• Басты
  • Автожол сапасы, жол бойы инфрақұрлымы қашан шешіледі?
19 Шілде, 2019 17:38

Автожол сапасы, жол бойы инфрақұрлымы қашан шешіледі?

Қазақстанда жалпы 96 мың шақырым жол болса, оның 24 мың шақырымы республикалық маңызы бар жолдар. Республикалық маңызы бар жолдар мен транзиттік дәліздердің сапасына жауап беретін «QazAvtoJol» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы жөл жөндеу, қайта жаңарту және жол бойындағы санитарлық нормаларды қамтамасыз ету бойынша 2019 жылдың бірінші жартысында атқарған жұмыстары және алдағы жоспарлары туралы мәлімет берді.
Автожол сапасы, жол бойы инфрақұрлымы қашан шешіледі?

«QazAvtoJol» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы Басқарма төрағасы Ұлан Әліповтың айтуынша, жол жөндеуде алдымен еліміздегі 6 транзиттік дәліздер басымдыққа алынады.

«Қазақстанда жалпы 6 транзиттік дәліздер бар. Олар: Самара-Шымкент, Алматы-Ташкент-Термез, Омбы-Майқапшағай сияқты транзиттік дәліздер. Бізде «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша бірінші кезекте осы алты дәлізді жөндеу көзделген болатын. Содан кейін республикалық маңызы бар жолдар. Қазіргі таңда біз алты транзиттік дәлізді жөндеп біттік деп айта аламыз. Енді кезекте жаңа айтып өткен республикалық маңызы бар жолдар. осы дәліздерді жөндеу көзделген. Бүгінде республика бойынша жалпы ұзындығы 4400 шақырымда қайта жаңарту жұмыстары бойынша 14 жоба жүзеге асырылуда, онда 18 мың адам және 12 мыңға жуық техника жұмылдырылды. Онымен қоса, 428 шақырымда күрделі жөндеу, 1415 шақырымда орташа жөндеу, 19,6 мың шақырымда күтіп ұстау жұмыстары жасалуда. Аталмыш жобаларға Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Орталық-Батыс, Орталық-Солтүстік дәліздері енеді», - деді «QazAvtoJol» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы Басқарма төрағасы Ұлан Әліпов

Халықаралық дәліздермен қатар шекара маңындағы Алматы-Өскемен, Үшарал-Достық, Бейнеу-Ақжігіт, Қалбатау-Майқапшағай, Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы сияқты бағыттарға да басымдық беріледі.  Ол бойынша бүгінгі таңда барлық жобалар сәйкесінше шаралар ұйымдастырылып, жұмыстар жүріп жатыр екен. Мердігерлік шарттарына қол қойылып, дайындық жасалып, құрылыс жұмыстары басталуда. Қайта жаңарту нысандарындағы жұмыстар аяқталғаннан кейін, аталмыш учаскелер пайдалануға беріледі.

Кез-келген қазақстандық автожол мәселесі бойынша сауал жолдай алады

Компания басшысы тұрғындармен кері байланыс, сала бойынша бос жұмыс орындары туралы мәлімет берді.

««QazAvtoJol»-дың ресми сайты жаңартылуда, qaj.kz домен арқылы 1 қыркүйектен бастап жаңа сайтымыз толық іске қосылады. Әр азаматтың пікірі біз үшін өте маңызды. Жаңа сайтта кері байланыс ұйымдастырылады. Жиі қойылатын сұрақтар бойынша онлайн дауыс беру жүргізіледі. Көп дауыс санын жинаған мәселенің салдары қарастырылып, оны шешу жолдарына кірісетін боламыз. Сондай-ақ, кез келген азамат республикалық маңызы бар және ақылы автожолдарға қатысты қандай да бір ұсыныстары, ескертулері, сұрақтары болса Телеграм әлеуметтік желісінде ҚазАвтоЖол-Бот атты арнамызға жолдай алады.  Сондай-ақ, бүгінгі күні құрылыс учаскелерінде 2200 жұмыс күші мен техникалар және қосымша мердігерлер жетіспеуде. Сондықтан, отандық мердігерлік компанияларды және жергілікті халықты аталған жобаларға қатысуға шақырамын. Бос жұмыс орындары бар мердігер компаниялар жайында толық мәліметті біздің ресми сайттан ала аласыздар», - деді Әліпов.

Айта кетейік, «QazAvtoJol» ҰК» АҚ-ның ресми сайты – qaj.kz.

Қандай жолдар қашан пайдалануға беріледі?

Ұлан Әліпов  «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес республика көлемінде жөнделіп, қайта жаңартылып жатқан жолдар туралы мәлімет берді.

«Жоспарға сәйкес, биыл 548 шақырым жолды пайдалануға береміз. Бюджет қаражатынан бөлек инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға инвестицияларды тарту бойынша біршама жұмыс атқардық. Мысалы, мемлекеттік емес қарыз есебінен мемлекеттік кепілдікпен Еуропалық қайта құру және даму банкімен және ҚХР ЭКСимБанкімен келісім жасалған болатын. Ол бойынша тартылған қаражаттың есебінен 2019 жылы Талдықорған-Өскемен (763 км), Қалбатау-Майқапшағай (415 км), Меркі-Бурылбайтал (266 км), Астана қ.оңтүстік-батыс айналма жолы (34 км), Күрті-Бурылбайтал (143 км) учаскелерінде жұмыстар жалғасып жатыр», - деді «ҚазАвтоЖол» басшысы.

Әліповтың айтуынша, Орталық-Оңтүстік жобасы бойынша «Теміртау-Қарағанды», «Қарағанды қ. айналып өту» автожолдарының жалпы ұзындығы 65 шақырымды құрайтын учаскелерде қайта жаңарту жұмыстары биыл аяқталады. Ал, ұзындығы 228 шақырым «Күрті-Бурылбайтал» учаскесін қайта жаңарту жұмыстары жылдың қорытындысы бойынша, бір жолақта 120 шақырым бойынша қозғалыс ашылады. 363 шақырымдық «Қарағанды-Балқаш» учаскесін қайта жаңарту жұмыстары бойынша жобаны толық жүзеге асыру 2021 жылы бітеді.

Сондай-ақ, құрлыс-монтаж жұмыстары биыл басталған ұзындығы 297 шақырым «Балқаш-Бурылбайтал» учаскелерінде қайта жаңарту жұмыстарынан кейін екі учаске 4 жолақты, І-ші «Б» техникалық санатына сәйкестендіріледі әрі құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес 2021 жылы аяқталады, деп күтілуде.

«Күрті-Қапшағай» жобасы бойынша жұмыстарды биыл бастау жоспарланып, қазіргі таңда мердігер компаниялар анықталып, дайындық жұмыстары басталып кеткен.

Нәтижесінде Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы жолдың барлық учаскелері құрылыс-монтаж жұмыстарымен қамтылып, жаңарту жұмыстары аяқталғаннан кейін аталмыш жол 4 жолақты І-техникалық санатты болып, барлық қашықтықтағы қозғалыс 2021 жылы ашылады деп жоспарланған.

Ал, Орталық-Шығыс жобасы бойынша   2019 жылы пайдалануға 249 шақырым автожол беріледі. Қорыта айтқанда, Нұр-Сұлтан-Павлодар, Павлодар-Семей учаскелері бойынша жұмыстар толық аяқталатын болады.

Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астрахань) жобасы бойынша да 299 шақырымдық Қандыағаша-Мақат учаскесіндегі жұмыстар осы жылы аяқталып, 17 шақырымды (487-504 км) пайдалануға беру, 100 шақырымда қозғалыс ашу көзделіп отырған көрінеді.  Сондай-ақ, Атырау-Астрахань учаскесі бойынша 20 шақырымдық автокөлік қозғалысы биыл ашылады. Қалған 217 шақырым бойынша жобаның толық аяқталуы 2021 жылға жоспарланған. Ал, «Ақтөбе-Қандыағаш» жобасы бойынша мердігер компаниялар анықтау кезеңінде. Жалпы ұзындығы 180 шақырымдық Үшарал-Достық автожолының учаскелерінде құрылыс жұмыстары жүргізіліп, осы жылы жаңа жабын төселген 40 шақырымда жол қозғалысы ашылса, толық аяқтау 2021 жылға жоспарланып отыр. Жетібай-Жаңаөзен учаскесіндегі жұмыстар биыл аяқталса, 96 шақырымдық Ұзынағаш-Отар учаскесі бойынша құрылыс жұмыстары 2021 жылы толық бітеді.

«Алматы-Өскемен бағытына тоқталып өтсем, ұзындығы 763 шақырым Талдықорған-Өскемен учаскесінде  құрылыс-монтаж жұмыстары 2022 жылы аяқталады. Ал, Меркі-Бурылбайтал жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 3 жылға созылып, 2022 жылы бітеді. Қалбатау-Майқапшағай жобасының учаскелерінде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол жоба 2022 жылы толық аяқталады деп күтілуде», - деді Ұ.Әліпов.

Ақылы жолдар – бюджетке жүктемені азайтады

Қазақстан бойынша 4 ақылы жол Ақылы автомобиль жолдарын енгізілген. Олар: Нұр-Сұлтан-Щучинск, Нұр-Сұлтан-Теміртау, Алматы-Қапшағай, Алматы-Қорғас.

««Еліміз бойынша 4 ақылы жолдарды енгізудің негізгі мақсаты – республикалық бюджетке жүктемені азайтуды көздейді. Бұл дегеніміз, ақылы жолдар мемлекеттік бюджеттен қаражат сұрамай, жұмыс істедйі. Өйткені төленген қаражат есебінен олар өздерін толық қамтамасыз етеді. Жиналған қаражаттың барлығы ақылы учаскелерді күтіп ұстауға, жол белгілерін салуға, қардан тазалауға жұмсалады» - деді Ақылы автомобиль жолдарының дирекциясы» филиалының директоры Асхат Оқасов.

Алакөлге баратын жолдарды жөндеу жұмыстары 2019 жылы аяқталады

«QazAvtoJol» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы Басқарма төрағасы Ұлан Әліпов Қазақстандағы ең ауқымды туристік орын Алакөлге баратын жолдардың жөндеу жұмыстары туралы баяндады.

«Алматыдан Талдықорғанға дейін қазіргі жағдайда жасалған. Бұдан әрі қарай дәл қазір жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алакөлге Алматы облысынан баратын Үшарал-Достық жолы жөнделуде. Биыл Үшаралдан шыға берістен 40 шақырым асфальт жол төсейміз. Енді ар жағында Таскескен бағыты деген жол бар.  Алакөлге Өскемен жағынан Таскескен арқылы баратын 20 шақырым жолды биыл бітіреміз. Әрі қарай жол дайын», - деді «ҚазАвтоЖол» басшысы

Автожолдарды жөндеу және қайта жаңарту жұмыстарымен қатар жол бойындағы әжетханалар да ескеріледі. Жол бойындағы қосалқы инфрақұрылымдар үшін «QazAvtoJol» ҰК» АҚ ҚР ИИДМ автожолдар комитетімен бірлесе отырып 2019-2022 жж 304 санитарлық-гигиеналық торапты (СГТ) орнату бойынша бағдарлама жасаған. Соның негізінде қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылған республикалық автожолдарда 109 бірлік СГТ орнату жоспарланып, алдағы 3 жылдың жоспары бойынша Қазақстанның барлық жолдарында 116 бірлік СГТ, пайдалануға беріліп, жоспарланған ақылы жолдарды 79 бірлік СГТ орнату көзделген.

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ мәліметінше соңғы 10 жылда автожол саласында 9 мың шақырым республикалық маңызы бар жолға қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп, оның нәтижесінде жолдың жай күйі 21 пайызға жақсарған, нашар жолдар 40 пайыздан 12 пайызға азайған. «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес республика көлемінде жалпы ұзындығы 4400 шақырымда қайта жаңарту жұмыстары бойынша 14 жоба жүзеге асырылып, онда 18 мың адам және 12 мыңға жуық техника жұмылдырылған. Сонымен бірге 428 шақырымда күрделі жөндеу, 1415 шақырымда орташа жөндеу, 19,6 мың шақырымда күтіп ұстау жұмыстары жасалып жатыр.

Айдана Абдрахманова

Материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды