• Басты
  • Қазақстандық агросала Аргентина технологиясын қолданбақ
19 Шілде, 2019 10:55

Қазақстандық агросала Аргентина технологиясын қолданбақ

Қазақстан – аграрлық сала өнімдерін өндіру бойынша әлемде екінші орын алатын Аргентинаның тәжірибесін ауыл шаруашылық саласында қолданып көрмек. Осы орайда, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Аргентина ұлттық ауылшаруашылық технологиялар институты арасында өзара әрекеттестік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Қазақстандық агросала Аргентина технологиясын қолданбақ | Strategy2050.kz

Қазақстанда халықтың 40%-дан астамы ауыл шаруашылығымен айналысады. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында аграрлық сала – ел экономикасына елеулі үлес қоса алатын, зор мүмкіндігі бар екендігін ата өткен болатын.  Сондай-ақ, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің мәліметінше Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі 2019 жылдың қаңтар-маусым аралығында 1 124 млрд теңгеге жеткен екен. Және бұл 2018 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3,8% көп.

Елімізге келген бір топ аргентиналық делегацияның қатарында Аргентинаның ұлттық ауылшаруашылық технологиялар институты президенті Х.И. Балбин, Аргентина ұлттық денсаулық сақтау және  азық-түлік сапасы қызметі (SENASA) президенті Р.Л.Негри, Аргентинаның қазақстандағы сонымен бірге Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Рикардо Эрнесто Лагорио және тағы басқа сала мамандары болды.

Аргентина тәжірибесі 3 бағыт бойынша жүзеге асады: ғылымды дамыту, транспорт-технология, еліміздің фермерлерін оқыту

2019 жылдың бес айында ауыл шаруашылығында өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 3,8%-ға артқанмен бұл сала бойынша бірқатар күрделі мәселелер бар. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың айтуынша Бүгінгі таңда Қазақстанда шамамен 70-ке жуық ірілі-ұсақты шаруашылықтар құлдырау кезеңінде тұр екен.

«Аргентина - бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші елдер арасында екінші орында тұр. Ол мемлекет он жылдың ішінде ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін қазіргі, күнде екі есеге арттырды. Ал, сол аграрлық өнімдерді сыртқа шығарып сатуды   55 пайызға көтерген. Бұның барлығы мына аграрлық ғылыммен айналысудың арқасында болып отыр. Аргентинада ИНТА деген аграрлық институт бар. Ол арарлық ғылыммен айналысады. Олар бүгінгі күні әлемдегі ең белгілі институттардың біреуі. Сондықтан біз осы ИНТА институтымен жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінгі күні «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен ИНТА-ның арасында келісімге қол қойылды. Сол бойынша жол картасы жасалды. Ол Жол картасында бірлесіп жұмыс істейтін барлық шаралар көрсетілген. Басты мақсатымыз аграрлық ғылымды дамыту. Жаңадан инновациялық технологиларды кіргізу. Бұл жөнінде қазақстанда көптеген жұмыстар жүргізіліпі жатыр. Бірақ оны біз әрі қарай дамытуымыз керек», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.

Елімізге сауатты ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, инновациялық технологиялар керектігін айтқан министр екіжақты ынтымақтастықтың нәтижесін 3-5 жылда көріп қалуымыз мүмкін екендігін айтты.

«Біз Агрентина ауыл шаруашылығы тәжірибесінің барлық саласы бойынша жетітіктерін қабылдаймыз. Фермерлерін қалай оқытудан бастап, саладағы транспорт, ғылым мен ауыл шаруашылығын ұштастыру, шаруалар арасындағы білімді қалай жүзеге асырады. Осының бәрін тәжірибемізге аламыз. Бүгінгі таңда Қазақстанда шамамен 70-ке жуық ірілі-ұсақты шаруашылықтар құлдырау кезеңінде тұр. Оның басты себебі сала бойынша білімнің жетіспеуі. Жаңа технологияны енізгенмен білім жетіспегендіктен жаңа техника-технологияның барлық мүмкіндіктерін қолдана алмай келеміз. Біздің алдымызда агрөнеркәсіп саласындағы еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру тұрғанда бізге сауатты ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, инновациялық технологиялар керек. Сондықтан біз қазір ИНТА- мен ынтымақтастықты жүзе асырудамыз.  Бірінші – ғылымды дамыту, екінші – транспорт-технология, үшіншісі – еліміздің фермерлерін оқыту. Осы шараларды қазірдің өзінде бастап кеттік. Қазір ең бірінші шараларды әрі қарай оқыту жұмыстарынан бастаймыз содан кейін аграрлық ғылымды дамыту жұмыстарымен жалғастырамыз. Енді осы жұмыстарымыздың нәтижесін шамамен 3-5 жылдың ішінде көреміз деп отырмыз», - деді министр. 

Министрліктің баспасөз қызметі бұл кездесу – Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында аграрлық салаға ғалымдарды белсенді тарту туралы айтқан тапсырмасы аясында өткенін жеткізді.

Аргентинаның ИНТА институты егіншілік, мал шаруашылығы, балық аулау және азық-түлік министрлігіне бағынышты мемлекеттік орталықтандырылған ұйым жән ғылыми тақырыптарды қаржыландыру негізінен бизнес қаражаты есебінен жүзеге асырылады, ол ғылыми әзірлемелерге тапсырыс беруші болып табылады және тиісінше оларды енгізеді.

Жаңа агротехнологияларды пайдалану есебінен Аргентина соңғы 10 жылда елдегі астық өнімінің көлемін 2 есеге дейін арттырып, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын елдің барлық экспортының 55% - на дейін жеткізді.

Бұл Аргентина Үкіметіне АӨК - ті тікелей субсидиялаудан "жасыл Себеттен" мемлекеттік қолдау шараларына көшуге мүмкіндік берді, ол аграрлық бизнесті ғылыми қолдау, фермерлерді оқыту, консультациялар.

Кездесу барысында өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамытуды ғылыми-техникалық қолдау, фермерлік шаруашылықтарды дамытуды ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету, инновациялық технологияларды енгізу кезінде тәжірибе алмасу, ветеринария және т. б. мәселелер талқыланды.

Аргентинаның Қазақстандағы сонымен қатар Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Рикардо Эрнесто Лагорио Аргентинаның тәжірибесін әлемде не үшін қолдана бастағанын айтып өтті.

«Әлемнің дамыған аграрлық елдерінің қатарына кіріп және азық-түлік пен агроөнеркәсіптік тауарлардың әлемдік өндірушісі болып табылатын Аргентинаның ауыл шаруашылығы да әртүрлі болып келеді. Аргентинадағы жалпы саны 40 миллион халық – әлемдегі 400 миллион адам үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіреді. Жан басына шаққанда әрбір аргентиналық планетаның 10 адамын тамақ өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Осы жағдайдың басым бөлігі ұлттық ауыл шаруашылығы технологиясы институтының (ИНТА) көмегімен жүзеге асып отыр. Ол өндіріске жаңа озық технологияларды енгізумен қатар аграрлық ғылымның жетістіктеріне негіздеп жүзеге асырады. ИНТА Аргентинаның егіншілік, мал шаруашылығы, балық аулау және азық-түлік министрлігіне бағынатын мемлекеттік орталықтандырылған ұйым. Ол корпоративтік және қаржылық тәуелсіз», - деді елші.

Елші мұндай көрсеткіштер Аргентинадағы ұлттық денсаулық сақтау қызметінің де маңызды жетістігі болып табылатынын, ол өз кезегінде өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін атап өтті. Ал, қазіргі жағдайдың басты жетістігі - «Инта» ұлттық институтының ғылыми әзірлемелерін қолдану.  Аргентинадағы аграрлық секторды субсидиялау  екі жолмен - отынмен қамтамасыз ету және ғылыми ауылшаруашылық мекемелеріне жаңа технологияларды енгізумен жүзеге асырылады.

Өз кезегінде Қазақстандағы ет өндірісінің төрағасы Мақсұт Бақтыбаев Қазақстан үшін Аргентинамен ынтымақтастықтың маңыздылығына түсінік берді.

«Қазақстан мен Аргентина болашақта бүкіл әлемді тамақтандыратын елдер тобына кіреді. Аргентина мал шаруашылығында және жемшөп өндірісінде үлкен табыстарға ие. Біз бизнестің өкілдері ретінде ең жақсы тәжірибені қабылдағымыз келеді. Қазақстан жайылым аумағы бойынша әлемде 5-ші орында. Біздің еліміз Ресей мен Қытай арасындағы жағымды географиялық жағдайға ие, біз аргентиналық кәсіпкерлерді бірге жұмыс істеуге шақырамыз », - деді ол.

Оның айтуынша, өткен жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі агроөнеркәсіптік кешен индикаторларын сандық және сапалық арттыру бағдарламасын қабылдады. Бағдарлама бойынша сиырлар мен қойлардың санын 2 есеге арттыру және қызыл ет экспорттауды 500-600 мың тоннаға дейін арттыру міндеттері қойылды. Бағдарламаның негізі орта шаруашылықтарды дамыту болып табылады. Бағдарламаның құны 20 миллиард АҚШ долларын құрайды.

«Аргентиналық экспорттаушылар есебінен мал шаруашылығының санының артуын ғана емес, сауатты фермерлерді қалыптастыруда да ынтымақтастықты көріп отырмыз. Біздің мемлекет мал сатып алуға жер және несие береді, бірақ ең бастысы түсімді арттыру үшін фермерлердің біліктілігін арттыру өте дұрыс», - деді ол.

Екі ел агросаласына инвестиция тарту бойынша Жол картасы

Аргентинаның Қазақстандағы сонымен қатар Ресей Федерациясындағы Елшілігінің Сауда және экономикалық департаментінің хатшысы Хуан Карлос Пигнатаро  ынтымақтастыққа дайын екендігін және «Инта» ауыл шаруашылық технологиялары ұлттық институтының осы салада 70 жылдық жұмыс тәжірибесі бар екенін және Аргентинаның ауыл шаруашылығының 70%-ы мал шаруашылығынан тұратынын жеткізді.

«Келісімшарттарға қол қоя салысымен біз мал шаруашылығының алғашқы партияларын әкелуге, сондай-ақ мал шаруашылығы саласындағы ынтымақтастыққа да дайынбыз», - деді ол.

Өз кезегінде «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты»  ЖШС бас директоры Андрей Агеенко қазақстандық агроөнеркәсіп кешеніне жаңа технологиялар трансфертінің қандай аспектілерін ерекше қызықтыратынын айтты.

«Біз тәжірибе алмасуға, студенттерге, мамандарға және қызметкерлерді оқытуға, атап айтқанда, фермерлерге білім беру жүйесін қызықтыруға мүдделіміз. Ауылшаруашылық техникасын пайдалану, селекция бойынша бірлескен бағдарлама жасауымыз да мүмкін. Сіздердің ауылшаруашылық техникасын өндірушілеріңіз бізге келіп,  машина жасау үшін кәсіпорындарды құрып, біздің мамандардың оған қол жеткізуіне мүмкіндік тудыруын қалаймыз», - деді ол.

Осыған байланысты Аргентина елшісі екі елдің де агроөнеркәсіптік салаға инвестиция салу мәселелерін дамыту қажет екенін атап өтті.

«Біз жол картасын жасауды жоспарлап отырмыз, оның бір пункті Қазақстан мен біздің ауыл шаруашылық техникасына инвестиция салу мүмкіндігін қарастырады. Екі ел  үшін де агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі инвестициялау қажет », - деді елші.

Андрей Агеенко фермерлердің біліктілігін арттыруда аргентинкалық ИНТА моделінің бүкіл әлемде кеңінен қолданылып жатқанын, көптеген елдер оны негіз ретінде қабылдағанын Қазақстанда белгілі екенін атап кетті. Қазіргі уақытта Қазақстан алдында  тек шағын ғана емес, сонымен қатар ірі шаруашылықтарда осы модель негізінде жұмыс істеуді көрсету үшін фермерлерге білім беруді кеңейту міндеті қойылған.

«Біздің тәжірибе алмасып, осы технологияларды дереу іске асыра алғымыз келеді. Соңында тұтынушы нәтижені жылдам көре алуы мүмкін», - деді «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты»  ЖШС бас директоры.

Ол ынтымақтастықтың екіжақты болуы мүмкін екендігін, өйткені Қазақстанда аргентиналық тарапқа қажетті болуы мүмкін ғылыми зерттеулердегі жетістіктер бар.

«Бізде нәтиже бар. Мысалы, астықтың орташа мөлшерлемесі 15-20% центнер болатын егістіктерде  біз 80% центнер аламыз. Бізде тікелей егу жүйесін енгізетін кейбір жерлер бар », - деп түсіндірді Г.Агеенко.

Кездесуде шаруашылық институты жетекшілері, министрлік өкілдерімен қатар Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында аграрлық университет проректорлары да қатысты. Мәселен, Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің поректоры Марина Алексеева аргентиналық өкілдерді университетке тәжірибе алмасуға шақырды. Өз кеезегінде министрлік осы келісімдердің нәтижесін аграрлық университеттер де көретінін жеткізген болатын.

Аргентинада Шаруашылықтарда кез келген жаңа технологияны енгізу кезінде фермерлер үшін ИНТА-ның пікірі үлкен маңызға ие екен. Оның қызметінің арқасында Аргентина Мемлекеттік дотацияларға негізделмеген ауыл шаруашылығының ең тиімді жүйесін құрып отыр. Себебі Аргентина сияқты "тұрақты дағдарыстар елінде" дотация мен субсидияға қаржы бола бермейді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың болжамынша аграрлық сала бойынша енді осы және басқа да аргентиналық тәжірибенің нәтижесін Қазақстан 3-5 жылда көрмек.

Тиісті ведомоство арасындағы екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғаннан кейін аргентиналық делегация "Асыл түлік" ЖШС, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, А. И. Бараев атындағы ҒПО астық шаруашылығы қызметімен танысты.

 

Айдана Абдрахманова

Материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды