- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Қазақстан-2050» Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысы өтуде
Астанада «Қазақстан-2050» Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысы өтуде
Шараға «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары қатысуда.
«Елбасы Қазақстан-2050 стратегиясын жүзеге асыру үшін негізгі міндеттерді бес жылға бөліп берді. Бастысы еліміздің дамыған 30 елдің қатарына кіруіне тек билік ғана емес, күллі қоғам атсалысуы керек. Барлық партиялардың басын қосқан «Қазақстан-2050» Демокраиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы Елбасы тапсырған міндеттер бойынша ортақ ұстаным әзірлеуде», - деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.
Ол атап өткендей, коалицияның мақсаты халықты біріктіріп, Жолдауды түсіндіру жұмыстарын жүргізу және жергілікті жұрттың мұң-мұқтажын Үкіметке жеткізу.
«Барлық негізгі жұмыстар ақпан айында басталып, жыл соңына дейін барлық жоспарлар кезең-кезеңімен іске асырылады. Егер, жалпыұлттық жоба туралы айтатын болсақ Үкімет оны іске асыру үшін негізгі жеті бағытты белгілеп берді», - деді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев.
-
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
Тоқаевтың төрағалығымен ЕАЭО елдері басшыларының отырысы өтіп жатыр -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Мәжіліс отырысы: «Байқоңырдан» ұшатын зымырандар, мектептегі қауіпсіздік, мектеп емтихандарын болдырмау -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
Сенат отырысы: қабылданған Заңдар, қос азаматтық мәселесі, Арал проблемасы, Таразда ескірген су құрылғылары -
Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті -
ҚР-дағы эпиджағдай: Шекараны кесіп өтудегі өзгерістер, «Ashyq» қосымшасы, 65+ жастағыларды вакцинациялау мәселесі -
Сарапшылар пікірі: "Президент Үкімет отырысында ең өзекті мәселелердің шешімін айтты" -
Сенат отырысы: Қазақстанның көлік жүргізушілеріне қатысты жаңа Заң қабылданды