• Басты
  • Мал шаруашылығына түсетін инвестицияларды 30 пайызға арттыру қажет – А.Мамин
30 Шілде, 2019 12:46

Мал шаруашылығына түсетін инвестицияларды 30 пайызға арттыру қажет – А.Мамин

Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының тек жалпы өнім беріп қана қоймай, сонымен қатар, халықты маңызды азық-түлікпен қамтамасыз ететін саласы болып табылады.Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша мал шаруашылығының жалпы өнімі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 962,2 млрд.теңгеден 1063,5 млрд. теңгеге дейін 10,5%- ға ұлғайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Үкімет отырысында мәлімдеді. Өз кезегінде Премьер-Министр Асқар Мамин мал шаруашылығы саласына келетін инвестицияларды жыл сайын кемінде 30 пайызға арттыру қажет екенін жеткізді. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Мал шаруашылығына түсетін инвестицияларды  30 пайызға арттыру қажет – А.Мамин

АШМ басшысы айтып өткендей, соңғы жылдары мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде оң өсім байқалады.

«Сиыр етін өндіру 477 мың тоннаны құрады, бұл ішкі тұтынудың 98% - ын қамтамасыз етеді. Тиісінше қой еті 150 мың тонна, шошқа еті 86 мың тонна болды. 2018 жылдың қорытындысы бойынша сиыр еті бойынша экспорт көлемі 19,9 мың тоннаны, қой еті 3 мың тоннаны, шошқа еті 400 тоннаны құрады.Ет экспортын есепке алу Статистика комитетінің статистикалар деректері негізінде, сондай-ақ экспортқа берілген ветеринарлық сертификаттар негізінде жүргізіледі. Бұлардың көрсеткіштерінің айырмашылығы Статистика әдістемесінде етке қайта есептегенде союға экспортталған тірі мал санатының болмауына байланысты», - деді С.Омаров.

Министр айтып өткендей,  5 жыл ішінде тұтынудың тұрақты өсімі арқасында құс етін өндіру көлемі 40%-ға артып, 192 мың тоннаны құрады.

«Бұл ретте құс етін тұтыну да жоғары қарқынмен өсуде. Алайда ішкі тұтынуда импорттың үлесі 50% құрайды.Өнімдік жұмыртқаны экспорттау қарқыны өсуде, сондықтан өткен жылдың қорытындысы бойынша 680 млн. дана жұмыртқа экспортталды.Сүт өндіру көлемі 5,7 млн. тоннаны құрады. Сонымен қатар, жыл сайын 500 мың тоннаға жуық сүт өнімдері әкелінеді», - деді ол.

Сонымен қатар, ірі қара малдың саны 7,2 млн. басқа дейін, қой 18,7 млн. басқа дейін, жылқы 2,6 млн. басқа дейін, құс 44,3 млн. басқа дейін өсті. Агроқұрылымдардағы ауыл шаруашылығы малдары мен құс басының өсуінің оң динамика сақталуда.

«АӨК дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Министрлік мал шаруашылығы салаларын дамытудың ұзақ мерзімді салалық бағдарламаларын қабылдап іске асыруда. Мал шаруашылығы саласында 4 салалық бағдарлама қабылданды: етті мал шаруашылығы, сүтті ірі қара мал шаруашылығы, құс шаруашылығы және шошқа қаруашылығы. Әрбір бағдарламада фермерлік шаруашылықтарды және өндірістік қуаттарды құру бойынша өңірлер бөлінісінде индикативтік көрсеткіштер бар және мал шаруашылығы өнімін өндіру жоспарлы көрсеткіштері көрсетілген», - деді С.Омаров.

Сонымен қатар, министр атап өткендей,   етті мал шаруашылығын дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасы 10 жыл ішінде бордақылау алаңдары және ет комбинаттарымен кооперацияланып жұмыс істейтін етті мал шаруашылығы мен қой шаруашылығында  80 мың отбасылық фермерлік шаруашылықтарды құруды көздейді. 

«Бағдарлама сиыр еті мен қой етінің экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған. Сүтті мал шаруашылығының ұзақ мерзімді бағдарламасы сүт өнімдерінің импортын алмастыруға бағытталған. Жалпы алғанда, өнеркәсіптік және отбасылық үлгідегі сүт-тауар фермаларының санын арттыру есебінен қайта өңдеу қуаттылығын тиеу үшін сүт өндіру көлемін 1 млн.тоннаға ұлғайту жоспарлануда.Біз осы секторда іске асырылмаған үлкен әлеуетті көріп отырмыз. Жылдам нәтижелерге қол жеткізу үшін өнеркәсіптік сүт-тауар фермаларын салу қарқынын арттыруды қамтамасыз ету қажет. Ол үшін министрлік жеке тұжырымдама әзірлеуде», - деді ол.

Министр  құс шаруашылығын дамыту бағдарламасы құс етінің импортын алмастыру үшін жаңа өндірістік қуаттар құруды көздейді. Құс етін өндіру көлемін 3 еседен артық ұлғайту жоспарланып отырғанын жеткізді.

«Шошқа шаруашылығын дамыту бағдарламасы Қытай нарығына шошқа етін экспорттауды дамытуға бағытталған. Жалпы шошқа етін өндіру көлемін 2 есеге ұлғайту жоспарлануда.  Сиыр еті мен қой етін өндіруде, сондай-ақ экспорт көлемін кеңейту үшін ірі қара мал мен қойдың аналық басын еселеп өсіру қажет. Етті мал шаруашылығын дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасы аясында өткен жылдан бастап жеңілдікті шарттармен етті мал шаруашылығында отбасылық фермерлік шаруашылықтарды құруға кредит берудің арнайы бағдарламалары іске қосылды.2019 жылы 683 отбасылық ферма 66,7 мың басқа несие алып, 42 мың аналық бас ірі қара мал әкелді», - деді Сапархан Омаров.

Сонымен қатар,  мал басын сатып алудың ең жоғары көрсеткіштері Ақтөбе және Алматы облыстарында, ең төмен көрсеткіштері Қостанай облысында.

«Сонымен қатар, 536 фермерлік шаруашылық 210 мың аналық қой сатып алуға қаржыландырылды.Қой басын сатып алуда көш бастап тұрғандар Батыс Қазақстан, Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстары.Төмен көрсеткіштер бар бұл Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстары.2020 жылға арналған жоспарлар тиісінше 200 және 600 мың басты құрайды.Сүтті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптік және отбасылық үлгідегі сүт-тауар фермаларын салуды қаржыландыру жүзеге асырылады.2018 жылы 7 өнеркәсіптік кешен мен 22 отбасылық ферма жаңғыртылып, іске қосылды», - деді министр С.Омаров.

Сонымен қатар, биыл ҚазАгро желісі бойынша 15 өнеркәсіптік кешенді қаржыландыру қарастырылуда, оның 2-уі іске қосылды.

« Жобалар әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар арқылы және инвесторлардың өз қаражаты есебінен қосымша қаржыландырылады. Сондай-ақ отбасылық үлгідегі сүт-тауар фермаларының құрылысы қаржыландырылады. 2 ферма іске қосылды, 6-уы қарауда.Құс шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында біз одан әрі импортты алмастыру үшін құс етін өндіру көлемін арттыру бойынша шаралар қабылдаймыз», - деді ол.

Сонымен қатар, министр  2018 жылы Ақмола облысында «Макин құс фабрикасы» ЖШС-нің жалпы қуаты жылына 60 мың тоннаны құрайтын ірі жобасының бірінші кезегі іске қосылғанын еске салды.Сонымен қатар, ағымдағы жылы қуаты жылына 20 мың тонна құс етін беретін «Capital Projects LTD» ЖШС толық жобалық қуатына шықты.

«Қазіргі уақытта жалпы қуаты 74 мың тонна болатын 7 жоба қосымша жүзеге асырылуда.Сондай-ақ, тоқтап тұрған «Комсомольская птицефабрика» жобасына жаңа инвесторды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жобаны келесі жылдың басында іске қосу жоспарланып отыр.  Бағдарлама шеңберінде жалпы ішкі тұтынудағы өндіріс көлемін 2022 жылға қарай 70% - ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Мұнда сондай-ақ қарапайым заттар экономикасын дамыту шаралары шеңберінде кредит беру құралдары пайдаланылатын болады», - деді С.Омаров.

Сондай-ақ,  шошқа шаруашылығы саласын дамыту бағдарламасы бойынша қабылданған шаралар ішкі инвесторларды осы секторға ынталандыруға мүмкіндік берді.

«Қазіргі уақытта жалпы қуаты 33,7 мың тонна болатын 8 жоба кеңейтіліп, құрылысы жүріп жатыр. Бұл жобалар шошқаның «африкалық обасы» ауруы бойынша қолайлы статусының болуы және біздің фермерлер үшін Қытай нарығын ашу бойынша алдағы жоспарлардың нәтижесінде жүзеге асырылады.Өнімнің алғашқы жеткізілімін келесі жылдың басында күтеміз.Асыл тұқымды мал басын әкелуді субсидиялау тетігін енгізу есебінен аналық табынды жаңарту жүзеге асырылады», - деді С.Омаров.

Сондай-ақ, министр  өз өндірісіміздің көлемін арттыруды ынталандыру үшін өткізу нарықтарын кеңейту және экспортты ұлғайтуды ынталандыру қажеттігін жеткізді.

« Министрлік ауыл шаруашылығы шикізатының экспорты бойынша ҚР үшін негізгі елдеріне (ЕО, ҚХР, Иран, Парсы шығанағы елдері) ауыл шаруашылығы шикізатынан қайта өңделген (алғашқы қайта өңдеу) өнімге ветеринарлық-санитарлық талаптарды шешу және келісу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.Қабылданған шаралар нәтижесінде біз сиыр еті экспортының көлемін 37% - ға дейін, қой еті 32% - ға дейін, шошқа еті 43% - ға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз», - деді АШМ басшысы.

Сонымен қатар,  АӨК өнімдері экспортының өсуін қазақстандық өнімнің бәсекелестік артықшылықтарын пайдалану арқылы арттыруға болады, ал бұл оның экологиялығы, сондықтан «органик» және «халал» өнімдерін өндіру, өңдеу және сертификаттау жүйесін жолға қою қажет.

««Органикалық өнім өндіру туралы» заң 2015 жылдың қараша айында қабылданды, бірақ әлі күнге дейін осы заңды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жоқ. Министрлік мемлекеттік органдармен Органикалық Ауыл шаруашылығын дамытудың Жол картасын қайта келісу рәсімін аяқтады.Сондай-ақ бір проблема бұл, Қазақстан Республикасы Азық-түлік қауіпсіздігінің Ислам ұйымын құруға бастамашылық еткенімен, Республикада халал өнімдерін өндіру саласында заңнама жоқ. ҚР үшін АҚИҰ құруы мен пайдасының мақсаты ол Республиканың ислам елдеріне азық-түлік жеткізуді арттыру болып табылады, ал халал өнімдерін өндіруді дамыту жөніндегі іс-шаралары жоспарысыз Парсы шығанағының басым елдеріне, Иранға азық-түлік экспортының өсуін қамтамасыз ету мүмкін емес. Қазіргі уақытта халал өнімдерін өндіруді дамытудың Жол картасын келісу аяқталуда, келесі аптада осы бойынша Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде кеңес өтеді», - деді ол.

Сондай-ақ,  100 нақты қадам Ұлт жоспары аясында, стратегиялық инвесторлар мен трансұлттық компанияларды қайта өңдеу секторына тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Қазірдің өзінде Түркістан облысында түйе және бие сүтін қайта өңдеу бойынша «Golden Camel Group» ЖШС (Қытай), Павлодар облысында «Лакталис» ЖШС (Франция) жобалары іске қосылды.Өңірлерде малды сою және бастапқы қайта өңдеу бойынша заманауи жоғары технологиялық кәсіпорындар құру, етті терең өңдеу технологияларын игеру жөніндегі жобалар іске асырылуда.Ағымдағы жылы Алматы облысында қуаттылығы тәулігіне 100 бас ірі қара мал, 1500 бас ұсақ мал сою бойынша «Емпайр фуд» ЖШС-нің (Иран) ет өңдеу кешенінің құрылысы бойынша жоба іске қосылды», - деді ол.

Министр атап өткендей,  биылғы жылы Нұр-сұлтан қаласында қуаты жылына 5 мың тонна ет өндіретін ет-өңдеу кешенінің құрылысы бойынша «Ерейментау ақбас» ЖШС пайдалануға беру жоспарлануда.

«Батыс Қазақстан облысында уақытша тоқтатылған Кроун батыс жобасына жаңа инвесторды тарту бойынша жұмыс жүргізілді. Ақорда компаниясы осы күзде іске қосу үшін осы жобаны сатып алуда.Сондай-ақ, Гранд Фарм (ҚХР), Бауманн (Германия), Иналка/Кремонини (Италия) сияқты трансұлттық компанияларды ет өңдеу секторына тарту жұмыстары жүргізілуде.Сонымен қатар, америкалық Трансұлттық компаниялар өз инвестициялары есебінен сиыр етін өндіруге арналған заманауи ет өңдеу кешенін салуды жоспарлап отыр.Қазіргі уақытта американдық ғалымдар тобы саланың ағымдағы жай-күйіне шолу жүргізіп, америкалық компаниялар үшін талдамалық есеп дайындады.Сонымен қатар, Дүниежүзілік банк пен Азия даму банкімен бірлесіп ет саласын дамытуды қолдау бағдарламасы әзірленуде. Қазіргі уақытта тиісті жол картасы әзірленуде», - деді С.Омаров.

Сонымен қатар, Германия Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан гранттар тартылып, құрылып жатқан сүт-тауар фермаларға ағымдағы жылдың қазан айында консультация ұйымдастыру үшін бағдарлама жүзеге асырылады. 

Өз кезегінде  Үкімет басшысы Асқар Мамин  әлеуметтік-экономикалық маңызы үлкен саланы дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыру мен өңделген өнім экспортын дамыту бойынша міндет қойғанын еске салды.

«Бұл ретте Үкімет ауыл шаруашылығының қарқынды дамуына тың серпін беретін жобалар мен нақты шараларды қолға алуы керек. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің жартысынан астамын мал шаруашылығы құрап отыр. Мал шаруашылығы еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің жетекші саласы болып саналады. Саланы қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың арқасында 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының нәтижесі бойынша мал шаруашылығында жалпы өнім көрсетіштері өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,5 пайызға өсті», - деді Премьер-Министр.

Сонымен қатар, А. Мамин ерекше көңіл бөлуді қажет ететін мәселелер бар екенін атап өтті.

«Биыл 15 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы агроөнеркәсіптік кешенге стратегиялық инвесторларды тарту туралы міндет қойды. Қазіргі таңда мал шаруашылығы өнімдерін өндеу көлемі төмен деңгейде қалып отыр, бұл көрсеткіш 35 пайыздан аспайды. Ал Ресейде - 40 пайыз, Беларусьте-50 пайыз, дамыған Еуропалық одақ елдерінде 80 пайыздан астам. Отандық өңдеуші кәсіпорындардың толық жұмыс қуатына шықпауына, жабдықтардың тозуына, шикізаттың жетіспеуіне байланысты бұл кәсіпорындар қосымша өсімді қаматамасыз ете алмай отыр», - деді А.Мамин.

Ол атап өткендей, ет өңдеу деңгейі бойынша биылғы жарты жылда Ақмола облысында, Шымкент қаласында өсім бар. Алайда Алматы облысында өсім қарқыны төмен.

«Қазіргі кезде жалпы құны 200 млн доллардан астам 7 инвестициялық жоба бар. Олар бойынша мал шаруашылығы өнімдерін өңдеуге инвестиция салуға дайын стратегиялық инвесторлардың жұмысы пысықталып жатыр. Біздің ортақ міндетіміз – ол салаға келетін инвестицияларды жыл сайын кемінде 30 пайызға арттыру», - деді Асқар Мамин.

Сонымен қатар, Премьер-Министр халал өнімдерінің экспортын дамыту қажеттігіне тоқтады.

«Әлемдік үрдістерді ескере отырып, халал өнімдері экспортын дамыту қажет. Отандық халал өнімдерінің мұсылман нарығында жоғары бәсекеге қабілеттілігі осы өнімдердің халықаралық талаптарға сәйкестігін бақылау жүйесін дамытуды қажет етеді. Ауыл шаруашылығы министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, биылғы 15 тамызға дейін халал өнімдерін дамыту жөнінде жол картасын Үкіметке енгізуді қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді А. Мамин.

Сондай-ақ, отырыста «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды.

Аягөз Құрмаш 

Материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды