• Басты
  • "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы қандай нәтиже берді
30 Шілде, 2019 13:04

"Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы қандай нәтиже берді

Қазақстан Республикасының Экс-Президенті тұрғын үй нарығын 2020 жылға дейін дамытуға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасын 2011 жылы бекіткен болатын. Аталмыш бағдарламаның үйлестірушісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі сала бойынша 6 айды қорытындылады. 2019 жылдың 6 айында тұрғын үй құрылысына 605,7 млрд теңге инвестиция тартылып, бұл – өткен 2018 жылмен салыстырғанда 15,5% жоғары көрсеткішті көрсеткен.
"Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы қандай нәтиже берді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склярдың айтуынша жыл соңына дейін елімізде 70 мыңға жуық пәтер салынады. Пәтерлердің жалпы саны – 118 мың. Қазірдің өзінде 48 925 пәтер «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып біткен.

«Жарты жылдың қорытындысы бойынша тұрғын үй құрылысына 605,7 млрд теңге инвестиция құйылды. Бұл – өткен 2018 жылмен салыстырғанда  15,5%-ға жоғары. Жалпы, мемлекеттің 1 теңге қаражатына тартылған жеке инвестиция мөлшері 7,4 теңге көлемінде болды. Ал, осы жылдың соңына дейін 13,0 миллион шаршы метрді қамтитын 118 мың тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ 2019 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша 5,7 миллион шаршы метр болатын 48 925 тұрғын үй салынып бітті», - деді  ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр.

Министрдің есебінше өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша көшбасшылардың қатарында Түркістан (147,4%), Қызылорда (122,4%), Алматы (115,6%) және Қостанай (115,2%) облыстары тұр. Ал, Нұр-Сұлтан қаласында құрылыс қарқыны 32,8%, Маңғыстау облысында 10,3%-ға төмендеген.

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының үйлестіруші министрліктің басшысы Роман Скляр бұл жағдай республикалық көрсеткішке теріс әсер еткенін атап өтті.

«Аталмыш жағдай еліміз бойынша жалпы көрсеткішке теріс әсер етті. Салдарынан тұрғын үйді іске қосу 1,9% артта қалып қойды. Сол себепті аталған өңірлер жеке құрылыс компаниялары арқылы жұмысты жандандыруы тиіс. Енді жоспарымыз сәйкес, басқа өңірлердегі құрылыс қарқынын арттыру арқылы жылдық жоспарға қол жеткізуді мақсат етіп отырмыз», - деді Роман Скляр.

Министрдің болжамынша оңтүстік астанамыз Алматы қаласында тұрғын үйді іске қосу 10,5%, яғни 2,2 млн шаршы метрге және Ақтөбе облысында 10,1%, яғни 1,0 млн шаршы метр өспек. Ал, Түркістан облысында белсенді даму жөнінде жақсы резервтер бар көрінеді. Өңірде болжамды өсім 163 мың шаршы метрді құрап, бұл көрсеткіш 2018 жылдың жылдың қорытындысымен салыстырғанда 1,5 есеге жуық болмақ.

«Жоспарға сәйкес, бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша, аймақтарға бөлінген қаржыландыру көлемі 36,8 миллиард теңге болды. Оның 35,8 миллиард теңгесі, яғни 96,1%-ы игерілді. «Алматы, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында бөлінген қаржыны игеру қарқыны төмен», - деді  сала министрі.

Министрдің пікірінше  құрылыс алаңдарын тиісті инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз ету үшін тұрғын үйді уақтылы пайдалануға беру үшін 81,7 миллард теңге  (ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен - 36,6 миллиард теңге, ҚР Энергетика министрлігінен - 45,1 миллиард теңге) қарастырылып отыр.

«Сонымен бірге, еліміздің өңірлерінде 2020 жылы қаржыландыру жобаларын қалыптастыру бойынша жұмыс толық жүріп жатқан жоқ. Қазіргі уақытта алдын-ала бекітілген 100 миллиард теңгенің лимитіне тек 74 миллиард теңгенің ғана пулы құрылған. Жобалы-сметалық құжаттың дайын болмауына байланысты 26,0 миллард теңгенің құжаттары болмай тұр. Сондай-ақ, біздің министрлік тарапынан Нұр-Сұлтан, Шымкент, Маңғыстау және Алматы облыстарының әкімдіктеріне жобаларының санының аздығы, оған жұмсалған қаражаттың аздығы хабарланды», - деп сөзін түйіндеді Р.Скляр.


Ол сонымен бірге ҚР Энергетика министрлігіне Қостанай облысынан бірде-бір жоба туралы мәлімет, дерек түспегенін мәлімдеді. Оған қоса министр мырза Нұр-Сұлтан, Шымкент, Павлодар, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері электр қуаты мен газ бойынша жобаларының санының аздығы туралы айтты. Министр аталмыш өңірлердің тиісті басшыларына жобалы-сметалы құжаттарды дайындау жұмыстарын тездету туралы шаралар қабылдау керектігі жөнінде де қоса кетті.

"Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы Қазақстан Республикасы бұрынғы Президентінің Жарлығымен 2011 жылы бекітілген болатын. Бұл бағдарлама елімізді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы және оның мақсаты – халық үшін тұрғын үйдің қолжетiмдiлiгiн арттыру. Аталмыш жоба бірнеше міндеттерді қамтыған. Оның алғашқысы – ипотекалық несие берудің қолжетімділігін арттыру және жеке құрылыс компанияларын тұрғын үй салуға ынталандыру,тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы өткізілетін несиелік үйлер салу, еліміздегі әлеуметтік әлсіз топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй қорын құру, халықты жалға берілетін және коммерциялық тұрғын үйлермен қамтамасыз ету және үлестік тұрғын үй құрылысын қолдау болып табылады.

Айдана Абдрахманова

Материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды