• Басты
  • Президент тапсырмасы: Үкімет қандай іс-шараларды жүзеге асырады
23 Шілде, 2019 11:45

Президент тапсырмасы: Үкімет қандай іс-шараларды жүзеге асырады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау барысы кезекті Үкімет отырысында талқыланды. Құзырлы министрліктер мен Премьер-Министрлердің орынбасарлары орындалуы керек бірқатар іс-шралар жоспарын айтып берді. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.

Президент тапсырмасы: Үкімет қандай іс-шараларды жүзеге асырады | Strategy2050.kz

Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасы Ерболат Досаев  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында 2019 жылғы 15 шілдеде берген тапсырмаларына сәйкес қаржы реттеушісінің қандай жұмыстар жүргізетінін айтып берді.

Ол экономиканы қолжетімді кредиттік ресурстармен қамтамасыз ету үшін Ұлттық Банк «қарапайым заттар экономикасын» кредиттеу үшін банктерге ұзақ мерзімді қор беру механизмін жетілдіретінін атап өтті.

«Бағдарлама бойынша бөлінетін 600 млрд теңге Ұлттық Банктің ноттарын немесе басқа қаржы құралдарын сатып алу мүмкіндігісіз бекітілген бағыттар бойынша кредиттер беруге ғана пайдаланылады. Банктердің облигацияларын сатып алу әлеуетті жобалардың тізімі болған кезде ғана жүзеге асырылады, ал банктердің облигацияларын сатып алуға жаңа транштар бұрын бөлінген қаражат толық игерілгеннен кейін бөлінеді», - деп хабарлады Е. Досаев.

Ол экономиканың нақты секторындағы бірқатар кәсіпорындардың шектен тыс кредиттелуі және төлем жасау қабілетсіздігі бизнесті одан әрі кредиттеуді тежеп тұрғанын атап өтті.

«Сондықтан кредиттеу процесін жандандыру үшін Үкімет тарапынан капиталы жеткіліксіз немесе теріс кәсіпорындарды жедел қалыпқа келтіру шараларын қабылдау маңызды деп санаймын», - деді Ұлттық Банк басшысы.

Сонымен бірге, Е. Досаев Ұлттық Банк бекіткен, кепілсіз тұтынушылық кредиттер бойынша есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдарды ағымдағы жылғы 30 шілдеге дейін есептен шығару механизміне сәйкес банктер мен микроқаржы ұйымдары есептелген тұрақсыздық айыбы бойынша берешекті кешіруді жүзеге асыратынын хабарлады.

Банктер, микроқаржы ұйымдары және Проблемалық кредиттер қоры арасында есептен шығарылған айыппұлдар мен өсімпұлдардың бір бөлігін өтеу туралы келісім жасалған соң 20 тамызға дейін ПКҚ банктерге және микроқаржы ұйымдарына айыппұлдар мен өсімпұлдар бойынша кешірілген берешектің 30%-ын өтейді.

«Осыдан кейін, Ұлттық Банк өзінің бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру шеңберінде есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдарды кешіру бойынша банктер мен микроқаржы ұйымдары жүргізген рәсімдерді тексереді. Жүйелік проблемаларды және болашақта азаматтардың берешегінің бақылаусыз өсуін шектеу мақсатында осы жылдың соңына дейін Ұлттық Банк кредиттеу субъектілерін, оның ішінде онлайн-кредиторларды, кредиттік серіктестіктерді және ломбардтарды реттеу мәселелері бойынша қажетті нормативтік-құқықтық актілер қабылдайды», - деп түсіндірді Ұлттық Банк Төрағасы.

Ол Банктер мен банктік қызмет туралы заңға және Микроқаржылық ұйымдар туралы заңға 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздарға тұрақсыздық айыбын, комиссияларды және өзге де төлемдер есептеуге тыйым белгілеу бойынша түзетулер енгізілетінін айтты.

Бұл түзетулерді Ұлттық Банк Парламенттің қарауына ағымдағы жылғы қыркүйекте енгізеді.

«Азаматтардың борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу кезінде қарыз беру кезінде қарыз алушының барлық міндеттемелері, оның төлем қабілеттілігі және әлеуметтік мәртебесі есепке алынатын болады. Мәселен, борыштық жүктеме коэффициентінің шекті мөлшерін есептеу кезінде отбасының кәмелеттік жасқа толмаған әрбір мүшесіне тиесілі ең төменгі күнкөріс мөлшері шегерілетін болады. Пруденциялық реттеу шеңберінде кепілсіз тұтынушылық кредиттер беру кезіндегі банктердің меншік капиталына қойылатын талаптар күшейеді. Бұл шектен тыс кредит беру саясатының алдын алуға бағытталған», - деді Е. Досаев.

 Ұлттық Банк басшысы атап өткендей, заң аясындағы актілерге тиісті түзетулерді Ұлттық Банк ағымдағы жылғы қыркүйекте қабылдайтын болады.

Е. Досаев Ұлттық Банк банк секторын қалпына келтіру процесін түпкілікті аяқтау үшін ағымдағы жылдың екінші жартысында халықаралық стандарттар бойынша банктер активтерінің сапасын тәуелсіз бағалау жүргізетінін де айтты. Бағалауға халықаралық сарапшылар тартылды.

«Енгізілген тәуекелге бағдарланған қадағалауды және активтердің сапасын бағалауды ескере отырып, Қазақстанның банк жүйесінің дамуы мен тұрақтылығын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері іске асырылатын болады», - деп толықтырды ол.

Е. Досаев айтып өткендей, жүргізіліп отырған бағам саясатына халықтың және бизнестің сенімін және транспаренттілігін арттыру Ұлттық Банк жұмысының негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады.

«Бұл бағытта Ұлттық Банк бірқатар шаралар кешенін қабылдады. 2019 жылғы 1 шілдеден бастап KASE Қазақстан қор биржасына сауда күнін ұзарту және қатысушылар үшін сауда-саттықтың қолжетімділігін арттыру мақсатында өтпелі валюталық сессия енгізілді. Шетел валюталарымен сауда-саттық жүргізудің жаңа режимі шетелдік қатысушылар үшін теңгемен есеп айырысулар мүмкіндігін кеңейтеді», - деді ол.

Ұлттық Банк Төрағасының айтуынша, валюталық интервенцияны қоса алғанда, өткен айда жасалған барлық операциялар туралы ақпарат жария етіледі, базалық мөлшерлемеге қатысты келешектегі іс-қимылдарға және ақша-кредит және валюталық саясат бағыттары туралы белгілерге қатысты бағдарлар беріледі.

«Жүргізіліп отырған бағам саясатына сенімді арттыру үшін валюта нарығындағы ахуал бойынша түсіндіру жұмыстары және нарыққа кәсіби қатысушылармен және халықпен қарым-қатынас жалғасады. Валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың теңгерімін жақсарту үшін валюта нарығындағы квазимемлекеттік сектор компаниялары ісқимылының үйлесімін және келісімділігін арттыру шаралары қабылдануда. Шетел валютасын сатып алу көлемі ай сайын келісіледі», - деп хабарлады  Е. Досаев.

Сөзін қорытындылай келе Ұлттық Банк басшысы Халықаралық валюта қорының жуырдағы Қазақстанға миссиясы аясында ақша-кредит саясаты мәселелері бойынша бірқатар нәтижелі кездесулер өткенін атап өтті.

«Біз жүргізіліп отырған бағам саясатына қатысты халықтың және бизнестің сенімін және транспаренттілігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды Президент белгілеген мерзімде ұсынуға дайынбыз», - деп сөзін қорытындылады Е. Досаев.

Өз кезегінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов жыл соңына дейін Мемлекеттік басқаруды дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленетінін атап өтті.

«Онда мемлекеттік аппаратты онтайландыру, кадрлық жоспарлау және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мәселелері көрініс табады.Бюджеттік жоспарлау мен мемлекеттік қаржыны пайдалану тиімділігінарттырудың жүйелі мәселелерін шешу үшін Парламент пен Есеп комитетінің ұсынымдары бойынша тиісті Жол картасы бекітілді», - деді Ә.Смайылов.

Сондай-ақ, жол картасының орындалу барысы туралы алдын ала есеп күзде ұсынылатын болады.

«Биыл стратегиялық жоспарлардың рөлін арттыру бөлігінде нормативтік негіз дайындау жоспарланып отыр.Оларды қарау кезінде, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері саланы және тұтастай елдің одан әрі дамуына әсер ететін нысаналы индикаторларға қол жеткізу тұрғысынан қаражат бөлу қажеттілігін дәлелдейтін болады.ҰЭМ жанынан мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландырудың негізділігін қарау жөніндегі Үйлестіру кеңесі құрылатын болады.Жаңа мемлекеттік бағдарламаларды бекіту кезінде бөлінетін лимиттер шеңберінде мемлекеттік қолдаудың тиімді шараларына ғана қолдау ұсынылады», - деді ол.

Сонымен қатар, бюджет қаражатының тиімділігін арттыру мақсатында бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде ең алдымен әлеуметтік-экономикалық әсері ескеріледі.

«Сондай-ақ, көрмелер, конференциялар және дөңгелек үстелдер өткізуге арналған шығыстарға талдау жүргізілуде.Өткізілген мемлекеттік сатып алу мониторингінің нәтижелері бойынша имидждік іс-шараларға сатып алудың ең көп сомасы жергілікті бюджеттерге тиесілі болды.Жақын арада жол картасын әзірлеу аяқталады және республикалық және жергілікті бюджеттер құрамында осы шығыстарды оңтайландыру бойынша қажетті іс-қимылдар алгоритмі анықталатын болады», - деді Ә. Смайылов.

Сондай-ақ, биылғы тамызда Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесіне өзгерістер енгізіледі.

«2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап корпоративтік табыс салығын шағын және орта бизнестен жергілікті бюджеттерге беруді ескере отырып, айқындалатын болады.Ағымдағы жылғы қазанда квазимемлекеттік секторға бөлінетін қаражатты пайдалану тиімділігіне талдау жүргізіледі.Салынған қаражаттан қайтарымды бақылау бойынша тәсілдер және квазимемлекеттік сектор қызметінің тиімділігін бағалау үшін әдістеме жобасы әзірленеді», - деді ол.

Сонымен қатар, биылғы  жылғы желтоқсанда ҰЭМ Есеп комитетімен бірлесіп мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланғаны және жоспарлағаны үшін жауапкершілікті күшейту бойынша шаралар, оның ішінде заңнамаға өзгерістер қабылданатын болады.

«Ағымдағы жылдың желтоқсанында өңірлердегі ГЧП жобалары бойынша мониторинг жүйесі енгізілетін болады.Инвестициялар мен міндеттемелер арасындағы теңгерім, ГЧП міндеттемелерінің лимитін және өтелуін бақылау, нәтижелілікті бақылау ескерілетін болады.Мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының шығыстарын қысқарту және қаражатын үнемдеу бойынша ревизия жүргізіледі.Талдау қорытындылары бойынша 402 млрд.теңгеге 173 мемлекеттік тапсырманың ішінен жұмыстар мен қызметтер тізбесінен жалпы сомасы 38 млрд. теңгеге 68 тапсырманы мемлекеттік сатып алуға ауыстыру жолымен алып тастау ұсынылады», - деді ол.

Сонымен қатар, инвестициялық жобаларға бөлінетін бюджеттік шығыстар 1,4 трлн. теңгені құрады. 

«Осы қаражатты ұтымды пайдалану үшін үлгілік жобаларды міндетті түрде пайдалана отырып, құрылыс кезінде Жобалардың бірыңғай банкін құру ұсынылады.Бұл жобалау-сметалық құжаттама мен техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуге арналған шығыстарды 30%-ке дейін немесе 13 млрд теңгеге, ал құрылыс мерзімін 6-9 айға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.Бұл үшін заңнамаға өзгерістер енгізу қажет.Мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру өнім берушілердің біліктілігін арттыруға, отандық тауар өндірушілерді қолдауға, сондай-ақ рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталатын болады.Мемлекеттік сатып алуды орталықтандыру моделін енгізу, интернет - дүкендер арқылы сатып алу тәсілдерін енгізу және негіздемелік келісімдерді қолдану пысықталуда», - деді ол.

Бюджет процесінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік беретін, әрбір тұрғынға жергілікті бюджет қаражатын бөлуге қатысуға мүмкіндік беру үшін 2018 жылы Нұр-сұлтан қаласының «Сарыарқа» ауданының әкімдігі «қатысу бюджеті» пилоттық жобасын енгізді.

«Азаматтар сомасы 500 млн. теңгеге бюджетті бөледі.Бұл қағидатты Алматы қаласында да енгізу жоспарланып отыр. Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша жергілікті деңгейде «халықтық қатысу бюджеттерін» енгізу бойынша ұсыныстар енгізілетін болады», - деді ол.

Жалпы, жоғарыда көрсетілген шаралар бюджеттік жоспарлаудың сапасын жақсартуға, қаражаттың жұмсалуын бақылауды күшейтуге және мемлекеттік қаржының теңгерімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы атап өткендей, инвестиция тарту мәселесі тұрақты бақылауда болуы тиіс.

«Бұл жұмыс екі бағытта жасалады.Біріншіден, инвестициялық климатты одан әрі жақсарту.Ұлттық экономика министрлігі Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп елдің инвестициялық климатын жақсартуға бағытталған заң жобасын әзірледі.Заң жобасы заңнама тұрақтылығын енгізу, салық заңнамасын қылмыстық сипаттан арылту, көші-қон заңнамасын либерализациялау, валюталық тәуекелдерді хеджирлеу, инфрақұрылымға шығындарды өтеу және инвестицияларды мемлекеттік қолдауды жетілдіру сияқты аспектілерді қамтиды», - деді Ә. Смайылов.

Сондай-ақ,  белсенді түрде инвестиция тарту.

«Сыртқы істер министрлігі инвестиция тартудың Елшілік – орталық – өңір делінетін үш деңгейлі жүйесін құруда.Әрбір министрлік пен өңірде инвестициялық жұмысқа жауапты бірінші басшылардың орынбасарлары анықталды.45 мыңнан астам жұмыс орнын құруға байланысты  шамамен 50 млрд. доллары сомасына шетелдік қатысумен 185 ірі жобаға мониторинг жүргізілуде. Биылғы жылдың  соңына дейін 30 жобаны  (2 млрд. долл.) пайдалануға енгізу бойынша жәрдем көрсету және 35 жобабойынша құрылыс жұмыстардың басталуы (4,1 млрд. долл., 10 мың жұмыс орындары) жоспарланады», - деді ол.

Екінші жарты жылдықта Жапония, Германия, Америка Құрама Штаттары, Корея, Франция, Ұлыбритания, Сингапур, Испания сияқты елдерде бірқатар инвестициялық іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

«Инвесторларға барынша қолайлы қызмет көрсету үшін өңірлерде фронт-офистар құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ең үлгілі инвестициялық фронт-офистар Қызылорда, Ақтөбе, Павлодар, Ақмола облыстарында және Шымкент қаласында құрылған.Қалған өңірлер осы жұмысты қолға алу керек.Елбасының стратегиялық бастамаларын, Мемлекет Басшысының тапсырмаларын және Президенттің сайлау алдындағы бағдарламасын іске асыру бойынша Үкіметтің Жаңа күн тәртібі әзірленді», - деді министр.

Инвестицияларды белсенді тартуға, өнімді жұмыс орындарын құруға, экономиканы әртараптандыруға, өнімділікті арттыруға және экспортты жылжытуға бағытталған жүйелі және құрылымдық шаралар кешенін қамтитын 7 басым бағыт анықталды.

«Бұдан басқа, әзірленген шаралар инфрақұрылымды дамыту, қолжетімді білім берумен және медициналық қызметтермен қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің тиімділігін арттыру арқылы халықтың өмір сүру сапасынжақсартуға бағытталған.Жаңа күн тәртібін мониторингтеу және тиімді іске асыру үшін үздік халықаралық тәжірибе негізінде Үкіметтің Жобалық кеңсесі құрылды.Бұл тәсіл Ұлыбритания, Малайзия, Араб Әмірліктері сияқты елдерде қолдануда және өзінің тиімділігін көрсетті», - деді ол.

Жаңа күн тәртібін іс жүзінде жүзеге асыру үшін 14 жұмыс тобы құрылды, оның құрамына мемлекеттік органдар, бизнес және эксперт қауымдастық өкілдері кірді.

«Бүгінгі таңда іс-қимылдың егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеу жүргізілуде.Нақты мерзімдермен, нысаналы индикаторлармен, қол жеткізу құралдарымен, жауапты тұлғаларды тіркеумен 180 іс-шараәзірленді.25-ші шілдеден бастап жұмыс топтарының басшыларымен  министрлермен іс-қимыл жоспарларын келісу басталады.1 тамыздан бастап басым бағыттардың кураторларымен Премьер-Министрдің орынбасарларымен талқылау басталады.Сосын іс-қимыл жоспары Премьер-Министрге ұсынылады», - деді ол.

Жобалық кеңсе тұрақты мониторингті жүзеге асырады және Жаңа күн тәртібін іске асыруға белсенді жәрдемдесетін болады.

Мұндай тәсіл Жаңа күн тәртібіндегі негізгі нысаналы индикаторларға қол жеткізуді және Мемлекет басшысының тапсырмаларын тиімді және уақтылы орындауға мүмкіндік береді.

ҚР Премьер-Министрінің  орынбасары  Жеңіс  Қасымбек   тапсырмалар аясында  жүйелік проблемаларды анықтау мен индустрияландыру бағдарламаларын талдау жүргізіліп жатқанын айтты.

«Қазіргі уақытта  ИИДМ  Индустрияландырудың екінші бесжылдығына талдау жүргізуде. Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен, әкімдіктерімен, даму институттарымен  экономика секторларына  мемлекеттік  қолдаудың ұсынылатын шаралардың   тиімділігі іс-шаралар жоспарларының   іске асыру тиімділігі  мәселелері қарастырылып жатыр. Талдау нәтижелері  2020-2025 жылдарға  арналған әзірленіп жатқан Индустрияландыру бағдарламасында ескерілетін болады», - деді Ж.Қасымбек.

Өз кезегінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова  Президенттің әлеуметтік тапсырмалары бойынша атқарылатын іс-шараларды айтып берді.

«Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша, атаулы әлеуметтік көмекті көрсетуге нақты, ашық рәсімдерді  бекіту және бақылауды күшейту үшін әлеуметтік  келісімшартты міндетті  түрде жасау бойынша  автоматтандырылған  бақылау  әлеуметтік карталар арқылы отбасының әл-ауқаттық деңгейін бағалау. Өңірлерде мониторингтік топтардың шығуын ұйымдастыру. Алаяқтық және жемқорлық фактілер табылған жағдайда  жедел түрде құқық қорғау органдарына жіберілетін болады. Бұл жөнінде әкімдіктерге бірнеше рет нақты фактілерге сүйініп, жиналыс өткізілді. Сондықтан активті түрде жұмыс жүргізу керек», - деді Г.Әбдіқалықова.

Ал, Премьер-Министр Асқар  Мамин Мемлекет басшысының тапсырмалары халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын айтты.

«Мемлекет басшысы атап өткендей, Үкіметтің қазіргі және алдағы басты міндеттері халықтың өмір сүру және табысын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, инвестициялар тарту болып табылады. Барлық мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен әкімдіктер инвестиция тарту бойынша жұмысты белсенді түрде жүргізуде. Осы ретте мемлекет  тарапынан қолдау шаралары қабылданып, инвестиция тарту ахуалын жақсырту қажет. Осы жұмысты бақылау үшін әрбір мемлекеттік органға, ұлттық холдингке  және әкімдіктерге өзекті тақырыптар бойынша көрсеткіштер белгіленеді. Жаңа тиімді жұмыс орындарын құру үшін экономиканың  барлық секторларында өндірісті әртараптандыру, технологияларды енгізу, өндіріс пен экспортты кеңейту мәселелерін жалғастыру керек», - деді А.Мамин.

Аягөз Құрмаш 

Материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды