• Басты
  • ҚХА «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына үлес қоспақ
24 Шілде, 2019 11:04

ҚХА «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына үлес қоспақ

2019 жылдан бастап «қарапайым заттар экономикасын» дамыту үшін қолжетімді несие беру процессіне 600 млрд теңге бөлінген болатын. Соның арқасында 2025-жылға қарай 16 мың тұрақты жұмыс орнын құруға, бюджетке 1,1 трлн теңге салық түсімдерін қамтамасыз етуге мүмкіндік тумақ. Осы мақсатта Қазақстан халықтары ассамблеясының кәсіпкерлер қауымдастығы желісі негізінде «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына үлес қосып, шетелдік инвесторлармен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, ҚХА шетелдік достарының клубын құру және ҚХА Кәсіпкер-өкілдерін шет елдермен екіжақты іскерлік кеңестерге қосу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласында уәкілетті мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен ҚХА Хатшылығының кеңейтілген отырысы өтті.

ҚХА «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына үлес қоспақ | Strategy2050.kz

Осы уақытқа дейін елімізде «қарапайым заттар экономикасы» саласының 100-ден астам жобасы мақұлданып, кәсіпкерлерге жалпы сомасы 44 миллиард несие берілген. Жалпы бағдарлама аясында бюджеттен бөлінген 600 миллиард теңгеге жиһаздан бастап жеміс шырындарына дейін тұтыну тауарларын өндіргісі келген адамдарға жеңілдетілген несиелер арқылы көмек беріледі. Әзірге осы жобада Алматы, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Маңғыстау облыстарының кәсіпкерлері белсенділік танытып жатыр. Тиісті ведомство бағдарлама тек шағын және орта бизнес өкілдері ғана емес, ірі бизнестің өкілдері де қатыс алатынын айтты.

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың осы жылғы 29 сәуірде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІІ сессиясында берген тапсырмаларын іске асыру барысын арқау еткен отырысқа Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Ж.Қ. Түймебаев, Сыртқы істер, Ұлттық экономика министрліктерінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысты.

Пресс-конференция басталмас бұрын Қазақстан халықтары ассамблеясының кәсіппен айналысатын мүшелері өндіретін тұтыну тауарларының көрмесі көрсетілді. Көрмеде көрермен назарына ұсынылған жеңіл өнеркәсіп, киім, тамақ өндірісінен бастап, түрлі зергерлік бұйымдар өндіріп келген кәсіпкерлер келушілерге өнімдерін таныстырды.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының Кәсіпкерлер қауымдастығы азаматтардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын арттыру міндеттерін шешу бағытында тұрақты жұмыс істеп келеді. Бүгінде біз этникалық ерекшелігіне қарамастан кәсіпкерлерді топтасытырып жатырмыз.Біз этникалық топтардың тарихи отандарынан инвестицияларды, жаңа технологиялар мен идеяларды тартамыз. Біздің мақсатымыз - «қарапайым заттар экономикасын» және шағын және орта бизнесті дамыту. осының арқасында нақты жұмыс орындары ашылады. Әлеуметтік мәселелерге оң әсері бар. Бүгінгі таңда ҚХА кәсіпкерлік қауымдастығы бизнесті дамыту институты ретінде өсті. Қазіргі уақытта ол 200-ден астам кәсіпорындар мен бизнес қауымдастықтарды біріктіреді», - деп мәлімдеді Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Ж.Қ. Түймебаев.

Ж.Қ. Түймебаевтың айтуынша барлық өңірлерде Қазақстан халықтары ассамблеясы кәсіпкерлік қауымдастығының аймақтық өкілдік құрылып, Нұр-Сұлтан қаласында бірыңғай фронт-офис ашылыпты. Соның арқасында жастарға көмектесу үшін жастар бастамашылары мен бизнес-идеяларды таңдау бойынша Сараптамалық кеңес құрылып, Жастар кәсіпкерлігі - Жалпыға ортақ инновациялық қауымдастық жас кәсіпкерлер кеңесінің жұмысы ұйымдастырылған. Нұр-Сұлтан қаласының № 83 мектеп-гимназиясының базасында құрылған технопаркта сұранысқа ие мамандықтар сабақ беріледі. Қауымдастық сайтында стартап авторлары мен әлеуетті инвесторлар тұрақты негізде өзара іс-қимыл және одан әрі ынтымақтастық туралы кездесулер өткізеді.

«Агроөнеркәсіптік кешенде инновацияларды дамыту және озық технологияларды енгізу мақсатында Ғылыми-инновациялық орталық құрылды. «Ғылыми-зерттеу жобалық-конструкторлық бюросы» жұмыс жасайды. Ассамблеяның Кәсіпкерлер қауымдастығы өзінің белсенділігінің арқасында шағын және орта бизнес үшін жаңа «жинақталу орны» болды.Бұл қазақстандық бизнестегі елеулі қоғамдық және экономикалық сегмент. Ол шағын және орта бизнес саласы - еліміздің әлеуметтік әл-ауқатының локомотивін біріктіреді. Алайда, біздің жұмысымыздың басты векторы - қарапайым заттар экономикасы және жұмыс орындарын құру болған, қазір де солай, алда да солай бола береді», - дейді Ж.Түймебаев.

Әрине, осы уақытқа дейін Қазақстан халықтары ассамблеясы кәсіпкерлік қауымдастығының белсенділігі ел басшылығының назарынан тыс қалып келген жоқ. XXVII сессия барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаев Ассамблеяның Кәсіпкерлер қауымдастығының қызметі туралы толыққанды тоқталып өтіп, оны дамыту бойынша бірқатар маңызды міндеттерді қойған еді.

Сол сессияда Елбасы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне:  Қазақстан халқы Ассамблеясының Кәсіпкерлер қауымдастығы арқылы шетелдік инвесторлармен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді және іскерлік байланыстарды дамыту және елге инвестициялар тарту үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының шетелдік достары клубын құру, сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері болып табылатын кәсіпкерлерді шетел мемлекеттерімен екі жақты іскерлік кеңестерге қосуға тапсырма берілді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер қауымдастығы қызметінің жаңа сапалы деңгейін қамтамасыз ету, оның құрамын бизнес-қауымдастықтың жетекші өкілдерін қосу арқылы күшейту жөнінде шаралар қабылдау да тапсырылған болатын.

Енді ҚХА Кәсіпкерлік қауымдастығы осы бағытта жұмыс істеуді қолға алмақ. Осы тұста  ҚР Сыртқы істер министрлігінің инвестиция жөніндегі комитетінің төрағасы Жайқов Тимур Адайұлы Ассамблеяның XVII сессиясындағы Елбасының Сыртқы істер министрліігіне берген тапсырмасы бойынша есеп берді.

«Ассамблеяның Кәсіпкерлер қауымдастығы арқылы шетелдік инвесторлармен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту тапсырмасы бойынша осы біздің Сыртқы істер министрлігі Қазақинвестпен бірге Қазақстан мен шетелде елеулі шаралар өткізу мәселелерін қарастырып жатырмыз. Ол шараларға Қазқстанның іскерлік клубтары және шетелдік тараптан әртүрлі сектордағы компаниялар қатысатын болады. Менің ойымша осындай шараларға ҚХА кәсіпкерлік қауымдастығының мүшелерін тарту экономикалық ынтымақтастықтың артуын қамтамасыз етеді деп ойламын. Қазақстандық кәсіпкерлікті түрлі экономикалық салада таныта алу «Атамекен» кәспкерлік палатасының да басты бағыты», - деп атап өтті ҚР Сыртқы істер министрлігінің инвестиция жөніндегі комитетінің төрағасы Жайқов Тимур Адайұлы

Пресс конференцияда тиісті мемлекеттік орган өкілдерінің ұсыныстары мен баяндамалары тыңдалғаннан кейін Ж.Түймебаев өз кезегінде, Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлерді жан-жақты қолдауды жалғастырып жатқанын айта келе, Ассамблеяның Кәсіпкерлер қауымдастығының жұмысына үлес қосқан бизнес өкілдеріне алғыс хаттар мен «Мейірім» естелік белгісін табыстады.

Айдана Абдрахманова

Материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды