- Басты
- Қоғамдық кеңестердің еліміздегі рөлі қандай
Қоғамдық кеңестердің еліміздегі рөлі қандай

Жалпы Қазақстанда қоғамдық кеңестер Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» ұлт жоспары аясында құрылғаннан бастап жұмыс істеп келеді. Ал, 2015 жылы Қоғамдық кеңестер туралы заң қабылданды. Осы орайда, 2019 жылдың соңғы тоқсанында аталмыш кеңестердің қызметі сараланып, жетілдірілетін болады.
Қазақстандағы қоғамдық кеңестер институтының дамуының әлеуметтік зерттеу бағдарламасы жобасы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының грантымен қаржыландырылады. Бірнеше айға созылатын республикалық жобаның жетекшісі Азаматтық альянсының вице-президенті Гамал Тузелбаевтың айтуынша, қоғамдық институттар – мемлекеттік қызметті қадағалау бойынша өзінің әлеуетінің мықты екендігін көрсетіп берді.
«Биылғы қоғамдық кеңестердің құрамында қазақстан бойынша аудан, облыс, мемлекеттік маңызы бар қала деңгейінде жұмыс атқаратын 231 кеңес болса, оның ішінде республикалық деңгейде 15 қоғамдық кеңес жұмыс істеп отыр. Облыс орталықтарында және Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында олардың саны – 17, қалған 199-ы қала мен ауыл деңгейіндегі қоғамдық кеңестер. Олардың мүшелігінде жалпы 3570 адам бар. Оның ішінде 3305-і өңірлердегі қоғамдық кеңес өкілдері. Ал, қалғандары орталық мемлекеттік органдарда істеп жатқандар. Қоғамдық кеңес жұмысында азаматтық қоғам қалыптастыруда рөлі өте зор, оның мүшелері қала, аудан деңгейіндегі кеңестерде болсын өз өңірінде беделге ие тұлғалар. Бұл институт мемлекеттік қызметті қадағалау бойынша өзінің әлеуетінің мықты екендігін көрсетті. Осы жылдың қараша айында кеңестердің қызметі туралы кешенді баяндама жасаймыз. Ол туралы ақпарат бүкіл елге мәлім болады. Сол үшін біз қазір қоғамдық кеңестердің жұмысын зерттеуге кірісіп кеттік. Өңірлерде, аудан, қалалардағы қоғамдық кеңестердің қызметін зерттеп, олардың даму деңгей туралы мәліметтті халық алдында баяндап беретін боламыз», - деді Гамал Түзелбаев.
Сондай-ақ ол, қоғамдық кеңестердің негізігі артықшылығы адамның пікір айту және оны жеткізе алу мүмкіндігі, деп ерекше атап өтті.
Олардың еліміздегі әлеуетін зерттеу жобасына «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-нан бөлінген грант көлемі бүкіл Қазақстан бойынша 18 миллион 600 теңгені құрап отыр.
«Аталмыш жоба биылға бағытталған. Біздің қызметіміз гранттық қолдаумен ғана атқарылып отырған жоқ. Былтырғы жылы да ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен қаржы көздері қарастырлмаса да Қазақстан Азаматтық альянсымен бірігіп, басқа да халықаралық сарапшыларды шақырып, осындай жұмыстарды жүргізген болатынбыз. Биылға бізге үлкен көмек болғаны – «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-нан грант бөлінгені. Бізге, үкіметтік емес ұйымдарға демеу болды. Неге десеңіз, жұмыстың сапасы жоғарылайды, деп ойлаймыз. Оның нәтижесінде қандай қиындықтар, қандай оңтайлы тәжірибелер бар екендігін анықтап, жинақтап, қоғамдық кеңестерді дамыту бағытында ұсыныстар енгіземіз», - деген түсінік берді Г.Түзелбаев.
Жоба бойынша негізгі дала жұмыстары 2019 жылдың маусым айынан тамыз айына дейін жүргізіледі.
«Дала жұмысына тек қана кабинеттегі зерттеу ғана емес, жергілікті аудан, қала, облыс, ірі мегаполистердегі халықтың ой-пікірін сұрау кіреді. Сұраулар – осы қоғамдық кеңес институттарына байланысты болады. Олардың ой-пікірлерінен басқа, ұсыныстарын да есепке аламыз. Қорытындысы бойынша талқылап, талдаудан өткеннен кейін оның нәтижесі осы жылдың қараша айында жасайтын кешенді баяндамамызға кіргізіледі», - деді Гамал Тузелбаев.
Азаматтық альянсының вице-президенті Гамал Тузелбаевтың айтуынша, аталмыш зерттеудің қатысушыларынан алған пікірлер мен сындарлы ұсынымдар жиналып, жыл қорытындысында Қазақстан Республикасындағы қоғамдық кеңестер институтын одан әрі дамыту жөніндегі практикалық ұсыныстарға енгізу процесстері атқарылады.
«Қоғамдық кеңестер әрбір әкімдіктің жанында, тіпті министрліктің жанында қызмет атқаратын қоғамдық кеңестер арқылы оардың құжаттары, істеп жатқан программаларының барлығы солар арқылы өтеді. Оның бәріне қоғамдық кеңестер қатысып, өздерінің ұсыныстары мен ұсынымдарын беріп отыр. Кей ұсыныстар өтіп, кейбіреулері өтпей жатады. Күздегі қорытындымызда 2016 жылдан бергі осы кеңестердің қиындықтары, кедергілері, атқарған жұмыстары туралы есеп береміз. Зерделеу нәтижесінде ұсыныстар ұсынамыз», - деді ол.
Әлеуметтік зерттеу еліміздегі қоғамдық кеңестер институтының қазіргі даму деңгейін анықтауға бағытталып, сондай-ақ, құқықтық мониторингті, халықпен өзара іс-қимыл деңгейін өлшеуді, жеке бастама көтере алуы, мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет нәтижелері және аталмыш кеңес тетіктерін қолдау қамтуы тиіс.
Осы шара бойынша Қазақстанның азаматтық альянсының басты серіктесі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Ғалымова Әлия Қайратқызы кеңестердің жұмысын дамыту мақсатындағы атқарылатын, атқарылып келе жатқан негізгі бағыттарымен бөлісті.
«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің серіктесуімен қоғамдық инстуттар мен оның рөлін жетілдіру мақсатында бірнеше бағыт бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ең алдымен – екі жылда бір рет еліміз бойынша барлық қоғамдық кеңестердің үлкен жиыны, мәжілісі өткізіледі. Ең алғашқы мәжіліс 2017 жылы өтсе, одан кейінгі мәжіліс осы жылы ақпан айында өткізілді. Онда қоғамдық кеңестердің үздік тәжірибелері, олардың жұмысын оңтайландыру, дамыту бойынша сапалы ұсыныстары ортаға салынды. Ал, екінші бағыт бойынша 2018 жылы бірінші рет қоғамдық кеңестер жұмысына қатысты және қоғамдық бақылау мәселеріне келетін үкіметке ұсыныс ұсынылып, енгізілді. Сондай-ақ, үшінші маңызды бағыт осы қоғамдық кеңестер қызметіне қатысты заңнаманы жетілду болып табылады», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Әлия Қайратқызы.
Сондай-ақ, аталмыш кеңестерге қатысты заң жобасының негізгі ережелері де мәлім болды. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті өкілдерінің мәліметінше аталмыш заң жобасы қоғамдық кеңес жұмысының құқықтық саласындағы өзгерістер оның құрылымдық және ұйымдастыру мәселелеріне, сонымен қатар қоғамдық кеңестерді қалыптастыру тетіктерін оңтайландыруға, кеңес мүшелерінің өкілеттіліктерін тоқтатуға, ұзартуға, кеңес қызметін материалдық-техникалық, қаржылық көздерін қамтамасыз ету туралы болды. Комитет мәліметінше, заң жобасы қоғамдық кеңес институтын дамыту саласындағы функцияларды анықтайды. Заң жобасы азаматтық қоғамдық ұйымдар, үкіметтік емес ұйым өкілдері, қоғамдық кеңес өкілдері және халықаралы сарапшылардың тікелей қатысуымен әзірленіпті. Оны әзірлеу туралы жұмыс тобына үкіметтік емес ұйымдардан, қоғамдық кеңестерден, халықаралық ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, арнайы сарапшылардан келген мыңнан астам ұсыныстар өңделіп, ұсынылған.
P.S. Елбасы Н.Назарбаевтың бес институционалды реформасын жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» ұлт жоспары аясында елімізде қоғамдық кеңестер құрылған еді. Алғаш рет Қоғамдық кеңестер туралы заң 2015 жылы қабылданған болатын. Ол дегеніміз, мемлекеттің халық алдында есеп беруін қалыптастырудың, мемлекеттік саясатты іске асырудың бір көрінісі. Қорыта келе, қоғамдық кеңестер коммерциялық емес ұйымдармен, ел азаматтарымен бірге министрліктер, Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар, Мемлекет басшысына тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару органдары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы органдар. 2015 жылғы «Қоғамдық кеңестер туралы» еліміздің Заңына сәйкес Қоғамдық кеңес құрамы негізінен тәжірибиелі заң саласының өкілдерінен тұруы керек. Сонымен қатар, оның құрамына қоғам және мемлекет қайраткерлері, танымал адвокаттар, төрелік қызметкерлері, сенім білдірілген өкілдер, білімімен, практикалық тәжірибиесімен құқықтық саладағы қызметте барабар баға беріп, ұсыныстар ұсына алатын басқа да заңгерлер де енгізілген. Олардың жұмыс жоспарына сәйкес Қоғамдық кеңес отырыстарында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты нормавтивтік құқықтық актілер жобалар, стратегиялық жоспардың және тағы басқа көптеген құжаттардың орындалуы талқыланады.
Айдана Абдрахманова
Материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.
-
Astana Hub стартаптары 1000-нан астам жұмыс орнын құрды
Astana Hub IT-стартаптардың халықаралық технопаркінде стартаптарды дамытудың тегін бағдарламасының қорытындысын шығарды. Әлеуетті инвесторлар алдында өз жобаларын 5 және 6 акселерация ағымы бойынша 15 үздік стартаптар жобаларын қорғады.
13 Желтоқсан 2019, 14:45
-
Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамыту қандай деңгейде
Елордада ҚР Отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының бірінші съезі өтті. Шаранаң тақырыбы Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі:мемлекеттің,бизнестің және үкіметтік емес ұйымдар серіктестігі арқылы ғана өндіріс әлеуетін іске асыруға болатынына арналып отыр,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
11 Желтоқсан 2019, 11:22
-
Н. Нығматулин: Шахмат – спортта дұрыс қадам жасауға үйретеді
Мәжілісте түрлі жас санаттары бойынша әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Динара Сәдуақасовамен бір мезгілде ойын сеансы өтті.
10 Желтоқсан 2019, 14:26
-
Қазақстан Кореяға қандай тәжірибе бере алады
Қазақстан Солтүстік Кореяға ядролық қарусыздану бойынша үлгі бола алады. Бұл туралы «Корея түбегінің қосылуы және бейбітшілігі: Қазақстан тәжірибесі» атты семинар барысында Кореяның Қазақстандағы елшісі Ким Дэсик мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
06 Желтоқсан 2019, 11:35
-
Президенттік институттың ел тағдырындағы рөлі қандай
Елордада «Президенттік институт: қазақстандық модель» ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған халықаралық парламенттік конференция өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
27 Қараша 2019, 15:27
-
Ішкі істер министрінің қабылдауына 100-ден астам адам жазылды
102 адам жалпы республикалық бірыңғай азаматтарды қабылдау күні Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қабылдауына жазылды.
21 Қараша 2019, 14:50
-
Egemen Qazaqstan 100 жылдық мерейтойын атап өтті
"Egemen Qazaqstan" республикалық газетінің 100 жылдығына орай салтанатты жиын өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
21 Қараша 2019, 12:14
-
«Қазақстанның 100 жаңа есіміне» дауыс беру мерзімі ұзартылды
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» үшінші кезеңінің дауыс беру мерзімі 25 қарашаға дейін ұзартылды.
19 Қараша 2019, 17:04
-
Елордада қандай халықаралық іс-шаралар өтеді
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 19 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Германия Федералдық Сыртқы істер министрлігінің Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық мәселелері бойынша уәкілетті өкілі Михаел Зибертпен кездесуі өтетінін айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz.
18 Қараша 2019, 18:13
-
ҚХА: «БАҚ және қоғамдық келісім» медиа форумы өтті
Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының халықаралық медиа форумы шетелдік сарапшылар мен отандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен биыл «БАҚ және қоғамдық келісім» деген тақырыппен төртінші мәрте өтті. Форум қорытындысында БАҚ арасындағы «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.
13 Қараша 2019, 18:08
-
Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму ахуалы қандай
Алматы облысының аудандары белсенді даму үстінде. Жеке аудандардың дамуы жалпы облыстың қарқынды дамуына ықпал етеді. Мәселен, Көксу ауданында 2100 гектарға қант қызылшасы себілген, қазіргі кезде соның 1800 гектары толығымен жиналды. Орташа өнімділігі 370-380 центнерден айналуда, деп хабарлады Strategy2050.kz.
13 Қараша 2019, 11:35
-
Қоғамдық және азаматтық бақылауды күшейту керек - А.Шпекбаев
Елордада "Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі –Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің ресми тұсаукесері өтті. Жиынға қатысып, сөз сөйлеген ҚР сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықты азайту үшін қоғамдық және азаматтық бақылауды күшейту керек екенін атап өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
11 Қараша 2019, 16:54
-
Сенатта «Ауыл-ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыру талқыланды
Парламент Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті еліміздің Ұлттық экономика, ауыл шаруашылығы, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің басшыларымен кездесіп, «Ауыл-ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыру барысын талқылады.
08 Қараша 2019, 11:59
-
Астана клубында қандай мәселелер талқыланады
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінде «Астана клубының» алдағы отырысына арналған брифинг өтті. Елордасына халықаралық қатынастар саласындағы әлемдік деңгейдегі саясаткерлер, сарапшылар мен дипломаттардың басын қосқан халықаралық пікірталас алаңы осымен бесінші мәрте өткізіледі.
07 Қараша 2019, 14:44
-
Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
06 Қараша 2019, 17:54
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды