• Басты
  • Өңірлер: Түркістан облысының даму ахуалы
24 Шілде, 2019 11:32

Өңірлер: Түркістан облысының даму ахуалы

Түркістан облысы экономикалық және ауылшаруашылық көрсеткіштері оң көрсеткіштерге ие. Мәселен, Жетісай ауданында бүгінге дейін 324 мыңнан астам бақша өнімдері жиналды. Оның 70 пайызға жуығы Ресей мен Еуропа елдеріне экспортталып отыр. Ал қалған бөлігі еліміздің солтүстік облыстарына жөнелтілуде. Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Өңірлер: Түркістан облысының даму ахуалы

Сонымен қатар,  94 600 тонна көкөніс, атап айтқанда, 32 400 тонна қызанақ, 355 тонна сарымсақ, 7 700 тонна баклажан, 3 600 тонна балғар бұрышы, 14000 тонна қияр өндірілген.

Жалпы биыл Жетісай ауданында 77 274 гектар жерге егін егілген. Оның 45 100 гектарын мақта, 16 мың гектарын бақша өнімдері, 4 мың гектарын көкөніс дақылдары құрайды.

Айта кетерлігі, бүгінде жетісайлық қауын, қарбыздар жоғары сұранысқа ие. Тәттілігі тіл үйірер бақша өнімдерінің көлемі жыл санап артып келеді. Бұл ретте бақша өнімдерінің шетелдерге экспортталуы да дұрыс жолға қойылған. Соның нәтижесінде өндірілген өнімнің 70 пайызын шетел нарығына шығаруға мүмкіндік туып отыр.

Биыл 16 мыңнан астам жерге бақша дақылдары егілсе, оның 8741 гектары пленкалы қауын, 3950 гектарыпленкалы қарбыз. Сондай-ақ, биыл ауданда 2981 гектарға ашық қауын мен 900 гектарға қарбыз егіліп отыр. Аудан шаруалары бір жерден екі рет өнім алу үрдісін қолға алып, табыс көздерін молайтуда.

Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістан облысында тіркелген қоғамдық бірлестіктердің жалпы саны – 121. Облыста республикалық6 саяси партияның филиалдары жұмыс жүргізуде.

Биыл облыстағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың негізгі бағыты, яғни азаматтық бастамалар орталығы,мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау, экология, туризм, дін және өзге де тақырыптар бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілмек. Бұл – үкіметтік емес ұйымдар үшін үлкен қолдау.

 «Қоғамның азаматтық белсенділігі жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Бұл қадамдар жергілікті атқарушы билік жұмысының тиімділігін арттыруға тікелей септігін тигізеді. Әсіресе өңірдегі әлеуметтік мәселелердің шешіміне ықпал ететін жобаларды жүзеге асыруға үкіметтік емес сектордың көмегі мен белсенділігі қажет.Мәселен, кешегі Арыс оқиғасынан соң зардап шеккен қаланы қалпына келтіру, секторларға бөлінгентұрғындармен келісімдер жасау, олардың сұрақтарын әкімдікке жеткізіп, шешімін табуға атсалысу барысында нағыз азаматтық белсенділер ел ортасынан шықты. Гуманитарлық көмекті бөлу, тарату барысында еріктілер де ерекше үлес қосты. Мұндай халық пен биліктің ортақ мақсатына қызмет ететін азаматтық белсенділік мемлекеттің дамуы мен тұрақтылықтың орнауына ықпал етеді. Бұдан бөлек үкіметтік емес ұйымдардың бірі мүмкіндігі шектеулі жандардың мұңын мұңдаса, ендігі бірі экология мен тұтынушылардың жоғын жоқтайды. Өзге де салаларда атсалысады. Сондықтан ұйымдармен бірлесе қызмет еткен жағдайда ғана қоғамдық күшке айналып, нәтижеге қол жеткізе аламыз»,-деп атап өтті Түркістан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Тәжібаев.

Ал «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің төрағасы Шәріпбек Жамалбекұлы  «Үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған азаматтық орталықты ұйымдастыру мен дамыту» жобасын жетілдіруді, аудандардағы ақпараттық ресурстық орталықтарының әлуетін арттыру  қажеттілігіне, өңірдегі 700-ден астам ҮЕҰ-дың ортақ базаға тіркеу мәселесіне, үкіметтік емес секторын дамытуға баса тоқталды.

Осы тұста айта кетерлігі, Түркістан облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастықжөніндегі Кеңестің кезекті отырыстары алдағы уақытта аудан, қалаларда ұйымдастарылатын болады.

Сонымен қатар, Кентау қаласында бетон өндіретін «Фахри СтройБетон»  ЖШС-і іске қосылып, жұмысын бастады.

Жаңа зауыт м150-м450 маркалыбетондарды өндіреді. Өндіріс орны қазіргі таңда 30 адамды жұмыспен қамтып отыр. Зауытсағатына3 текше метрлік 120 дана бетон өңдеуге қауқарлы. Бүгінгі таңда шығарылған бетондардың барлығы дерлік Түркістан облысына қарасты аудан, қалаларға жіберілуде.

Кәсіпорында 15 HOWО камазы, 1 жүк машинасы, 1 автобетон-насос көлігі бар. Зауыттағы бетон жасап шығаратын құрылғылардың барлығы Түркия елінен әкелінген. Серістестік басшылығы болашақта зауыт аймағын ұлғайтып, өнім көлемін көбейтуді мақсат етіп отыр.

Өз кезегінде  Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Кентау қаласына барды.

Онда әуелі «Яссы-құс» фабрикасына аялдады. Шаруа қожалық 2016 жылы жұмысын бастаған. Негізінен жұмыртқа өнімін өндірумен айналысады. Фабрикада 18 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Орташа жалақы 45000-50000 теңге аралығында. Қожалықта 4 жұмыртқалайтынцех пен құрама жем сақтайтын қойма бар.Жобаның құны – 198 млн. теңге.

Қазіргі таңдаголландиялық «Лабраун»породасынан– 50 мың дана тауық бар. Фабриканың айлық қуаттылығы –1 350 000 дана жұмыртқа, ал жылына16 200 000 дана жұмыртқа шығаруға қауқарлы.

Қожалық жұмысымен танысқан облыс басшысы өнім көлемін арттыра түсіп, жұмыс орнын көбейту қажеттігін айтты. Сондай-ақ, Өмірзақ Естайұлы Кентау қаласындағы құрылысы жаңадан басталған 10 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысымен танысты.

Жобалаушы мекеме «Sunkar Byilding» ЖШС болса, бас мердігер: «Ныш Ер» ЖШС, «Ақ жол» ЖШС, «Аль-Декей» ЖШС, «Құрылыс Молдашев Е» ЖК. Бес қабаттан тұратын он үйде жалпы саны – 600 пәтер бар. Олардың жалпы аумағы – 33 240 шаршы метр. Ағымдағы жылдың мамыр айында құрылысы басталған нысандар 2020 жылдың маусым айында толық пайдалануға берілмек. Нәтижесінде 600 отбасы баспаналы болады.

Өз кезегінде аймақ басшысы құрылысты уақытылы аяқтап, тұрғындарға тапсыру керектігін атап өтті.

Одан соң Кентау қалалық «Жастарға қызмет көрсету орталығының» ғимаратында облыс әкімінің төрағалығымен жиын өтті. Кездесуде Кентау қаласының әкімі Дәурен Махажанов«Кентау қаласының 2019-2022 жылдарға кешенді дамыту»туралы баяндады.

Сонымен қатар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы арқылы Кентау қаласын кешенді дамыту жоспары таныстырылып, алдағы уақытта жүзеге асуы қаралды. Кентау қаласындағы атқарылып жатқан және алдағы атқарылатын жоспарлармен танысқан облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы жоспарларды қолдайтынын атап, алдағы кездесуде жұмысты слайд арқылы емес, істің басында тұрып көрсетуді қолға алу қажеттігін ескертті.

«Кентау Түркістан облысының орталығына шекаралас жатқандықтан Түркістанмен бірге көркейетін қала. Сондықтан әрбір атқарылған жұмыс сапалы және жүйелі түрде атқарылуы керек», – деді аймақ басшысы Ө. Шөкеев.

Аягөз Құрмаш 

Материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды