- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері қандай?
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері қандай?
Ұлттық экономика министрлігінің Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаментінің директоры Асқар Жаппарқұлов Қазақстанның 2019 жылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы баяндай келіп, жалпы ішкі өнім көлемі 4,1%-ға артқанын хабарлады.
«Инфляцияның маусымдығын үнемі есепке алып отырамыз. Ол әдетте қыста көтеріліп, жазда түседі. Жыл қорытындысына бағалау жасадық, әзірге экономикалық дәліз шеңберіндеміз. Инфляция 5 пайыз шектеуінен шығады деп күтпейміз. Сол себепті бұған түбірі инфляцияға қатысты коммуналдық қызметке бағаның түсуі, сосын азық-түлік емес тауарларына деген бағаның өсуі ықпал етеді. біздің бағалауымызша, ол шектеуден аспайды. Қызмет ұсынуға қатысты, иә, ол ел экономикасы үшін маңызды рөл ойнайды. 2019 жылы пайда болған әр-түрлі әлеуметтік бағдарламалар мен жәрдемақылар әкономикалық өсімге оң әсер етпесе, теріс әресі жоқ. Халықта жалақы өскен сайын сұраныс өседі, ал ол сауда-саттықтарда да, қызметтерден де көрінеді. Біз сауда-саттықта 7,5 пайыз өсуді көріп отырмыз, ол сауда халыққа қатысты көрсеткішке байланысты. Ал табыстың өсуі болмаса, сауда да төмен болады. Біздің халықтың төлем қабілеті артты, тауар мен қызметті тұтынуы өсті деген сөз», - деді ол.
Салалар бойынша инвестициялардың едәуір өсуі байқалған. Ұлттық экономика министрлігінің Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаментінің директоры Асқар Жаппарқұловтың айтуынша, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметінде 88,8%-ды құрап, 34,5 млрд. теңгеге дейін жеткен, ауыл шаруашылығында инвестициялар көлемі 191,3 млрд. теңгеге дейін өскен. Сондай-ақ, құрылыста (54,7%, 52,9 млрд.теңгеге дейін), өнер, ойын-сауық және демалыста (27,7%, 54,5 млрд. теңгеге дейін), өнеркәсіпте (19,7%, 3 397, 1 млрд. теңгеге дейін) және жылжымайтын мүлік операцияларында (13,6%, 723,7 млрд. тенге) өсім байқалған.
«Елміздегі инфляция деңгейі жоспарланған дәлізде, жылдық 5,4%-ті құрап, негізгі капиталға инвестиция көлемі 2019 жылдың қаңтар-маусымында 11,7%-ке ұлғайды. Ал, ұлттық қордың шетел валютасындағы активі 0,3%-ке 58,2 млрд. АҚШ долларына дейін көбейді», - деді Асқар Жаппарқұлов.
Сондай-ақ, өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша кен өндіру өнеркәсібіндегі шығарылымының 2,1%-ға дейін ұлғаюуына байланысты 2,6%-ке өсті. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 2019 жылдың 1 тоқсанында, яғни алғашқы 4 айында 1,6% - тен 3,4% - ке дейін ұлғайған
Ұлттық экономика министрлігінің Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаментінің директоры Асқар Жаппарқұлов атап өткендей, саладағы оң серпін фармацевтикалық өнімнің 19,5%-ға, жеңіл өнеркәсіптің - 16,7%- ға, сусынның – 15,8%- ға, машина жасаудың – 13,4%- ға, мұнай өңдеу өнімінің – 8,6%- ға, ағаш бұйымның 5,8%- ға және металлургия өнеркәсібінің 1,5%- ға ұлғаюы есебінен болды.
Айдана Абдрахманова
Материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады