• Басты
  • Qazmai: Қазақстан мен Өзбекстан майлы дақылдар бойынша өзара экспортты дамытады
25 Шілде, 2019 15:53

Qazmai: Қазақстан мен Өзбекстан майлы дақылдар бойынша өзара экспортты дамытады

Нұр-Сұлтанда «Qazmai ортақ брендін дамыту» бойынша үшкүндік семинар басталды. Шараға шетелдік және отандық сарапшылар қатысты. Семинарда Қазақстан мен Өзбекстанның майлы дақылдар өнімі нарығындағы үрдіс мәселелері талқыланды. Толығырақ, келесі материалдан оқи аласыздар.
Qazmai: Қазақстан мен Өзбекстан  майлы   дақылдар бойынша өзара экспортты дамытады

Ресми статистикаға сәйкес, Қазақстаннан Өзбекстанға 2018 жылы майлы дақылдар экспорты 46,673 мың тоннаны құрап, 38,585 млн теңгеге жетті.

«Қазақстанның майлы дақылдары» ЗТБ  президенті Константин Невзоровтың айтуынша,  ұйымдастырылып жатқан шара бизнестің бастамасы.

«Бүгінгі таңда майлы дақылдар өнімі артып жатыр. Жарты жыл ішінде өсім көлемі өткен жылмен салыстырғанда жоғары екенін айтуға болады. Егер  10 жыл бұрынғы көрсеткіштермен салыстырғанда, орташа есеппен майлы дақылдар  өнімінің өсімі  10 есеге артты. Үрдіс әлі де жалғасуда. Бізде көрсеткіштерді арттыру қоры әлі де бар. Астық дақылдарына зардабын тигізбей майлы дақылдар өнімін арттыра аламыз», - деді К.Невзоров.

Сонымен қатар, ол бір жыл бұрын іске қосылған Qazmai ортақ брендін ішкі нарықта ілгерілендіру туралы жұмыстар  орындалып жатқанын айтты.

«Qazmai салалық бағдарламасы арқылы майлы дақылдарды экспорттауды арттыру көзделіп отыр. ИИДМБ бағдарламасына енген соң, несиелер де 3 пайыздық мөлшерлемемен беріледі деп жоспарлануда. Қазір біз орташа есеппен  40 пайыз экспорт, 40 пайыз импорт жасап отырмыз. Бұл көрші нарықтарда шикізаттың бағасы әлдеқайда қымбат. Ал, ресейлік нарықтан сатып алған біраз арзан. Қазір біз өз зауыттарымызды қамсыздандыру үшін күнбағыс майын сатып аламыз, ол ыңғайлы. Ал өзіміздегі майлы дақылдарды өзге елдерге экспорттаймыз», - деді ол.

Сондай-ақ,  ол майлы дақылдар Иран, Өзбекстан, Қытай, Ауғанстан мен Еуропаға экспортталатынын айтты.

«Біз салалық бағдарлама бойынша майлы дақылдар өндіру алқаптарын  10 жылда екі есеге арттыруды көздеп отырмыз. Қазіргі экспорт осы әрекетті жүзеге асыруға серпін беріп отыр», - деді К.Невзоров.

Өз кезегінде Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев аталмыш шара алғаш өткізіліп отырғанын айтты. Бұл шаралар екі елдің майлы дақыл саласын жақындастыра түседі.

«Бізде майлы дақылдарды дамыту бойынша бағдарлама қабылданған.  Майлы дақылдарды өндірушілердің кооперациясы  екіжақты қарым-қатынастың  дамуына  қосымша серпін береді. Сондай-ақ, бұл біздің елдер өндіретін тауарлар ауқымын кеңейте түседі. Болашақта аталмыш семинарларды экономиканың өзге де салалары бойынша өткіземіз деген үміт бар. Бұл тек майлы дақылдар ғана емес, мал, құс шаруашылығында да болуы мүмкін», - деді елші мырза.

Сонымен қатар, елші  агроөндірістік кешен бойынша 17 бағыт бар екенін атап өтті.

«Қазір біз өзге салаларды да қарастырып жатырмыз. Биыл біздің тауар өндірушілер өзара кездесіп, тәжірибе алмасып, үшінші нарыққа шығып, келісімшарт орнатуларды жүзеге асыруларын қамтамасыз етуге тырысып жатырмыз», - деді ол.

Елші Өзбекстанның нарығы үлкен екенін айтып, тек қана  майлы дақылдарды ғана  импорттамайтынын жеткізді.

«Өзбекстан тек майды ғана емес, тұқым және  шикізат  тауарын импорттайды. Қазақстанның майлы дақылдарын өсіру бойынша тәжірибесін қолдана аламыз. Қазақстан аймағы үлкен, географиялық өзгешеліктері де басым. Біздің елмен климаттық ұқсастықтары келетін өңірлер бар, осы орайда тәжірибе алмасуға  болады. Ол тек импорт мәселесі ғана емес, ғылым да бар. Себебі, ғылымды жетілдіру арқылы әртүрлі майлы дақылдарды өсіру, өңдеу әдістері жетілдіреді.Біздің артықшылығымыз көрші болғанымызда. Майлы дақылдарды өсіруден өңдеуге дейін  бірыңғай кешен дайындау аламыз», - деді Саидикрам Ниязходжаев.

Аягөз Құрмаш 

Материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды