• Басты
  • Салықтық рақымшылық қалай жүргізіледі?
25 Шілде, 2019 18:00

Салықтық рақымшылық қалай жүргізіледі?

Биылғы жылдың 4 шілдесінде Мемлекет басшысы қол қойған салықтық рақымшылық жүргізуді көздейтін заң аясында Қаржы министрлігінің бұйрығымен салықтық рақымшылық жүргізу ережесі бекітілу кезеңінен өтіп жатыр. Толығырақ, келесі материалдан оқи аласыздар.

Салықтық рақымшылық қалай жүргізіледі? | Strategy2050.kz

Мемлекеттік кірістер органдары ағымдағы жылдың соңына дейін әрбір азамат есептелген өсімпұлдарды есептен шығару бойынша аталған науқанды пайдалана алуы үшін салықтық рақымшылық жүргізу тәртібі туралы кең ауқымды бұқаралық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті   төрағасының орынбасары Жайдар Іңкəрбаев халыққа ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін айтты.

«2019  жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1,4 млн  жеке тұлғаның жалпы сомасы 20,9 млрд. теңгені құрайтын салықтық берешегі болған, оның ішінде негізгі борыш - 14,3 млрд. теңге, есептелген өсімпұлдар – 6,6 млрд. теңге  салық берешегінің ең көп сомасы немесе 70% (14,4 млрд.теңге) көлік құралдарына салынатын  салыққа тиесілі», - деді ол.

Сондай-ақ, жер салығы бойынша берешекке 12% (немесе 2,5 млрд. теңге), мүлік салығына 6,7% (немесе алдарту 1,4 млрд. теңге) тиесілі.

«Борышкерлердің басым бөлігі-жеке тұлғалар  Шымкент қаласында шамамен 148 мың, 139 мың Түркістан облысында, 116 мың Жамбыл облысында және 114 мың Нұр-сұлтан қаласында тіркелген», - деді ол.

Ал,  өнірлер бөлінісінде салық берешегінің ең көп сомасы Алматы қаласында – 5,5 млрд.теңге, Нұр -Сұлтан және Маңғыстау облысында 2 млрд. теңгеден, Шымкент қаласында 1.6 млрд  тенге.

«Биылғы  жылдың басынан бастап мемлекеттік кірістер органдары жеке тұлғаларға салық рақымшылық жасау үшін үлкен дайындық жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, деректер базасын уәкілетті органдармен салыстырып тексеру, сондай-ақ салық төлеушілердің дербес шоттарын өзектендіру мақсатында есептеулердің толықтығы мен дұрыстығы мәніне дербес шоттарды түгендеу жүргізілді», - деді ол.

Сонымен қатар, өсімпұлды есептен шығарудың жалғыз шарты жеке тұлғаның салықтар бойынша негізгі борышты төлеуі болып табылады. Салық төлеушілерге бұл үшін ешқайда барудың қажеті жоқ, мемлекеттік кіріс органдары күн сайын жеке тұлғалардың дербес шоттарының жай-күйіне мониторинг жүргізеді және олар 3 жұмыс күні ішінде негізгі борышты төлеген кезде өсімпұлды есептен шығару туралы тиісті шешім шығарады.

«Егер салық төлеуші ағымдағы жыл ішінде өткен жыл үшін негізгі борыш пен салықтар бойынша өсімпұлды төлеуді жүргізген жағдайда өсімпұл сомасы қайтаруға жатады. Ол үшін мемлекеттік кіріс органдарына өтініш беру қажет», - деді ол.

Салық рақымшылығына  90 мың адам түскен.

«Аталған рақымшылықты    40212 адам қолданды. Бұл 4,6 пайызды құрайды. 200 млн айыппұл кешірілді», - деді ол.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды