- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы «Nur Otan» партиясының қайта жандандыру бағдарламасын әзірлеуді тапсырды
Елбасы «Nur Otan» партиясының қайта жандандыру бағдарламасын әзірлеуді тапсырды

Кездесуде күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ алдағы кезеңнің жұмыс жоспары талқыланды.
Елдегі қоғамдық-саяси ахуал және азаматтық қоғам институттарын дамыту мәселесі де әңгімеге арқау болды.
Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президентіне партияны жаңғырту жоспарын жүзеге асыру барысы, сондай-ақ «Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуы туралы баяндалды.
««Nur Otan» – еліміздегі басты саяси күш. Партия халыққа жақын болып, оның мұң-мұқтажын білуге және оған қолдау білдіруге тиіс. Қоғамда туындайтын мәселелерді шешуге көмектесу керек. Сондай-ақ, партиямыздың кадрлық құрамын мұқият зерттеу қажет. «Nur Otan» өз жұмысын одан әрі жетілдіруді жалғастыра беруге тиі»с, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы «Nur Otan» партиясының өңірлердегі филиалдары мен бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандырудың маңыздылығын атап өтті.
« Бастауыш партия ұйымдарының жетекшілерімен, Саяси кеңес мүшелерімен, партияның өңірлердегі филиалдарының басшыларымен кездесу жоспарланған. Ұйымның барлық буынының ойдағыдай жұмыс істеуін қамтамасыз етудің маңызы зор. Сондай-ақ, партияның Мәжілістегі және мәслихаттардағы фракциялары тарапынан Үкімет пен әкімдердің жұмысын бақылауды барынша күшейту қажет», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев партиялық бақылау комиссияларының және орталық пен жергілікті жерлердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңестерінің жұмысын жақсарту мәселесіне тоқталды. Халықпен «кері байланыс» орнату құралдарының тиімділігін арттыру, соның ішінде партияның қоғамдық қабылдау орындарының қызметін жақсарту мәселелеріне де назар аударылды.
Кездесу соңында Елбасы Партияны қайта жандандыру бағдарламасын әзірлеуді және оны «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі бюросының қарауына шығаруды тапсырды.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады
-
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді
-
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы
-
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр
-
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары
-
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады
-
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет
-
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі
-
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын”

