• Басты
  • Қазақстан қор нарығында бес айда сауда көлемі 2,5 трлн болды
24 Шілде, 2019 19:29

Қазақстан қор нарығында бес айда сауда көлемі 2,5 трлн болды

Қазақстан қор нарығында осы жылдың бес айында сауда көлемі 2,5 трлн болды. Өткен жылы Қазақстанның бұрынғы Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен «Astana International Exchange» (AIX, Астана халықаралық қор биржасы) ресми түрде ашылған болатын. Қазір ол әлемнің ірі биржаларының озық технологияларымен жабдықталған және бекітілген халықаралық стандарттарына сай жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда AIX серіктестері арасында қаржы және қор нарығының әлемге танымал компаниялары: GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және NASDAQ сияқтылар бар.

Қазақстан қор нарығында бес айда сауда көлемі 2,5 трлн болды | Strategy2050.kz

Әзірге Қазақстанның қор нарығында мәмілелердің басым бөлігі валюталық және ақшалай операцияларға тиесілі болып келеді. Алайдa, іскерлік сала мамандарының сөзінше  2018 жылы АХҚО – AIX биржасының ашылуы Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын дамытуға жаңа сілкініс тудырыпты. Аз ғана уақыт ішінде Астана халықаралық қор биржасы «Қазатомөнеркәсіп» АҚ–ның IPO, ҚР Үкіметінің Еурооблигациялары мен Polymetal шетелдік эмитенттің акциялары қоса алғанда, биржа 24 ұйымның бағалы қағаздар листингісін өткізіп үлгерген.

«Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының негізгі индикаторы 1993 жылдан бастап «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) болып келген. Ал, KASE негізінен валюта және ақша нарығына бейімделген. Жалпы, қор нарығын дамыту процесстеріне бағалы қағаздарға инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасау, халықаралық капитал нарығы бар қазақстандық биржа жүйесіне халықаралық эмитенттерді тарту шаралары кіреді», - дейді Aстана халықаралық қаржы орталығы өкілдері

Жоғарыда бір-ақ жыл ішінде AIX-те 24 мемлекеттік, квазимемлекеттік және жеке сектор мекемелері тіркеліп, листингіден өткенін жаздық. Ал, өткен жылы еліміздің қор нарығы үшін айтулы оқиға орын алды – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ әлемдегі ең ірі уран өндіру компаниясысының IPO-сы өткен болатын. Енді қаржы сарапшыларында жекешелендірудің комплексті жоспарына сай «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ еншілес компаниялар 2020 жылдың соңына дейін IPO/SPO-ға «Эйр Астана», «Қазақтелеком», «ҚазМұнайГаз», «ҚТЖ», «Қазпошта» сияқты компаниялар шығады деген жоспар бар көрінеді.

Ал, осы жылы  елордалық қор биржасы үшін алғашқы шетелдік эмитент болып табылатын Polymetal International Plc. компанияның листингісі AIX-те өтті, ол Ресей мен Қазақстанда активтері бар, бағалы металдарды өндіру бойынша әлемдегі көшбасшылардың бірі сондай-ақ оның акциялары Лондон және Мәскеу қор биржаларында саудаға шығарылады. Сөйтіп осы жылдың сәуірінде AIX-те алғашқы сауда болып, Polymetal-дың жай акцияларына сұраныс күткендегіден де асып түскен. Соңында 17,19 млн АҚШ долл. сомасына 1,69 млн бірлік инвесторлар сатып алған. Алғашқы сауда күні жалпы сауда көлемі 17,31 млрд АҚШ долл. құрады. Сонымен бір айда жиынтық көлемі 22,6 млн АҚШ долл. құрайтын сауда жасалып үлгерді.

2019 жылдың мамырдағы қорытындысы AIX-тегі барлық бағалы қағаздардың жиынтық сауда көлемі 3,9 млн АҚШ долл. (1,5 млрд тг.) құрағанын көрсетті. Сауда басталғанға дейін кумулятивтік көлем 43,2 млн АҚШ долл. құрап, соның ішінде 473 мәмілеге қол жеткізген «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ айналымы жай акциялар бойынша (тикер: KAP) 1,4 млрд тг. болған. Дәл осы кезеңде жаһандық депозитарлық қолхаттарымен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (тикер: KAP.Y) 289,5 мың АҚШ долл. құрайтын 20 мәмілеге қол жеткізілді.

Жоспарға сәйкес, алдағы алты жыл ішінде, яғни 2025 жылға дейін AIX биржасында экономиканың нақты және мемлекеттік секторлары компанияларының үлестік, сондай-ақ, борыштық бағалы қағаздарын шығару мен орналастыру есебінен нарық капиталын жандандыру әлеуеті 350 млрд АҚШ долл.-нан астам болады деп күтілуде.

Сарапшылар пікірінше осы ретте жалпы,  қор нарығының және капитал нарығының толық көлемде дамыту шараларына – активтерді басқару жөніндегі жергілікті көшбасшыларға және халықаралық компанияларға Ұлттық қор және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры сияқты мемлекеттік қорларда сақталатын қаржыны басқару мүмкіндігін ұсыну кіреді. Дәл осы қадам нарықта өтімділікті барынша көбейтуге және халықаралық басқарушы компанияларды тартуға жол ашты.

Ал, енді сақтандыру компаниялары, сақтандыру секторын дамыту, әсіресе, міндетті сақтандыру және өмірді сақтандыру бағыттарында белсенді саясаты болған жағдайда, Қазақстанның капитал нарығының белсенді қатысушысы болуына мүмкіндігі бар екен. Сарапышлар Қазақстанның аймақтық ел-серіктестерінде көлемі 300 млрд АҚШ долл. құрайтын – бос өтімді қаражаттары бар екенін, олардың бірқатары  қызықты инвестициялық мүмкіндіктер болған жағдайда, қазақстандық нарық капиталында орналаса алатынын айтады.

Ел үкіметінің және Қазақстандағы қаржы нарығын үйлестіруші банк – Ұлттық  Банктің бірлескен іс-қимыл жоспары бойынша капитал нарығының дамуы Астана халықаралық қаржы орталығы қалыптастырудың бірнеше негізгі кезеңнің аясында жүзеге асыру ұсынылған. Соның бірі 2025 жылдан бастап, қазақстандық капитал нарығы халықаралық деңгейде Орталық Азияның басқа елдерінде, Кавказ елдерінде, ЕАЭО, Таяу Шығыс және Еуропа елдерінде қызмет көрсетуді бастау жоспарлануда.

Айдана Абдрахманова

Материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды