• Басты
  • Қазақстанға құйылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі қандай
30 Шілде, 2019 18:26

Қазақстанға құйылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі қандай

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы шілденің 4-де өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-ші пленарлық отырысында Қазақстанда 2018 жылы шетелдік инвестиция ағыны 24,50 млрд долларға жеткенін хабарлап, шетелдік инвесторлар ағынын қолдайтынын атап өткен болатын. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек тәуелсіздік алған жылдардан бері Қазақстанға 320 миллиард АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция құйылған. Ал, 2009-2019 жылдар аралығында ұлттық экономикаға 250,2 миллиард доллар көлемінде табыс түскен.
Қазақстанға құйылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі қандай

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұжымдық жұмыстар күшінің арқасында өткен, яғни 2018 жылы шетелдік инвестиция ағыны 24,50 миллиард  долларға жетіп, бұл көрсеткіш алдыңғы 2017 жылмен салыстырғанда 60 пайызға артық болғанын жеткізген еді.

Finreview.info  қаржылық шолу агенттігінің мәліметінше елімізде қолайлы инвестициялық ахуал құру бойынша қарқынды жұмыс атқарылып жатыр. Ал, осы жылы 103 отандық, шетелдік жоба іске қосылмақ.

«Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанға 320 млрд. АҚШ долл. көлемінде тікелей шетелдік инвестициясын құйылған. Ал, соңғы 10 жылда ұлттық экономикаға түскен табыс мөлшері 250,2 миллиард долларды құраған. Аталмыш үрдіс Қазақстанның инвестициялық саясатының тиімділігін айқындап берді. Ел тарихында тікелей шетелдік инвестициялардың ең үлкен мөлшері 2012 жылы болыпты. Со жылы құйылған инвестиция мөлшері  – 28,9 миллиард АҚШ долларын құраған. Ал,  2011 жылы – 26,5 миллиард АҚШ доллары, 2018 жылы – 24,3 миллиард АҚШ доллары мөлшерінде тікелей шетелдік инвестиция құйылған», - деген мәлімет берді Finreview.info  қаржылық шолу агенттігі.

ҚР Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, өңірлер бойынша ел ішіндегі инвестиция көлемі 2019 жылдың І жартыжылдығында ҚР өңірлеріне салынған инвестиция 2,2 триллион теңгеге жеткен. Ел бойынша ең көп инвестицияны — 365,8 млрд теңгемен Атырау облысының жобалары алып тұр, одан кейінгі орынды — 310,4 млрд теңгемен Нұр-Сұлтан қаласы алды. Алматының негізгі капиталына құйылған инвестиция — 284,4 млрд теңге. Ал, Қарағандыға 220,6 млрд теңге және Ақтөбе облысына 146,7 млрд теңге инвестиция тартылған.

«Сонымен қатар бұл тұста инвестициялардың ең аз үлесі — Қызылорда облысы тиесілі. Аталмыш облысқа 32,1 млрд теңге инвестиция құйылған. Ал, Шымкентке 38,7 млрд теңге болса, инвестициялардың ең аз үлесінің үштігін Шығыс Қазақстан облысы 41,7 млрд теңгемен қорытындылап тұр. Сондай-ақ, Елордасы Нұр-Сұлтанда қаласында 2018 жылдың I жартыжылдығына қарағанда 19,3%-ға аз көрсеткіш көрсетіп, қаржыландыру төмендеген. Маңғыстау облысында да сондай жағдай, қаржыландыру көзі 22,8%-ға аз. Ал, басқа барлық өңірлерде инвестициялардың өсуі байқалып отыр», - делінген ҚР Статистика комитетінің мәліметінде.

Ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанының қорытындысыны сәйкес, Қазақстанға құйылған тікелей шетелдік инвестиция ағыны 6 миллиард АҚШ долларын құрапты. Ал, бір жыл бұрын дәл осынай кезеңде ол көрсеткіш  – 6,7 миллиард АҚШ доллары болған. Тұстас алғанда өткен, яғни 2018 жылы тікеле й шетелдік инвестиция көлемі 24,3 миллиард АҚШ доллары мөлшеріне жетіп, ол көрсеткіш оның алдындағы 2017 жылға қарағанда 15,8%-ға көп болған. Айта кетейік, 2017 жылы 21 миллиард АҚШ доллары көлемінде болған еді. Сондай-ақ, Жалпы ішкі өнімдегі тікелей шетелдік инвестиция ағынының үлесі 2017 жылғы 12,9% – дан 14% – ға дейін өсіп отыр. Сонымен бірге біздің ел 2022 жылға қарай тікелей шетелдік инвестициялар көлемінің жалпы ішкі өнімге арақатынасын 19% – ға дейін жеткізуді көздеуде.

Сонымен, салалар бойынша көрсеткіштерге келер болсақ, тікелей шетелдік инвестицияның ең үлкен көлемі 2018 жылы тау-кен қазу өнеркәсібіне және карьерлерді қазуға құйылған. Жалпы сома 13,6 миллиард АҚШ доллары. Одан кейін өңдеуші өнеркәсіпке 3,4 миллиард АҚШ доллары, онымен бірге көтерме және бөлшек саудаға инвестициялар 3,3 миллиард АҚШ долларын құраған. Сондай-ақ, бұл бойынша салалардың ең үздік бестігіне:  қаржы және сақтандыру қызметі – 1,3 миллиард АҚШ доллары, көлік және қойма – 786 миллион АҚШ долларымен кіреді.

«Елімізде шетелдік капиталдың арқасында 2018 жылы жалпы сомасы 3,1 миллиард АҚШ долларын құрайтын 27 жоба дүниеге келген. Аталмыш шара елде 6 мың жаңа жұмыс орнын ашуға  мүмкіндік берген. Шетелдік инвестиция арқылы іске асқан жобалардың басым бөлігі Алматы облысында жүзеге асырылған. Одан кейінгі орында Қарағанды облысы, Нұр-сұлтан қаласы тұр. Сондай-ақ, осы 2019 жылы қосымша 27 жобаны іске қосып, 100-ге жуық жаңа инвесторларды тарту көзделіп отыр», - дейді Finreview.info  қаржылық шолу агенттігі.

Жалпы әлем экономикасында инвестицияларды тарту мен экспортты дамытудың негізгі құралдарына арнайы экономикалық аймақтар және индустриялық аймақтар құру жатады. Тұтастай алғанда осы негізд Қазақстан бойынша еліміздің 11 өңірінде 12 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді. Соның ішінде үш «Астана – Технополис», «Қорғас» ШЫХО және «Түркістан» арнайы экономикалық аймақтары 2017 – 2018 жылдары құрылды.

Еліміз бойынша барлық арнайы экономикалық аймақтар инфрақұрылымының құрылысына еліміздің бюджетінен 314,3 млрд теңге бөлінген болатын. Осы жылдың мамыр айының соңындағы жағдай бойынша арнайы экономикалық аймақ аумағында 183 жоба іске қосылып, оның  ішінде 46 жобаға шетелдік инвестицияның арқасында жүзеге асқан. Жалпы тартылған инвестиция көлемі 910 миллиард теңге. Арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеуі Қазақстанның ұлттық экономикасының дамуына оң әсер етіп, 15,5 мың жаңа жұмыс орны ашылған болатын. Соған сәйкес, ел бюджетіне 150 миллиард теңге көлеміндегі салық түсімдері түскен.

«Ал, Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ өндірісті ынталандыру мәселесі бойынша елімізде жалпы 9 өңірде 23 индустриялық аймақ құрылды. Дәл қазірі қолда бар мәлімет бойынша  ол аймақтар 8,5 мың жұмыс орнын қамтамасыз ететін 168 өндірістік жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Негізінде индустриялық аймақтың инфрақұрылымына кеткен мемлекеттік шығын көлемі 85,9 миллиард теңгені құраған. Ал, оған құйылған, тартылған инвестиция көлемі 183 млрд теңгеге жетіп отыр. Салдарына мемлекеттің бюджетінен жұмсалған 1 бюджеттік теңгеге 2,1 теңге инвестиция тартылған», - деген мәлімет келтірді қаржылық шолу агенттігі.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму миристрлігінің мәліметінше болашақта елімізде 2021 жылға қарай индустриялы аймақ аумағында 520 миллиард теңгеге жуық ақшаға 173 жобаны қолға алу жоспарланып отыр.

2019 жылы жалпы құны 163 млрд теңгені құрайтын 40 жобаны іске асыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Елдің отандық инвесторларды қолдау жөніндегі саясаты ең алдымен ұлттық экономиканы дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Елімізде осы мақсатты іске асыру үшін инвестициялық жобаларды қаржыландыруды тиімді құрылымдауға қабілетті «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Қазақстанның Даму Банкі, KazakhExport, Kazyna Capital Management, Kazakhstan Project Preparation Fund, Astana Hub, «Даму» қоры, QazTech Ventures және тағы басқа мекемелер, ұымдар жұмыс істейді.

Айдана Абдрахманова

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды