• Басты
  • Трансшекаралық өзендер, лаңкестікпен күрес, LRT құрылысы - Қытай елшісі не дейді
30 Шілде, 2019 10:52

Трансшекаралық өзендер, лаңкестікпен күрес, LRT құрылысы - Қытай елшісі не дейді

Қытай елшісі журналистерді қабылдау барысында ҚХР-дағы саяси жағдай, Қазақстанмен қарым-қатынасты дамыту сынды маңызды мәселелер туралы сөз қозғады. Қазақстан мен Қытай қандай салада ынтымақтастықты белсенді жүзеге асырып жатқаны туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Трансшекаралық өзендер, лаңкестікпен  күрес, LRT құрылысы  - Қытай елшісі не дейді

Алдымен  ҚХР  елшісі Чжан Сяо Қытайдағы оның ішінде Сянгяндағы   жағдайды  әлемдік  БАҚ-тың таратуына байланысты өз көзқарасын білдірді.

«Шынымды айтсам, бейбіт митингшілер деген сұрақпен келіспеймін. Жергілікті полиция Сянган (Гонконг) қаласындағы заңнамалық кеңес ғимаратына, терезе сындырғандар мен ғимараттарды қиратқандарға және мемлекеттік символды – ҚХР-дың гербін қорлағандарға қарсы таяқ алып, көзді ашытатын газ шашып жатыр. Бұл кадрларды сіздер әлі көрген жоқ шығарсыздар. Сіздер бейбіт митингке шыққандар деп атап отырғандар – арнайы дайындалған тұлғалар. Оларға жергілікті полицияны өшіктіру, ұрыс шығару, бейнебақылау камералары алдында бетін жасыру дегендер алдын ала үйретілген. Бірдей киім мен маска киген. Бұларды да сіздер көрген жоқсыздар. Тағы оларға митинг кезінде таяқ, пышақ және басқа құралдарды қалай әкелгенін де көрсеткен жоқ. Сол құралдар арқылы митингке шығушылар әкімшілік ғимаратына кіруге тырысты. «Бейбіт митингке шыққандар» деп атаушыларды сырт жақтан шетелдіктер араңдатып отыр. Сол шетелдіктерді Сянгандағылар онша жақсы біле бермейді. Полицейлер арасында зардап шеккендер мен жарақат алғандар бар екенін жазбады. Сянганның қарапайым тұрғындарының қалай зардап шеккенін де көрсетпей отыр. Сянгандағы жағдайды осылай баяндап, батыстық БАҚ-тың өтірігі әшкере болды», - деді Чжан Сяо.

Сонымен қатар, Чжан Сяо мырза  трансшекаралық өзендердің жағдайы туралы айтты.

«Трансшекаралық өзендер саласында ынтымақтастық сәтті жүргізілуде. Осы орайда үкіметтік комиссиялар жұмыс істеп жатыр. Консультациялар мен келіссөздер үнемі жүргізіліп тұрады. Осы  мәселе бойынша  екі ел арасындағы  ынтымақтастық айтарлықтай тиімді жүзеге асырылуда», - деді Ч.Сяо.

Сондай-ақ, Қытай елшісі Нұр-Сұлтанда әзірге құрылысы тоқтап тұрған  LRT жайында айтып берді.

«Бұл нарықтық жоба. Екі елдің кәсіпорындары нарықтық қарым-қатынас пен ұстаным бойынша ынтымақтастық жүргізді. Үкімет бұл мәселеге араласпады және араласпайды», - деді елші мырза.

Сонымен қатар, елші Қазақстан мен Қытай әскерилері арасында тәжірибе алмасу белсенді жүзеге асырылып жатқанын айтты.

«Әскери адамдардың тәжірибе алмасуға әркез мүмкіндіктері бар. Қазір олар әскери кадр, офицерлерді әзірлеу бойынша тәжірибе алмасып жатыр. Лаңкестік барлық елдің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін құбылыс болған соң біздің әскерден халықаралық терроризммен күрес бойынша тәжірибе алуға болады. Бұл Қазақстан және өзге елдер үшін де маңызды деп ойлаймын», - деді Ч.Сяо.

Сонымен қатар, Чжян Сяо мырза Қазақстан Президенті Қасым –Жомарт Тоқаевтың стратегиялық жоспарларын қолдайтынын жеткізді.

«Мен бірнеше рет Президенттің қабылдауында болдым. Оның стратегиялары мен жоспарларына оң көзқарастамыз», - деді Ч.Сяо.

Өз кезегінде Қытайдың Қазақстандағы  әскери атташесі Хуан Тяньчан қазіргі таңда  лаңкестік, экстремизм мен сепаратизм   сынды «үш зұлым күшке» халықаралық қауымдастықтың негізгі жауы екенін атап өтті.

«Осы үш құбылыс Қытай және Орталық Азияның  қауіпсіздігі мен тұрақтылығына үлкен  қауіп төндіріп отыр. Біз соңғы жылдары  ҚХР мен ҚР  арасындағы әскери  және достастық сенімі артып келе жатқанын көріп отырмыз. Биыл ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы Қытайға баруды жоспарлап отыр. Қытай және  қазақстандық әскери күштері әскери білім алу, әскери кадрларды әзірлеу, бірлескен әскери жаттығу мен әскери спорт саласында ынтымақтастық орнатты. Мен екі елдің Мемлекет басшыларының ерекше назары мен  қамқорлығы бұдан биік жетістіктерге жетуге серпін болатынына сенімдімін», - деді ол.

 

Аягөз Құрмаш 

Материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды