• Басты
  • Еңбек нарығының тиімді бағдарламасы қалай жұмыс істейді
29 Шілде, 2019 17:08

Еңбек нарығының тиімді бағдарламасы қалай жұмыс істейді

Қазақстанда жұмыссыздықты азайту, жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қолға алынған болатын. Қазіргі таңда бағдарлама бойынша түрлі бағыттар жүзеге асып жатыр. Соның бірі – электронды еңбек биржасы. Бұл бағдарлама Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен қабылданған Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес негізделген.
Еңбек нарығының тиімді бағдарламасы қалай жұмыс істейді

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев сөзінше 2019 жылдың алғашқы жартысында 243 мың адам электронды еңбек биржасы арқылы жұмысқа тұрыпты.

Айта кетейік, электронды еңбек биржасы 2018 жылдың қаңтарында іске қосылған болатын. Аталмыш сайтта жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер, мемлекеттік жұмыспен қамту органдары және тағы басқа еңбек нарығының салалары бойынша интернет-алаңдары бар.

«Дәл қазіргі есеп бойынша еңбек биржасында 143 мыңнан астам жұмыс беруші, 202 жұмыспен қамту орталығы, 54 жеке агенттік сонымен қатар 7 онлайн платформа тіркеліп, жұмыс істеп жатыр. Онда 57 мың бос жұмыс орны бар.  Электронды биржа арқылы 6 айда 243 мың адам жұмысқа тұрған. Осындай тиімділігін көрсеткен соң әрі қарай жетілдіріп, осы бағазаға жұмыс берушілерді көптеп тартатын боламыз», - деп атап өтті ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі.

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілі елімізде қандай мамандықтар жоғары сұранысқа ие екендігін де айтып берді.

«Еліміздегі сұранысқа ие 100 мамандық арасында IT және цифрландыру саласының мамандықтары бар. Негізінен 3D-модельдеу инженерлері және дизайнерлері, IT-мамандар, архитекторлар сонымен бірге туризм саласының мамандары жоғары сұранысқа ие», - деді ол. 

 Алайда, оның айтуынша сұранысқа ие мамандықтарды даярлауда бірқатар мәселелер бар. 
 

«Біздің елде нақты ғылымдар бойынша педагогтар аз. Өндіріс салаларына келер болсақ слесарь, электр дәнекерлеуші, газ дәнекерлеуші секілді мамандар жеткіліксіз. Аталмыш мамандар бізде тапшы, оны дайындауымыз өте қажет. Енді мақсатта біз «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасымен бірігіп өндіріс орындарына қажетті мамандықтарды анықтау мақсатында талдау жүргізетін боламыз», - вице-министр. 

Сондай-ақ министр, атаулы әлеуметтік көмек алған 48 мың отбасы АЭК-тен бас тартқанын да айтты.

«Атаулы әлеуметтік көмек бойынша қазір барлық өңірлерде арнайы комиссиялар құрылған болатын. Қазір олар осыған дейін төленген төлемдердің заңдылығын тексеруде. Анықтауымызша, құқық бұзушылықтар да кездесті. Осыған байланысты кейбір орталық қызметкерлері де өткен аптада жауапкершілікке тартылған еді», - деді министрдің бірінші орынбасары. 

Атаулы әлеуметтік көмек бойынша шартты және шартсыз төлем түсінгі бар. Алғашқысы бойынша төлем 12 айға дейін жасалынып, отбасында жұмысқа қабілетті азамат міндетті түрде жұмысқа тартылып, мемлекет үсынған бағдарламаларға қатысуы міндетті. Жұмыссыз азаматқа әлеуметтік шартқа қол қойғаннан кейін үш айға алдын ала ұсыныс берілетін болады. Қорытындысында кедейшілік шегінен шығу үшін төлемнің қайда кеткені сұралады. Шартсыз берілетін көмекке сұрау салмайды. Ал, шартты келісімшарт жасаған отбасыға қаражат үш айға алдын ала беріледі. Осы уақытта оған кедейлік шегінен шығу үшін кәсібін жасауы қажеттілігі туындайды.

Айдана Абдрахманова

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды