• Басты
  • Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы қандай нәтиже берді
29 Шілде, 2019 16:20

Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы қандай нәтиже берді

Еліміздегі «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 2019 жылғы 1 шілдедегі нәтижесі бойынша 22 мың қазақстандық оқытуға жіберіліп, оның 3000 оқуын бітіріп, жұмысқа орналасқан. Осы жылдың 1 қырүйегінен бастап техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтарын 23 мың жас азамат тегін оқитын болады. Аталмыш бағдарлама Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен еліміздің 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес негізделгенін естеріңізге сала кетейік. Қазақстандықтарды жұмыспен қамту мен жаппай кәіпкерлікті дамытудың өзге де жаңалықтары туралы төмендегі материалда.
Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы қандай нәтиже берді

2019 жылдың бірінші жартысында 186 мың жұмыс орны ашылды

Шілденің бірінші жартысында Қ.Тоқаев өткізген үкіметтің кеңейтілген отырсында әкімдер мен үкімет мүшелеріне сапалы жұмыс орндарын ашу, халықты жұмыспен қамту әрі сол негізде тұрғындардың табысы мен күнкөріс деңгейін көтеруді тапсырған болатын

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту мәселелері бойынша шаралардың атқарылуы туралы мәлімет айтқан ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев ауылдарда 77 мың жұмыс орны құрылғанын  жеткізді.

«Бағдарлама жоспары бойынша еңбек нарығындағы мәселені шешу үшін жыл сайын 370 мың жаңа жұмыс орны ашылуы керек. Осы мақсатта 2019 жылдың бірінші жартысында 186 мың жұмыс орны ашылған болатын. Бұл көрсеткішті өткен жылғы дәл осындай кезеңмен салыстырсақ, бұл жерде 7 пайыз өсім бар екенін көрсетіп тұр. Ең көп жұмыс орны сада саласында 24 мың жұмыс орын ашылған, одан кейін құрлыс саласы тұр. Онда 18 мың жұмыс орны ашылған. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласында осы жылы 17 мың жұмыс орындары ашылды. Ал, жұмыс орындарының көп бөлігі Алматы қаласы, Маңғыстау және Алматы облысында ашылған. Жалпы алғанда ауылдарда құрылан жұмыс орындарының саны 77 мың. Бұл жалпы ашылған жұмыстардың қырық пайызын құрайды», - деді Е.Жылқыбаев.

Халықты жаппай кәсіпкерлікке тарту және жұмыспен қамту бойынша ең тиімді бағдарламалардың бірі – «Еңбек» бағдарламасы. Осы аталмыш бағдарлама қабылданған сәттен бастап осы уақытқа дейін бюджеттен 190 миллиард теңге бөлініп, 1 миллион 200 мың адам жұмыспен қамтылды.

Вице-министрдің айтуынша, биылғы жылы бағдарламаға 120 миллиард теңге бөлу қарастырылып жатқан көрінеді. Ол бойынша 700 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылу керек. Осы жарты жыл көлемінде 281 мың адам Еңбек бағдарламасының жемісін көрген. Оның ішінде 52 пайызы, яғни 198 мыңы жұмыссыздар екен. Әрі олар бүгінде жұмыспен қамтылған.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту стипендиясы жоғарылайды

Вице-министр қысқа мерзімді оқуға қатысатындардың стипендиясы 1 қыркүйектен бастап 30% көбейетінін айтты.
 

«Бағдарлама негізінен 4 бағыт бойынша жұмыс істейді. Алғашқы бағыты –қысқа мерзімді кәсіптік мамандықтарға оқыту. Осы уақытқа дейін, яғни осы жылдың 1 шілдесінің қорытындысы бойынша 22 мың азаматты оқытуға жібердік.  бүгінде оның 3000 оқуын аяқтап, жұмысқа орналасты. 1 қырүйектен бастап тегін техникалық және кәсіптік білім беруге 23 мың жас азамат жіберіледі. Қысқа мерзімді оқуға қатысатындардың стипендиясы 1 қыркүйектен бастап 30% көбейеді, яғни ол 21800 теңгені құрайтын болады», - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары. 

Вице-министр оқудың тиімділігін арттыру мақсатында білім беру ұйымына қойылатын талаптар күшейтілгенін де жеткізді. 

«Биылдан бастап, яғни 2019 жылдың басында  «Атамекен» ҰК палатасымен реестр құрғанбыз. Ол реестрге кіру үшін мынадай талаптарды белгіледік. Бірішіден бітірушілердің кемінде 60% жоғары жұмысқа орналасуы қажет, содан кейін қысқамерзімді оқыту тәжірибесі 1 жылдан кем болмауы, сабақ беретін мамандардың өндірісте практикалық тәжірибесі 1 жылдан кем болмауы тиіс әрі оқыту техникалық материалдық базасы қазіргі заманға сай болуы міндетті. Аталмыш реестрге қазіргі уақытта  615 мың білім беру ұйымы кіріп отыр», - деді Жылқыбаев.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша шағын несиелер

Ал, екінші бағыт кәсіпкерлікті дамытуға келер болсақ, бағдарлама аясында 84 миллиард теңге қаражат қарастырылды. Осы жылдың соңына қарай осы бағыт бойынша 19 мың азаматты жұмыспен қамтуымыз керек.

«Бүгінде облыстар бойынша 4 мыңнан астам шағын несие берілді. Оның 3 мыңнан астамы ауылдарда игерілсе, 800-і қалалықтарға берілген. Стартап жобаларына 2 мыңдай микрокредит алынған, жеке істерін кеңейту үшін 1 400-дей микрокредит мақұлданған. Әйелдер микрокредит алу бойынша белсенділік танытып келеді. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 33 пайыға артып отыр. Жастар арасында стартап жобаларын жүзеге асыру да артып келеді. Олардың алған несиелері 2019 жылдың бірінші жартысындағы көрсеткіш бойынша 1000-ға жуық несие алған», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

Сондай-ақ, осы жарты жылдықта шағын несие алушылардың арқасында 5 000 жаңа жұмыс орны құрылған.

Кәсіпкерлік негізге үйрететін «Бастау» бизнес бағыты бойынша жыл басынан бері 15 мың азаматтың 12 мыңы қазіргі таңда жобаларын қорғап шыққан. Осы жылдың соңына дейін бұл бойынша білім алушылардың санын екі есее арттыруды көздеп отырмыз. Осы негізде 40 мың азамат білім алу керек. Оның тең жартысы жастар. Оған қосымша 3 миллиард 200 миллион теңге бөлінеді.

Президент тапсырмасы бойынша министрлік кәсіпкерлік негізді оқытуға халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарына, көпбалалы отбасыларға арнайы грант бөледі. Биылғы қорытынды бойынша 3 мың грант игерілген.

Ал, үшінші бағыт әлеуметтік жұмыс орындарын ашу, жастар практикасы бойынша бүгінде 88 мың адам қамтылды. Осы бағытта еңбек күші тығыз орналасқан аймақ – Оңтүстік Қазақстан облысынан  Солтүстік Қазақстан облысына қарай еңбек күші көшірілуде. Осы 2019 жылы 2 мыңнан астам отбасы, яғни 10 мыңнан астам отбасы оңтүстіктен солтүстік өңірге көшу керек. Осы уақытқа дейін 1500 отбасы солтүстікке көшіп үлгерді.

Елордадан Екібастұзға көшкен әрбір отбасы мүшесіне – 88 мың теңге

«Еңбек» бағдарламасы аясында қолға алынған «Нұрлы ертіс» жобасы туралы да мәлімет белгілі болды.

«Осы жылдың басында Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодар облысының Екібастұз қаласына 103 көп балалы отбасы көшірілді. Бұл шамамен 600 адам. Олардың барлығы бүгінгі таңда үймен қамтылды. Олардың еңбекке қабілеттілерінің 80 пайызы жұмысқа орналастырылды. Ал, балалар болса балабақшамен, мектеппен қамтамасыз етілді. Қазір бағдарлама өзінің тиімділігін көрсетуде. Жыл соңына қарай Елордамыздан 200 отбасы Екібастұзға көшіру жоспарлануда», - деді ол.

Бірінші вице-министр көшіп барған әрбір отбасы мүшесіне 88 мың теңге көлемінде біржолғы төлем берілетінін, екіншіден баспана жалдауға, коммуналдық төлемақы төлеу үшін 12 ай бойы ай сайын әр отбасына 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 77 мың теңге төленетінін айтты. Сондай-ақ, вице министр  бағдарламаға қолдау көрсетіп,  белсенділік танытатын жұмы берушілерге субсидия берілетін де жеткізді.

«Көшіп келушілердің кем дегенде бесеуін жұмысқа алған жұмыс берушілерге әр адам үшін миллион теңгеден астам субсидия қарастырылған», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

Елбасы қабылдаған Жастар жылы аясында Еңбек бағытының төртінші бағыты қамтылды.

««Жас кәсіпкер», «жас маман» бағыттары бойынша қолға алынатын «Жастар – ел тірегі» кешенді шарасы негізінде индустриалды-сервисті мамандықтардан 100 маман дайындау жоспарлануда. Ол үшін 180 колледж бен 20 жоғары оқу орны іріктеліп алынды. Бұл тұрғыда 200 мың жас мамандар 3 жыл ішінде қамтылатын болады», - деді вице-министр.

Сонымен қатар Жастар тәжірибесі бойынша 10 мыңнан астам жас қамтылады. Бастау бизнес бағыты бойынша әр жыл сайын 20 мың жас 4 жыл ішінде білім алып, өз жобаларын жүзеге асыратын болады. Әр жыл сайын стартап бизнес жобаларын жүзеге асырғысы келген жастарға  500 мың теңге көлемінде қайтарымсыз қаражат беріледі.

Айдана Абдрахманова

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды