• Басты
  • Алматы облысы тұрғындарының қауіпсіздігі қалай реттеледі?
19 Шілде, 2019 18:10

Алматы облысы тұрғындарының қауіпсіздігі қалай реттеледі?

«Жолдағы қабылдау» және «Ауладағы қабылдау» республикалық іс-шаралары барысында тұрғындар қабылдау өткізген облыстық Полиция департаментінің бастығы Мұрат Ұрұмхановқа жол және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысты түрлі мәселелерді көтерді.
Алматы облысы тұрғындарының қауіпсіздігі қалай реттеледі?

«Мен облыс орталығының жаңа шағын аудандарының бірінде тұрамын. Бәрі әдемі. Бірақ, кейбір жастардың түнгі мезгілдегі қылықтары толғандырады. Қоғамдық тәртіпті бұзушылықтар көп кездеседі. Соны бақылауға алсаңыз жақсы болар еді»,- деді қала тұрғыны А. Айбарұлы.

Қабылдауға келген бір адам жақын маңдағы аудан орталығында тұратынын және қаладан шыға берістегі тиісті аялдамаға баратын жолда үлкен күре жолды қиып өту өте қауіпті екенін айтты.

«Бұл – өте өзекті мәселе. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Қалалық полиция басшылығы тиісті қызметтермен және жергілікті атқарушы билікпен қажетті шараларды қабылдап, аталған жол учаскесінде жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам орнату мәселесін қарастыруды тапсырамын»,- деді облыстық бас полицей Мұрат Ұрұмханов.

Сонымен қатар, полиция генерал-майорының қабылдауына келген тұрғындар аула қауіпсізігі, жол қауіпсіздігі, бейнебақылау камераларының жұмысы, учаскелік полиция инспекторларының қызметі және жалдамалы пәтерлер қызметін қатаң бақылауға алу сынды мәселелрді көтерді. Облыстық Полиция департаментінің бастығы тәртіп сақшыларына тиісті тапсырмалар беріп, аталған мәселенің шешілуін қатаң бақылауға алатынын жеткізді. 

Айта кетейік, аула тұрғындарымен кездескен полиция генералы бір ай мерзімнен кейін кездесуге тағы келетінін және бүгін көтерілген мәселелерді полицейлердің қалай шешкені туралы есепті тыңдайтынын жеткізді. 

Сондай-ақ, акция барысында  облыстық полиция басшысы генерал-майор Мұрат Ұрұмханов Талдықорған қаласы «Жастар» шағын ауданының тұрғындарымен кездесті.

 Аймақтың бас полицейімен кездесуге келген тұрғындар келелі мәселерді көтеріп, оны шешу жөнінде ұсыныстарын да айтты.

«Тұрғындар кездесу барысында ауланың қауіпсіздігі мәселесін көтерді. Атап айтсам, аулада жүрген көліктердің жылдамдығын шектеу мақсатында жасанды кедергілер қою, бейнебақылау камераларының санын ұлғайту, жалға берілетін пәтер иелерімен жұмыс жүргізу және өзге ұсыныстар айтылды»,- деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Әрбір мәселені тұрғындармен және пәтер иелері кооперативінің төрайымымен жан-жақты талқылаған полиция генералы Мұрат Ұрұмханов жергілікті учаскелік полиция инспекторы мен қалалық Полиция басқармасының бастығы Асқар Нұрсапаға тиісті тапсырмалар берді.

«Тұрғындардың, әсіресе, бүлдіршіндердің қауіпсіздігі және өмір сүру қолайлылығын қамтамасыз ету үшін өте орынды ұсыныстар айтылды. Бұл проблемаларды шешуді тапсырамын. Бір айлық мерзімде мәселені шешіңіздер және келесі айда тағы да кездесу өткізіп, есеп бересіздер»,- деді өз сөзінде облыстық Полиция департаментінің бастығы М. Ұрұмханов.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды