• Басты
  • Медицинадағы цифрландыру қазақстандықтарға қандай мүмкіндік береді
26 Шілде, 2019 10:44

Медицинадағы цифрландыру қазақстандықтарға қандай мүмкіндік береді

Қазақстанда медицина саласындағы цифрландыру – тұрғындардың медициналық көмекке жүгіну барысын жеңілдетіп, мемлекеттік бюджетке түсетін ауыртпалықты біршама азайтқан. Мәселен, цифрландыру арқасында медициналық қағаз құжаттарын сатып алуға кететін шығын 315,4 млн теңгеге үнемделген, флюрография, рентген, маммография сияқты материалдарды сатып алуға кететін шығын 224,7 млн теңгеге қысқарған, электронды сервис арқылы алдын-ала жазылып қою мүмкіндігі – клиникаға келіп кезекке тұруды 30 пайызға қысқартқан, электронды қызмет көрсетулердің арқасында лабороториялық зерттеулердің қорытындысын алу уақыты 1,7 есеге азайған, 913 жұмыс орны оптимизацияланған. Цифрландырудың медициналық қызмет пен дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету процессіне ықпалы туралы Strategy AA-нің төмендегі материалынан біле аласыз.

Медицинадағы цифрландыру қазақстандықтарға қандай мүмкіндік береді | Strategy2050.kz

Электронды медициналық төлқұжатта тұрғындардың медициналық жазбалары сақталады

Медицина саласындағы цифрландыру процессі осы саласының ашықтығын қамтамасыз ететін сөз еткен ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде электронды медциналық төлқұжат жобасы іске қосылғанын мәлімдеді.

«Еліміздегі цифрландыру процессі жоғары деңгейде жүріп жатыр. Қазір денсаулық сақтау саласында да қолға алынуда. Біз үшін де бұл маңызды бағыт. Бұл процесс әр азаматтың медициналық қызмет қабылдау, медициналық қызметтің сапасын көтеру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін оңтайландыруға арналған. Бұны жүйелі енгізу салаға енгізілетін әлеуметтік медициналық сақтандыру процессіне де арналып отыр. Өйткені ол осы саласының ашықтығын қамтамасыз етеді. Осы орайда тұрғындар денсаулығының электронды төлқұжаты іске қосылды.  Енді  eGov порталы арқылы өзіңіз туралы барлық медициналық ақпаратты табу мүмкіндігі туды. Әзірге бұл пилоттық режимде жұмыс істеп жатыр. Тұрғындардың ос уақытқа дейін медициналық мекемеге жүгінген жазбалары осы электронды сервисте бар. Медициналық мекемеде қаралғаныңыз туралы мәліметтер, дәрігерлердің сізге тегін жазған дәрілері және тағы басқа жазбалардың бәрі бір жүйеге топтастырылады. 2020 жылдан бастап бұл медициналық төлқұжат онлайн режимде жаңартылып тұрады. Яғни, адам поликлиникаға жүгінгеннен кейінгі аурудың тарихының қысқаша жабзалары электронды форматқа жазылып отырады. Бұл халықты емдеуге кететін шығынның ашық болуын қамтамасыз етіп,  Қазақстанның кез келген нүктесінде азаматтарымыздың дәрігерге қаралғанда ауру тарихын электронды базадан дәрігердің таба алу мүмкіндігін тудырады», - деді министр

Министрлік сөзінше, eGov порталында онлайн түрде жеке кабинет ашқаннан кейін  «eGov порталында дербес медициналық жазбалар ұсыну» деп аталатын жаңа қызметте емханаға бекіту, учаскелік дәрігер, диспансерлік есепке алу, рецептер, жоспарлы емдеуге жатқызу сынды қызметтерді ала аласыз. Жақын арада бұл қызметтер "mGov" мобильді қосымшасында да қолжетімді болады.

Мобильді қосымшалар және тегін дәрілер туралы sms-хабарлама

Саланы цифрландыру бойынша қосылған «Damumed» қосымшасын биылдан бастап көптеген қазақстандық қолданып келеді. Онда үйден шықпай-ақ тіркелген ауруханаңыздағы қажетті дәрігерге жазылып, үйіңізге дәрігер шақыра аласыз. Сонымен қатар онда медициналық мекеме, дәрілер туралы және тағы да басқа ақпараттар мен қызметтер бар. Салада мобильді қосымшалардың бірыңғай каталогы да құрылған.   

«Ал, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласында да жаңа технологиялар енгізілу үстінде. Мәселен, nегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі  шеңберінде тегін дәрілік заттар  туралы sms-хабарлама  жұмыс істейді. Соның арқасында дәрі-дәрмектерді тарату барысында кездесетін сыбайлас жемқорлықтықтың жолы кесіліп жатыр. Оған бірнеше мыcал келтіре аламын. Осы уақытқа дейін тегін дәрі алушыларға 1 млн 057 469 SMS-хабарлама жіберілген. Рецептпен қамтамасыз ету  бойынша пилоттық режимде СМС-хабарламалар жіберілуде. Қабылданып жатқан осы шаралардың нәтижесінде дәрі-дәрмекпен қамту саласындағы кемшіліктердің бірте-бірте шешіліп жатыр, 2018 жылы амбулаторлық емдеу аясында дәрі-дәрмекті алмаған және қажетті препараттармен толық қамтылмағандар да анықталды», - деді министр Біртанов.

Жоғарыдағы мәселелердің туындауын алдын-алу үшін 2018-2019 жылдары тегін дәрі-дәрмек таратудың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі  бойынша медициналық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жоспарлау автоматтандырылған. Дәрілер туралы ақпарат беретін 1439 бірыңғай тегін байланыс орталығы іске қосылған. Ендігінде жалған дәрілермен күресті күшейту мақсатында дәрілердің әрбір қаптамасын қадағалау жүйесін енгізу басталуда.

«Менің бұйрығыммен сатылатын барлық дәрі-дәрмектің шектік  бағасы  белгіленді. Яғни дәріханалар енді  белгіленген шектік бағадан артық үстеме баға қоя алмайды.  Жоғарыда аталған шаралар медициналық ұйымдарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге дайын болуға мүмкіндік береді. Бүгінде барлық заңнамалық база бар. 2017 жылдың шілдесінен бастап жұмыс істейтін медициналық сақтандыру қорында 200 млрд жуық теңгеге жиналды. Қазір 17 млн-нан астам адамның  мәртебесі анықталды», - деді министр.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті 

Естеріңізге сала кетсек, Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасы Қарағанды облысында пилоттық режимде іске қосылған. Қаулының жобасы 2017 жылғы 12 шілде www.mz.gov.kz интернет-ресурсында жарияланды. Пилоттық жоба бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті аясында еңбекке қабілетті азаматтар профилактикалық тексеруден өтеді, әрі оларға оңалту қызметтері көрсетілетін болады.

Министр сөзінше бұл қазақстандықтардың медициналық көмек алуда артық шығын жұмсамауына мүмкіндік береді.

«Бүгінгі күні дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін цифрландыру үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделі  мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетін енгізуге дайынбыз. Аталған іс-шаралар арқасында емханада кезек азайып, азаматтардың медициналық қызметке жұмсайтын «қалта» шығынын үнемдеуге және медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетінде медициналық қызметтің барлығы қамтылған. Соның арқасында,  қазақстандықтар емделуге артық қаржы жұмсамайтын болады», - деді Біртанов.

Сондай-ақ министр биылдан бастап медицина саласын түгелдей ресми түрде қағазсыз форматқа көшуді бастап кеткен. Бұл қызмет өткен жылы пилоттық режимде жұмыс істесе, осы жылы ресми түрде басталған. Қазіргі таңда тегін медициналық қызмет көрсететін барлық ауруханалар, емханалар бүгін электрондық нысанда жазба жүргізіп жатыр. Министр осындай жұмыстардың арқасында мемлекеттік бюджетке түсетін салмақ азайғанын, аурухана қызметкерлерінің жұмысының оптимизацияланғанын, қағазбастылықтың жойылғанын және ең бастысы медициналық қызмет пен дәрілердің есебі ашық болатындығын баса айтты.

086 медициналық анықтамасы қажет болмауы мүмкін

Сонымен бірге Министр Елжан Біртанов келесі жылдан бастап медициналық анықтамалар тек электронды форматта ғана берілетінін айтады. Оның айтуынша жоғары оқу орынан түсу, жұмысқа тұру және тағы басқа жағдайлар үшін 086 медициналық анықтамасын сұрау сыбайлас жемқорлыққа үлес қосып жатыр. Ал, қазір министрлік осы бойынша ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірге жұмыс жасап жатқан көрінеді. Басқа да  министрліктермен келісімге келіп, жыл соңына қарай медициналық анықтамаларды тек қана электронды түрде берілуге шешім қабылданған екен. Министрлік кейбір жағдайларда медициналық анықтама қажет емес деп шешкен. Бүгінде министр бұйрығымен  медициналық университетке түсу үшін 086-анықтамасы талап етілмейтін болған. Алдағы уақытта көлік жүргізу құқығын иелену үшін берілетін 083-анықтамасы алынып тасталады. Ал, құқық қорғау орган қызметкерлері электронды ақпараттық жүйеге тікелей қосылу арқылы азаматтардың денсаулығы туралы жазбаларға қол жеткізе алатын болады.

Саланы цифрландыру туралы баспасөз брифингінде министр биылдан бастап медициналық ЖОО түлектерінің білімін тексеретін тәуелсіз бағалау жүйесі енгізілгенін де айта кетті. Оның сөзінше биыл елімізде медициналық білім алған 11 түлек бұл сыннан өте алмай, дипломнан қағылған. Енді олар алдағы бір жыл ішінде қайта емтихан тапсырып, дипломға лайық екендіктерін дәлелдейтін болады. Және осы жылы талапкерлер психологиялық тестілеуден де өтеді. Ол тест болашақ дәрігердің осы мамандыққа сай немесе сай емес тұлға екендігін анықтайтын болады. Сондай-ақ биылдан бастап, болашақ дәрігерлердің оқуы қысқарып 6 жыл оқитын болды. Енді олар 5 жыл бакалавр, 1 жыл интернатура оқитын болады.

 

Айдана Абдрахманова

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды