• Басты
  • Қауіпсіздік сертификатын орнату қаншалықты тиімді
26 Шілде, 2019 14:09

Қауіпсіздік сертификатын орнату қаншалықты тиімді

Мемлекеттік қызметкерлер қауіпсіздік сертификатын 1,5 жылдан бері қолданып келеді. Соңғы бір айда қауіпсіздік сертификаты 8 миллионнан астам вирус белсенділігі фактісін анықтап, 130 мыңнан астам мемлекеттік органдар мен мекемелерді кибершабуылдан қорғаған. Ұялы телефонға қауіпсіздік техникасын орнату қаншалықты тиімді болмақ? Келесі материалдан оқи аласыз.
Қауіпсіздік сертификатын орнату қаншалықты тиімді | Strategy2050.kz

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі  Асқар Жұмағалиев қауіпсіздік сертификаты не үшін қажет екенін түсіндіріп берді.

«Қауіпсіздік сертификаты не үшін қажет деген сұраққа келсек. Себебі бүгінде интернетте түрлі құқыққа қарсы контенттер көп, одан бөлек бір күнде мыңдаған кибершабуыл жасалады. Интернет қауіптердің қатарына суицидке насихаттау, экстремистік, террористік қимылдарға насихаттау және басқа да ҚР заңнамасына кері әсерін тигізетін контенттер жатады», - деді Асқар Жұмағалиев.

Министр қауіпсіздік сертификаты интернет қолданушыларын түрлі кибервирустардан қорғайтынын мәлімдеді.

«Мемлекеттік қызметкерлер қауіпсіздік сертификатын 1,5 жылдан бері қолданып келеді. Соңғы бір айда қауіпсіздік сертификаты 8 миллионнан астам вирус белсенділігі фактісін анықтап, 130 мыңнан астам мемлекеттік органдар мен мекемелерді кибершабуылдан қорғады. Біз мемлекеттік қызметшілер қауіпсіздік сертификатымен өз еркімізбен жұмыс жасай береміз», - деді министр.

Сонымен қатар, Асқар Жұмағалиев қазір сертификаттауға байланысты туындап жатқан мәселелер уақытша екенін жеткізді.

« Қауіпсіздік сертификатымен байланысты жабдықтарды жөндеу жұмыстары басталған соң біз байланысқа қолжетімділікке қатысты қандай да бір проблемалар болуы мүмкін деп тиісті ақпаратты бірден жарияладық. Бірақ мұндай мәселелер  уақытша. Қауіпсіздік сертификатын орнаттым, менде қандай да бір мәселе жоқ», - деді ол.

Министр мұндай мәселелер туындаған жағдайда мемлекеттік техникалық   қызметке   жүгіну қажет екенін айтты.

«Меніңше, мемлекеттік техникалық қызметке жүгіну қажет. Олар барлық мәселені қарастырады. Әлдекімде қандай да бір проблемалар туындаса, мемлекеттік техникалық қызмет  бұл тұрғыда көмек көрсетуге дайын. Мұндай жағдайда байланыс операторлары да сізге көмек көрсетеді деп ойлаймын», - деді  министр.

Өз кезегінде  ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі  Нұргүл Мауберлинова интернетке тұрақты мониторинг жасалатынын айтты.

«Интернетке тұрақты мониторинг жасалады. Заң бұзатын материалдарды анықтаймыз. Одан кейін интернет ресурстарының әкімшілігіне ескерту жұмысын жүргіземіз. Заңнамалық бұзушылықтардың қандай түрі бар? Бұл ең алдымен - терроризмді, діни экстремизмді насихаттау,  суицидке тартатын материалдарды, есірткі сатуды тарату», - деді вице-министр.

Сондай-ақ, вице-министр  күн сайын заңға қайшы материалдар тарататын 10-нан 100-ге дейін интернет ресурстар мен әлеуметтік желідегі парақшалар анықталатынын айтты.

« 2016 жылы 140 мыңға жуық құқыққа қарсы материал анықталса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 300 мыңнан асып, 2018 жылы - 130 мың материал, биыл алғашқы жарты жылда 45 мың материал анықталды. Барлық анықталған құқыққа қарсы материалдардың 90%  - лаңкестікті  насихаттауға байланысты. Қалған негізгі бөлігі есірткі, суицид, зорлық-зомбылық пен порнографияны насихаттайды», - деді ол.

 «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК директорының орынбасары Зекен Исмаилов сертификатты орнатудың техникалық түстарын айтып берді.

« Біз барлығымыз да баспасөзді оқып, қиындықтар туындайтынын байқаймыз: facebook, twitter. Бұл бізде Қазақстанда жиі болмаса да, кейде болып тұрады. Қазіргі таңда сертификат сенім мәртебесіне ие емес. Себебі, ол уақытты қажет ететін үрдіс. Техникалық  бұғаттау мүмкіндіктері бар, олар тек деструктивті парақшалар мен контентке қатысты жүргізіледі. VPN – ге қатысты да осы жағдай орын алады. Егер де  сот шешімі мен  құзырлы органның   мәлімдемесі болса, VPN бұғатталады», - деді  З.Исмаилов.

Ол атап өткендей, орнатылған   сертификат  көретін фильм және мультфильмдердің алдында шығатын ұсқынсыз жарнамаларды да бұғаттайды.

«Қазір тестілеу кезеңі жүріп жатыр. Сондықтан да, қолайсыз жағдайлар орын алуы мүмкін. Қандай да бір түсініспеушілік туып, телефоныңызға сертификат орнатылған соң әлеуметтік желілерге кіру шектелетін болса, желі операторына хабарласып мән-жайды түсіндіру керек. Бұл сұрақты бірігіп шешеміз», - деді ол.

Сонымен қатар, ол сертификаттың орнатылуы, орнатылмауы туралы есеп жүргізілмей жатқанын айтты.

«Сертификаттың орнатылғанын тек телефонға кіру арқылы білуге болады. Мен барлығының телефонына кіре алмаған соң, қолымда статистика да жоқ», - деді ол.

З.Ысмайылов сертификатты орнату жеке тұлғаларды ақпараттық шабуылдар сынды   келеңсіз жағдайлардан арашалап қалатынын айтты. Оның өзі сертификаттың тиімділігін көрсетеді.

«Мемлекеттік қызметкерлер бұл жүйені  1,5 жыл бұрын өз компьютерлеріне енгізді. Оларда ешқандай проблема туындап отырған жоқ. Оларда да бот, вирустармен де ешқандай проблема жоқ», - деді ол.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды