын  атап өтті.

«Биыл  1 шілдеден бастап компьютерленген  Mobius жүйесі қосылды. Бұл жүйе билет алып сатқыштардың жолын кесуі тиіс болған. Қазір олай болмағанын көріп отырмыз. Билетті алып-сату әлі жалғасуда. Оған БАҚ-та соңғы жарияланған  материалдар дәлел болып отыр», - деді ҚР Бас көлік прокурорының міндетін атқарушы.

Өз кезегінде  қоғам қайраткері  Мұрат Әбенов  өңірлерді аралап жүрген кезде жолдардың жөнделіп жатқан жағдайы көңілін көншітпегенін  жеткізді.

«Айналма жолдар дұрыс жасалмаған. Белгілер жетіспейді. Авариялық  жағдайлар көп. Кедергілер дұрыс қойылмаған учаскелер кездеседі.  Мен бұл мәселеге қатысты әлеуметтік желілерде де жаздым. Жолдардың құрылысы белгілі қолайсыздықтарды тудырады. Жол құрылысынан ақша алып отырған адамдар адамдардың қауіпсіздігінен жырмау керек. Осы мәселеге ерекше назар аудартқым келеді», - деді М.Әбенов.

Сонымен қатар, қоғам қайраткері темір жол билеттеріне қатысты мәселені көтерді.

«Билет тапшылығымен теміржол саласындағы проблемалар шектелмейді. Жолсеріктердің адам зорлау бойынша сотталуы салада жүйелі проблемалар бар екенін көрсетіп отыр. Кешегі шулы  оқиғадан кейін бұрын да ондай қылмыстар ашылмай қалған шығар деген күдік туады. Бұл оқиға жолсерік жұмыс орнында ішімдік ішіп, кімді қай жерге отырғызғысы келсе өзі біледі деген ой қалыптастырады», - деді ол.

Сондай-ақ, Мұрат Әбенов билетті алып сатумен айналысатын адамдарды құқық қорғау органдарының нақты жауапқа тарта алмай отырғанын сынға алды.

«Прокуратура өкілдерінің билет алып сатушыларды жолаушылардың мазасын алғаны үшін ғана жауапқа тарта алатыны мені таңғалдырды. Прокуратура бұлай қауқарсыздық танытса, қалған органдар туралы айтудың өзі артық шығар. Барлығының айтатыны бір – билетті сатып алушының заң бұзғанын дәлелдеу мүмкін емес. Президенттің өзі бұл мәселені қатаң тапсырып отыр. Сондықтан заңнамалық негізде мәселенің түйінін табу қажет», - деді М.Әбенов.

Сонымен қатар, белгілі болғандай,  автожолдардың бұзылуына жол беретін негізгі фактор салмақтық параметрлерден асып кететін автокөлік құралдарының  жүруі болып табылады. Басым көпшілігінде бұл қытай өндірісінің өзі аударғыш  ауыр салмақты көліктері, олар  карьерлерде және инертті материалдар жинағыштарда  жүк тиеуді жүзеге асырудан болады екен.

Айта кетейік, ҚР ИИДМ тұрақты негізде қазақстандық тасымалдаушыларға жолаушылар вагондары паркін жаңарту үшін жағдай жасауда. Бұдан басқа, тасымалдаушылар жыл сайын жазғы кезеңде негізгі бағыттар бойынша қосымша поездар санын қосады. Сонымен қатар, жолаушылар ағымының ұлғаюына байланысты негізгі бағыттар бойынша билеттердің жасанды тапшылығы байқалады, бұл ретте оларды сату бойынша заңсыз делдалдар жандана түседі.

Билеттердің заңсыз сатылуына тосқауыл қою үшін осы жылдың наурыз айында ҚР ИИДМ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі және "ҚТЖ" ҰК" АҚ арасында теміржол тасымалдауы саласында тұрмыстық сыбайлас жемқорлық мәселелерін болдырмау көзделген жол картасына қол қойылды.

Аягөз Құрмаш

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды