• Басты
  • Дипломмен ауылға: 10 жылдағы көрсеткіш
29 Шілде, 2019 10:59

Дипломмен ауылға: 10 жылдағы көрсеткіш

ҚР Тұңғыш Президентінің тапсырмасы бойынша 2009 жылдың 1 шілдесінде Қазақстанда «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылды. Мемлекеттік бағдарламаның 10 жылдағы нәтижелері мен жетістіктері туралы ҚР ҰЭМ вице-министрі Ермек Алпысов Strategy2050.kz сараптамалық порталына айтып берді.
Дипломмен ауылға:  10 жылдағы көрсеткіш

Вице-министрдің айтуынша, мемлекеттік бағдарламаға қатысу  мүмкіндігіне  ЖОО-ны  әлеуметтік қамсыздандыру,  денсаулық  сақтау,  ветеренария, мәдениет, спорт  және агроөнеркәсіптік кешен    мамандықтары бойынша  тәмамдаған студенттер қатыса алады.

« «Дипломмен ауылға»  жобасын жүзеге асыру аясында мемлекет оқуын енді бітірген түлектерге  қажетті әлеуметтік төлемі бар жұмыс ұсынады.  Ол  252 500 теңге немесе  10 АЕК-ні құрайды. Сонымен қатар, баспана үшін  1500 АЕК немесе  3 787 500 теңге  бюджеттік несиені рәсімдеу мүмкіндігі беріледі», - деді ол.

Сонымен қатар, вице-министр жобаға қатысушылардың  дипломы болса ғана жеткілікті екенін айтты.

«Әлеуметтік  қолдау шаралары  мамандардың жазған өтінішіне қарай кезекпен жүзеге асырылады. Жоба  мамандарға  әлеуметтік көмек көрсетуді олардың жасына, білім деңгейі мен мамандық бойынша еңбек өтіліміне қарай бөліп жүзеге асырмайды. Алайда маман тапшылығы бар өңірлер  бойынша жақын арадағы  3 жылға болжам ескеріледі», - деді ол.

Ермек Алпысовтың айтуынша, жоба басталғалы бағдарламаға  60 мың адам қатысқан.

«Егер бұл мәселені мамандықтар тарапынан қарастыратын болсақ, білім беру саласы үлкен сұранысқа ие, оған  47 745 (71,2%) адам тартылды. Екінші орында денсаулық сақтау саласы тұр. Бұл саланы  12 705 адам таңдаған. Одан әрі АӨК 1665 адам және мәдениет  1604 маман. Соңғы орында  спорт саласы 863 және әлеуметтік қамсыздандыру  483 адамды құрап отыр», - деді ол.  

Сондай-ақ, вице-министр бүгінгі таңда жобаға қатысушылардың  74 пайызы әйелдер екенін атап өтті.

«Оның ішінде, жобаға қатысушылардың  70 пайызы жас маман болып табылады. Жоба қатысушысына қойылатын басты талап  әлеуметтік  қолдау  ақысы алынған соң  3 жыл ауылдық жерде орналасқан   денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, агроөндірістік кешенде еңбек ету керек», - деді Е.Алпысов.

Сонымен қатар, вице-министр 2009 жылдан бастап 60 мыңнан астам маман  7,4  млрд теңге   көлеміндегі  алғашқы әлеуметтік қолдауға ие болғанын айтты.

«27,5 мың маман 70,6 млрд теңге көлемінде  баспана алу үшін бюджеттік несие алған.  2019 жылдың  1 шілдесіндегі жағдай бойынша 2527 маманға 9,1 млрд теңге бюджеттік несие берілді. Ал, 5172 маманға 911,4 млн теңгені құрайтын көтерме төлемақы берілді», - деді ол.

Сонымен қатар, жоба бойынша ауылға келген мамандардың  95 пайызы сол жерде өз жұмыстарын атқаруда.

«Қатысушылар өз міндеттерін отбасылық жағдайы өзгерген кезде, жұмыс орнынан шығу немесе өзге жергілікті жерге көшу жағдайында орындамады», - деді ол.

Сондай-ақ, Ермек Алпысов «Дипломмен ауылға» жобасының әкімшісі Ұлттық экономика министрлігі болып табылатынын айтты.

«Жергілікті атқарушы органдар жобаның жүзеге асырылуына жауап береді. Бақылауды   бағдарламаның әкімшісі жүргізеді.  Оның құзырына бюджеттік бағдарламаларды бағалау, үшжақты несиелік келісім шарт орнату, бюджеттік өтінімдерді реттеу, жобаның жалпы үйлестіруін жергілікті атқарушы органдармен бірігіп жасау кіреді. Сондай-ақ, «Дипломмен ауылға»  жобасы бойынша түсіндіру жұмыстарын да жүзеге асырады», - деді Е.Алпысов.

Сондай-ақ, вице-министр  Жоба қатысушылары үшін қиындық туғызатыны бюджеттен аз қаражаттың бөлінуі екенін айтты.

«Қазіргі таңда бюджеттен бөлінетін қаржы өңірлердегі кадр тапшылығының  70-75 пайызын қамтиды. Осы орайда, ондай қатысушылар үшін әлеуметтік қолдауға ие болу тізімі қалыптастырылады», - деді ол.

Сонымен қатар, жобаны жүзеге асыру ауылдық жерлерге мамандар ағынын күшейтті.

«Жобаға дейін ауылдарға  3 300 маман келетін,  Жоба жүзеге асырылғалы 6000 маман жыл сайын ауылға жол тартады. Бұл жоба жас мамандардың баспана мәселесін шешетіні қуантады. Ал, көшіп келу қажеттілігін  көтерме төлемақысы арқылы жабуға болады», - деді ол.

Сонымен қатар, Е.Алпысов айтып өткендей, Жобаның тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«2009 жылдан бастап баспана алуға бюджеттік несиенің көлемі  630 АЕК-ден  1500 АЕК-ге артты. Қатысушылар тізімі кеңейді. Қатысушылардың мерзімді өтеу уақыты  5 жылдан  3 жылға төмендеді. Сондай-ақ, биыл мамандарға берілетін төлемақы 70 АЕК-ден  100 АЕК-ге артты», - деді ол.

Аягөз Құрмаш 

Материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды