• Басты
  • Президенттің жұмыссыздықпен күрес тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр
24 Шілде, 2019 17:15

Президенттің жұмыссыздықпен күрес тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр

Қазақстанда Жастар жылының жол картасы бойынша бүкіл елді қамтыған «Жас кәсіпкер» жобасы жастар кәсіпкерлігін дамыту бойынша шаралар кешені бекітілген еді. Аталмыш бағдарламаны іске асыру үшін Үкімет жыл басында 2019-2020 жылдар аралығында 32 миллиард теңге бөлуді жоспарлаған. Осы орайда Қазақстан бойынша 10 мыңнан астам жастар «Жас кәсіпкер» жобасының бірінші легіне қатысуға тестілеуден өтуді бастап кетті. Жұмыспен қамтудың осы және өзге де шаралары туралы төмендегі материалда.

Президенттің жұмыссыздықпен күрес тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр | Strategy2050.kz

Ал, бүгіннен бастап болашақ бизнесмендер кәсіпкерлік негіздерін оқуға кірісіп кетті.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы үйлестіріп жатқан "Жас кәсіпкер" жобасы 18-29 жас аралығындағы жұмыссыз жүрген қыз-жігіттерге арналып отыр. Мамандардың айтуынша бұл бағдарлама кәсіпкерлердің тәжірибесіне сүйенген, әрі мұнда іш пыстыратын үзын-сонар дәрістер өткізілмейді екен. Жастарды іскерлікке баулу үшін шынайы кейстер және үздік бизнес-тренерлер ұсынған шеберлік сабақтар, сондай-ақ кәсіпкерлік ортаға терең бойлау көзделген.

Бұл жобаның негізгі мақсаты – жұмыссыз немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарды жеке кәсіп ашып, оны жүргізу қабілеттерін дамыту, бизнесті сауатты жүргізу, кәсіпкерлік әлеуетті дамыту, ауылдық жерлер, шағын қалалар, қалалар және моноқалаларда микро несиелеу мен кепілдік беру арқылы кәсіпкерлік стартаптарға қолдау көрсету.

18-29 жас аралығында жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар кәсіпкерлік негіздері курсында оқу ұзақтығы – 1 ай.  Аталмыш жобая аясында 200 мектеп іске қосылған әрі оның ішінде 60 мектеп Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан екен. «Атамекен» ҰКП мамандарының сөзінше аталған қалаларда тұрақты табысы жоқ өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз жастардың басым бөлігі тұрады. Сондай-ақ, қатысушыларға 19 273 теңге көлемінде шәкіртақы алуға мүмкіндік беріледі. Мұнда жастардың жеке бизнес-идеясын іске асыру үшін жеңілдікпен несие немесе грант алу мүмкіндігі де қарастырылыпты.

««Жас кәсіпкер» жобасы жүзеге асыру мақсатында «Атамекен» бизнес тренерерін де оқытты. Бізге түскен үш мыңнан астам өтінім ішінен 200 үміткер іріктеліп алынды. Енді олар тәжірибесімен бөлісіп, жастарға бизнес жүргізудің қыр-сыры, заңгерлік және экономикалық сауаттылық туралы құнды ақпарат беруге сақадай сай отыр. Осы тренинг бизнес-тренерлердің қорын қалыптастырып, олардың біліктілігін арттыруға көмектесетініне сенеміз», - дейді «Атамекен» ҰКП.

Жұмыссыздықпен күрес мақсатында «Атамекен» қолдау орталығы» жобасы құрылды

Сонымен қатар, елімізде «Атамекен» қолдау орталығы» жобасы іске қосылғанын да атап өтейік. Ол бойынша шараларды «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері бірігіп жүзеге асыратын болады. Ондағы міндет – жұмыссыздармен байланыс және олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету.

«Мұндағы негізігі әрекеттеріміздің бірі – халықпен, оның ішінде жұмыссыз халықпен байланыс орнату.  Жұмыспен қамтылу және осы бағытта адамдарға ұсынылған ашық мүмкіндіктер мәселелерінде ақпараттық тапшылық бары анық. Мобильді орталықтардың міндеті – осы олқылықтың орнын толтыру. Осы тұста біз жұмысқа тұруға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар адамға табыс көздерін табуға қажетті қандай құралдар барын түсіндіріп, оның іскерлік әлеуетін анықтау және ашуға атсалыспақпыз», – деп айтты «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев.

ҚР «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы Адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары Айдана Тоғызбаева бос жұмыс орындары базасының механизмдеріне тоқталды.

«Елдегі жұмыссыздар алдымен бізге келеді.  қазақстандағы жұмыс берушілер арасында жүргізілген сауалнама негізінде құрылған бос жұмыс орындарының базасынан жұмыс іздеушінің бойындағы қабілеті мен біліктілігіне қарай базадан лайықты жұмыс іздеп, оған ұсынамыз», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары Айдана Тоғызбаева.

Ал, егер базадан лайықты жұмыс орны табылмаса, келушілерге қысқа мерзімді оқу курстарына жазылып,  жаңа кәсіпті игеру ұсынысы жасалынады.  Бұл «Еңбек нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады. Екі айдан алты айға дейін жалғасатын осындай қысқа мерзімді оқу курстары кәсіпорындар базасында орналасқан. Курс тыңдаушыларына шәкіртақы сондай-ақ әрі қарай жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылған екен.   

Жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған «Бастау» жобасы

Жасына қарамастан кез-келген қазақстандық қатыса алатын «Бастау» жобасы бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және жұмыссыздар бір айы ішінде бизнес жүргізудің негізгі қағидаларын үйреніп алу мүмкіндігі бар. Ол жерде кәсіп ашып, немесе қазір жүргізіп отырған бизнесін, кәсібін кеңейтуге шағын несие алуына да жол ашық.

Мамандардың сөзінше «Атамекен» қолдау орталығының әрбіреуінде тұрғындарға жеке қабілетті дамыту кеңесшісі жұмыс істейді, маман адамға анағұрлым лайықты мамандықты анықтау үшін тестілеу өткізеді, өтінім берушіге қандай дағдыларды дамыту қажеттігін айтып, жеке даму картасын әзірлейді.

«Әр қалада жұмыспен қамту орталықтары жұмыс жүргізіп келеді. Онда белсенді форматта жұмыс істейтін осындай мобильді орталықтар жақсы көмектеседі. Ал, әзірге Нұр-Сұлтан қаласында үш бірдей жұмыспен қамту мобильді орталығы ашылды. Елордада алда әлі 8 орталық ашылатын болады. Бүгінгі таңда сынамалы режимде «Атамекен» қолдау орталықтары» – Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы қаласы және Шымкент қаласында іске қосылады. Ел ауқымында осындай 30 орталық ашылмақ . Яғни, оңтүстік асатанамыз Алматы қаласында – 12, Шымкент қаласында –10, е астанасы Нұр-Сұлтанда –8 жұмыс істейтін болады», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов.

Естеріңізде болса, осы жылдың 15 шілдесі күні ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халық арасында жұмыссыздықтың азаймай отырғанын, «Еңбек» бағдарламасының әлі де өз деңгейінде үмітті ақтай алмағандығын айтып, жұмыспен қамтылу динамикасы қарқынды жүрмей жатқандықтан осы мәселеге басты назарға алған еді.  Сондықтан  бұл жобалар Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмысқа тұру шараларымен қамту, ал, жұмыспен қамтуға көмектесудің барлық шараларын белсенді режимде өткізу бойынша  тапсырмасы шеңберінде қолға алынып жатыр.

Айдана Абдрахманова

Материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды