• Басты
  • Келер жылы медицина саласын қандай өзгеріс күтіп тұр
26 Шілде, 2019 16:21

Келер жылы медицина саласын қандай өзгеріс күтіп тұр

Келесі, яғни 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен қазақстандық балаларға жазып беретін рецептуралық дәрілер тегін болады. Әрі қарай елдің әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарына арналған жобалар, тегін дәрілермен қамтамасыз ету спектрлері кеңейе береді. Олар мемлекет есебінен сақтандырылған.
Келер жылы медицина саласын қандай өзгеріс күтіп тұр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі сақтандырудың жаңа моделін енгізген болатын. Осы жылдың басында арнайы заңға қол қойылды.

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру аясында дәрігерлер жазып берген емді тегін қабылдау – әлемдік тәжірибе. Онда медициналық қызметтің барлық түрлері қамтылған. Біз бұған көп жыл дайындалдық. Жыл сайын қаржыландыруды молайттық. Енді осы сақтандыру есебінен бізге қажетті қызметтерді қаржыландыруды түгелдей жаба аламыз», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Ал, сақтандырылмаған азаматтар – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі арқылы бұрынғыдай ем ала береді.

«Тәуелсіздік алған жылдардан бастап бізде қабылданған тұрғындарды тегін медициналық қызметпен қамтамасыз ететін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі сақталады. Қазақстанның барлық азаматтары, оралмандар, Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер сақтандыруға қарамастан медициналық көмекті тегін алуды жалғастыра береді. Дегенмен оның пакеті шектеулі. Мысалы, жедел көмек, поликлиникада қызмет көрсету сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар онкология, туберкулез, психиатрия сынды аурулар тегін емделеді», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі.

Онымен қоса 2020 жылдың 1 қаңтардан бастап сақтандырылған азаматтарға арналған  медициналық сақтандыру қызметінің пакеті енгізіледі. Бұл пакет кең көлемді медициналық қызметті қамтыған, соның ішінде бізде тапшы болып келген салалық мамандар, кеңес беру-диагностика қызметі де бар. Оны қаржыландыру осы міндетті сақтандыру арқасында 5 есеге өсетін болады. Ал, тегін дәрілердің көлемі екі есе өсетін болады.

«Бұл процесс қазір бізге керекті қажеттіліктерімізді толық жабады. Медициналық сақтандыру халықтың базалық көмек алғандағы қалта қаражатының шығындарын азайта алады. Халық дәрілер мен медициналық қызметтерге бұрынғыдай көп шығындалмайтын болады. Келер жылдан бастап тегін медициналық қызметтер көлемі 60 пайызға көбейеді. Бұл өзгеріс медицина қызметкерлерінің статусында әсер ететін болады. Бірте-бірте олардың жалақысы өседі», - деді министр.

Осы жылдан бастап медициналық жоғары оқу орнына түсетін талапкерлер психологиялық тест тапсыратын болады. Тес арқылы талапкердің дәрігерлік қызметке лайықтылығы анықталады.

Сонымен қатар, медицина мамандығын бітірушілер білімін тексеретін тәуелсіз бағалау жүйесі енгізілген. Егер болашақ диплом алушылар бағалау жүйесінен сүрінcе, емтиханды қайта тапсыруға бір жыл уақыт беріледі.

Денсаулық сақтау министрі басы артық теориялық пәндердің санын азайтып, оқу мерзімін 1 жылға қысқартқанын хабарлады. Осы уақытқа дейін 5 жыл бакалавр, 2 жыл интернатура негіздерін үйренсе, енді олар интернатураны 1 жыл оқитын болады. Министр бұл өзгерістің  көмегімен дәрігерлерді жылдам дайындайтынын, әрі бұл тәсіл халықаралық стандарттарға да, Болон процесінің оқыту жүйесіне де толығымен сәйкес келетінін жеткізді.

Сондай-ақ биылғы түлектердің тең жартысы ауылдық жерлерге жіберілген.

«Осы уақытқа дейін медицина саласына бөлінетін оқу гранттарының саны шынайы қажеттілікке сәйкес болмай келгені анықталды. Енді біз оны өңірлердің қажеттілігіне сай ретке кеелтірдік. 2019 жылдың қорытындысы бойынша түлектердің 48 пайызы ауылдарға жіберілді.  Өткен жылы 700 түлек ауылға барған. Ал, биыл 2000 түлек ауылда жұмыс істеуд бастап кетті. Түлектеріміз үшін жергілікті әкімдіктер баспана мен әлеуметтік қамту жұмыстарын қолға алды», - деді Елжан Біртанов.

Маман тапшылығын жою министрлік бұдан былай резидентурға мемлекеттік грант бөлу тәсілін өзгертеді. Ол бойынша қалалар мен ауылдардағы медициналық кадрларға деген сұранысқа қарай 18 мамандық іріктеп алынған. Енді  2019-2020 оқу жылында резидентураға осы мамандықтар бойынша мемлекеттік грант бөлу жоспарлануда.

«Биылдан бастап резидентура мамандықтарының тізімі денсаулық сақтау жүйесінің және тұрғындардың қажеттілігіне қарай жасалады. Мысалы, резидентурада Отбасылық медицина» деген жаңа мамандық ашылған. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) бағдарламасы енгізілгеннен кейін, кәсіпаралық команданың орнын отбасылық дәрігер алмастыратын болады. Осылай бұл жағдай мамандардың міндеті мен жалақысына да әсер етеді. Отбасылық дәрігер маманы жас пен кәріге, ауру түрлеріне қарамастан жедел, сапалы медициналық көмек көрсетеді», - делінген министрлік мәліметінде.

Министрлік – болашақта резидент-түлектердің есебінен акушерлік-гинекология, пульмонология, офтальмология, отоларингология, кардиология, кардиохирургия, нейрохирургия, спорттық медицина, аллергология, гематология сияқты салалық мамандықтарға тапшылық жойылады деп жоспарлауда.

Дамыған елдерде резидентура білімі - тәжірибеге негізделгендіктен ондағы оқу көбіне аурухана, емханада өтетін болады. Енді резидентураға дайындықтың форматы жаңартылып, оқу тек тікелей жұмыс орнында өтетін болады. Сонымен қатар, ведомствао өкілдері түлектердің болашақ қызмет ететін жерін алдын ала анықтап, бірден жұмысқа орналасуына кепілдік бермек. Осы бөлімде оқитын білім алшуы оқу орны және Денсаулық сақтау басқармасымен үш жақты шарт жасасады.

Резидентураға мемлекеттік білім грантының конкурстық іріктеуінен өтпеген түлектер өңірлердегі жергілікті атқарушы органдардың тапсырысы бойынша оқуға түсуіне мүмкіндігі бар. Ведосмтво аталмыш іс-шаралардың ауыл мен қаладағы кадр тапшылығын жоюға, мемлекеттік грантпен оқығандардың кемінде 3 жыл ауылда жұмыс істеуіне мүмкіндік тудыратын хабарлады.

Жалпы, аталмыш сала кадрларының санын жоспарлау және резидентураға мемлекеттік білім грантын бөлу жұмыстары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құзыретінде. Соңғы үш жылдан бері жыл сайын резидентураға мемлекеттік тапсырыс бойынша 1500 орыннан бөлініп отыр.

 

Айдана Абдрахманова

Медицинадағы цифрландыру қазақстандықтарға қандай мүмкіндік береді

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды