• Басты
  • Өңірлер: Құқықтық статистика қандай мемлекеттік қызмет көрсетеді
30 Шілде, 2019 16:09

Өңірлер: Құқықтық статистика қандай мемлекеттік қызмет көрсетеді

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқарма бастығының міндетін атқарушысы Гүлнар Дүйсембекова құқықтық статистика органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтері туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Өңірлер: Құқықтық статистика қандай мемлекеттік қызмет көрсетеді | Strategy2050.kz

Спикердің айтуынша, Құқықтық статистика органдарымен 4 түрлі мемлекеттік қызмет  көрсетіледі: соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет, архивтері шегінде архивтік анықтамалар және  архивтік құжаттардың көшірмесін беру және прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.

«3 мемлекеттік қызметтерді "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы көмегімен алуға болады, яғни осы қызметерді үйден шықпай ЭЦҚ- мен тапсыруға мүмкіншілігіңіз бар.Барлық қызметтер, прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюдан басқа, ақысыз көрсетіледі. Апостиль кою рәсімделеуге әрбір құжат үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекеттік баж салығы алынады», - деді Гүлнар Дүйсембекова.

Сондай-ақ, ол атап өткендей, «Соттылықтың  болуы немесе болмауы туралы анықтама беру»  мемлекеттік қызмет автоматтандырылған.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдау және нәтижелерін беру: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»  коммерциялық емес акционерлік қоғамы және «электрондық үкімет»   www.egov.kz веб-порталы арқылы көрсетіледі.Басқа жеке тұлғаға қатысты мәлімет алу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға тек электронды нысанда портал арқылы, мәлімет сұратылған тұлғаның келісімі болған жағдайда көрсетіледі», - деді ол.

Сондай-ақ, ол айтып өткендей,  анықтамада Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 79 және 89-баптарына сәйкес, қызмет көрсетушіде бар тұлғаның өтелмеген, алынып тасталмаған соттылығы туралы мәліметтер, жүгінген өңірге қарамастан, тексеру жүргізген күндегі жағдайға байланысты көрсетіледі. 

«Яғни, тұлғанын соттылығы жойылса немесе алыптастаса, ол «Сотытылғы жоқ» деген жазумен анықтаманы алады.Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі: құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға өткізген сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінгенде – 10 (он) минут, қосымша тексеру болған жағдайда – 3 (3 үш) жұмыс күні», - деді ол.

Сонымен қатар, порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабар жіберу жолымен абоненттік нөмір порталында тіркелген субъектінің ұялы байланысы арқылы электрондық сұрау бойынша алуға болады. 

«Қызмет алушының ЭЦҚ қойылған немесе ұялы байланыс операторымен берілген қызмет алушының абоненттік нөмірі порталдың есептік жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда, бір реттік құпия сөзбен куәландырылған электрондық сұрау салуы, оның ішінде қызмет көрсету нәтижесін қағаз жүзінде алу үшін Мемлекеттік филиал мекенжайын таңдаумен шетелге шығу үшін анықтама алуға болады», - деді ол.

Сонымен қатар, ол атап өткендей,  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметке құжаттарды қабылдау және нәтижелерін беру «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы іске асырылады.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі 15 минут.Архивтері шегінде архивтік анықтамалар және архивтік құжаттардың көшірмесін беру» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдау: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы және "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.Өзімен бірге жеке басты куәландыратын құжат және туыстарына қатысты ақпарат алғанда, туыстық дәрежесін куәландыратын құжаттар болу керек», - деді ол.

Сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі 30 күнінен 10 күнтізбелік күнге дейін азайтылған.

«Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметке құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру коммерциялық емес акционерлік қоғам "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" арқылы жүзеге асырылады.Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі: құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға өткізген күнінен бастап – 5 жұмыс күні.Аталған барлық мемлекеттік көрсетілген қызметтері Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен көрсетіледі», - деді ол.

Сондай-ақ, өңірлік коммуникациялар қызметінде белгілі болғандай, комитетттің Жамбыл облысы бойынша басқармасымен 2019 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілгеннің  саны 7770-ға жетті,

Оның ішінде:

-1752  соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру

-461 - соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама апостильмен

-5393 - әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғалар туралы мәлімет беру

«Барлық   жоғарыда көрсетілген мемлекеттік   қызметтер Мемлекеттік   корпорация   арқылыкамтамасыз етіледі.164- архивтік анықтамалар және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелері Басқарма архиві шегінде берілген. 164 өтініштердің  71 - мемлекеттік   корпорация   арқылы, 93-  қағаз түрінде берілген. 25 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде», - деді ол.

Аягөз Құрмаш 

Материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды