- Басты
- Жаңалықтар
- Цифрландыру: Тау-кен кәсіпорындарын автоматтандыру қалай жүзеге асырылуда
Цифрландыру: Тау-кен кәсіпорындарын автоматтандыру қалай жүзеге асырылуда
ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Баитов айтып өткендей, бүгінгі таңда Қазақстандағы тау-кен металлургия кешені, бұл ауқымды көліктік-логистикалық, сервистік және қайта өңдеу инфрақұрылымы бар экономиканың жүйе құраушы саласы.
«Тау-кен металлургия кешені жалпы ішкі өнімнің шамамен 6.7% - ын құрайды, өнеркәсіптік өндірістің 25% - ын және экспорттың 24% - ын қалыптастырады. Салада 800-ден астам кәсіпорын және 185 мың жұмыс орнынмен ұсынылған», - деді Қ.Баитов.
Сондай-ақ, ол атап өткендей, металлургия 2015-2019 жылдар аралығында 4-ші өнеркәсіптік революция стандарттарына жауап беретін жаңа жабдықтары бар қазіргі заманғы тау-кен металлургия кәсіпорындары пайдалануға берілді.
«Олар: Казминералс Ақтоғай және Бозшакөл, Бақыршық КБК, Sary-Arka cooper processing және басқа кәсіпорындар. Бірінші кезеңде жылына 180 мың тонна қуаттылығымен YDD ферроқорытпа шығаратын жаңа заманауи автоматтандырылған зауыт іске қосылды. 3 айналмалы ваннасы бар рудотермиялық пештер Индустрия 4.0 элементтерімен жабдықталған әлемдік ферросилицияның жаңа жетістіктерімен қолданылатын ең үздік әлемдік стандарттарға сәйкес келеді», - деді ол.
Сонымен қатар, Қ.Баитов 2025 жылға дейін кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын цифрландыру аясында 192 жобаны жүзеге асыру жоспарланғанын айтты.
«2018 жылдан 2025 жылға дейін кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын цифрландыру аясында 1,7 трлн теңге сомасына 192 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оларды іске асырудан болатын экономикалық тиімділік 2025 жылға дейін 2.2 трлн теңге деңгейінде күтілуде. Қазіргі уақытта 2025 жылға дейін 1,75 трлн теңге тиімділігімен 79 жобаны аяқтады.Ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында 70,3 млрд теңге сомасына 53 жобаны аяқтау жоспарлануда», - деді ол.
Өз кезегінде «Қазмырыш» ЖШС Бас директорының сандық трансформация бойынша кеңесшісі Максим Гайфулин цифрландыру экономиканы дамытудың басты қозғаушы күшіне айналғанын атап өтті.
««Қазмырыш» компаниясы жұмыс істеп келе жатқан 22 жыл бойы біз өнеркәсіптік үрдістерді автоматтандырумен айналысып келеміз. Бүгінде тек қосымша өндіріс үрдістері ғана автоматтандырылмады. Кейбір үрдістер сандыққа көшірілмеді. Алайда оларды да цифрландыру көзделген. Себебі, біз үшін нақты мақсат цифрландыру емес, қазіргі заманғы сынақтарға жауап беру. Тек қана бәсекеге қабілетті артықшылықтарды сақтау ғана емес, кәсіпорынның тиімділігін арттыру арқылы олардың артықшылықтарын күшейту», - деді М.Гайфулин.
Сондай-ақ, «Қазмырыш» компаниясында Жол картасы әзірленген. Оған 4.0 өнеркәсіптік революцияның элементтері кіретін цифрландырудың 7 жобасы енген.
«Әрбір жобаның өз тиімділігі бар. Жалпы, біз жоспарлау сапасын арттыру, еңбек қауіпсіздігі сапасын арттыру, қойма қорларын арттыру, қалдықдарды азайту және шешім қабылдау есебінен өндірістік жұмыстардың жылдамдығын арттыруды жоспарлап отырмыз. Аталған жобалардан алынған әсер 2025 жылға қарай 202 млрд теңгені құрайды. Ол қажетті инвестициялар көлемін екі есеге арттырады. Бүгінгі таңда аталған 7 жобаның 3-уі сәтті аяқталды», - деді ол.
Өз кезегінде «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ техникалық директоры Серік Әбішев кәсіпорынның 2019-2022 жылдардағы басты мақсаты цифрландыру екенін атап өтті.
«Бүгінгі таңда аталмыш мақсатты жүзеге асыру үшін ӨТМК арнайы жоспар әзірлеген. Қағаз айналымы толық цифрландырылған, сатып алу, онлайн техникалық үрдістер автоматтандырылған. Өндірістік үрдістің барлығын кезеңдеп жүзеге асыратын процесс реттелген», - деді С.Әбішев.
Аягөз Құрмаш
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі