- Басты
- Жаңалықтар
- «Елбасы және халқы» кітабы жарыққа шықты
«Елбасы және халқы» кітабы жарыққа шықты
Кітаптың алғашқы тарауында Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1995 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі асамблея сессиясында сөйлеген сөздері жинақталған. Ал, екінші тарауға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің қасында жүріп, қызмет еткен тұлғалардың, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің, этномәдени бірлестіктер мен ҚХА-ның басқа құрылымдары басшыларының Елбасы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген жарияланымдары кірістірілген. Сондай ең соңғы тарауда ҚХА негізін қалаушы тұлғамен тарихи оқиғаларға толы күрделі де қызғылықты жолды бірге өткізген этномәдени бірлестіктердің өкілдері, саясаткерлер, ұлтаралық татулық, қоғамдық келісім және жалпыұлттық толеранттылықтың қазақстандық моделінің авторына шынайы көңілден шыққан алғыстары жарияланған.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында өткен «Елбасы және халқы» («Елбасы и народ») кітабының тұсаукесер рәсіміне Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директорының орынбасары Күлайша Ақтаева, тележүргізуші Майя Бекбаева сынды тұлғалар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, этно-мәдени бірлестіктерінің өкілдері, БАҚ басшылары, ҚХА жастар қанаты және басқа да қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері жиналды.
Еліміздегі кейбір елеулі оқиғалар мен түсініктер бүрынғы Президенттің Ассамблея сессиясында айтқан ұсыныстары кезінде енгзілгенін тілге тиек еткен Ж.Түймебаев осы күнді тарихи сәт деп бағалады.
«Біздің мемелекетімізде кеңес беруші орган ретінде ашылған Ассамблея, өз жұмысын бастағалы бері осы уақытқа дейін кітапта айтылғандай «жалпыұлттық диалогтың алаңына» айнала алды және оған дәлел ретінде еліміздегі ұлтаралық татулықты айта аламын. Жалпы алғанда елімізде орын алған реформалау мен дамытудың өзекті мәселелерінің барлығында Ассамблеяның қосқан үесі өте зор. Қазіргі уақытта Ассамблеяның бастамасы арқылы Қазақстан Республикасында Саяси қуғын-сүргін мен аштық құрбандарын еске алу, Алғыс айту күні, Қазақстан халқының бірлігі күні секілді атаулы күндер күнтізбемізге еннді. Аталмыш тарихи, рухани іс-шаралар мен бастамалардың барлығы да өзінің бастауын Ассамблея сессияларынан бастау алған еді», - деді Ж.Түймебаев.
Сондай-ақ ол кітапты Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұлтаралық бейбітшілік пен келісімнің қағидаларын негіздейтін жарқын туындысы деп бағалады.
«Бүгінгі тарихи шараны тек әдеттегі жиналыс ретінде емес, еліміздегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті айқындайтын, жасампаз идеяларға ие қайталанбас шығарманың көпшілік назарына ұсынылған күні деп қабылдаңыздар. Қазақстан халықтары ассамблеясының төрағасы, Назарбаевтың сөздерінде этносаралық қарым-қатынастағы мемлекеттік саясаттың қалыптасу кезеңдері мен оны дамытудың бағыттары үнемі зерделеніп, ұйымның бірінші Сессиясының өзінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынасты реттеудің басты ұстанымдарын анықтап берген болатын. Қазіргі уақытта басты ұстаным - халықтар арасындағы келісім мен сенім аймақтарының кеңейу, жанасу нүктелерін табу. Осы, яғни аталмыш ұстаным аясындағы біздің бағытымыз – барлық этностық топтардың келісімі мен ынтымақтастыру жолдарын таба алуын дамыту болып келген және солай бола береді де», - деді ол.
Қоғам және мемлекет қайраткері Мырзатай Жолдасбеков экс-мемлекет басшысының моделін сындарлы жылдардан өзінің дұрыстығын дәлелдеген үздік модель деп атады.
Сонымен қатар ол Назарбаевтың ұлтаралық келісім мен ақылға сүйенген саясаты мемлекеттік ұстанымның ең негізгісі – бейбітшілік мен келісім екенін атап өтті.
Қоғам және мемлекет қайраткерлері бірауыздан Қазақстан тарихында осындай ұйым, яғни Қазақстан халықтары ассамблеясының құрылуы маңызды тұрақтандырушы фактор екендігін, тоқсаныншы жылдары Қазақстанның саяси жүйесі өзара үйлесімсіздіктің әсерінен қиын дағдарысқа тап болған тарихи кезеңде Елбасы көрегендігінің саяси көрінісі болып Ассамблея құрылғаны оның халыққа тікелей назар аударуына жол ашқанын, үкімет пен халық арасындағы ізгіліктің көпірі, Нұрсұлтан Әбішұлының сара жолы, «Назарбаев моделі» ешқашан да ұмытылмайтынын айтты.
Айдана Абдрахманова
Материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы