- Басты
- Ұлттық университет ректорлары конкурс арқылы тағайындалады
Ұлттық университет ректорлары конкурс арқылы тағайындалады

Қазақстанда 131 оқу орны бар. Оның ішінде 9 университетке ұлттық статусы берілген. Еліміздегі ұлттық университеттердің қатарында: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Е.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу Институты, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті, Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті бар.
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ұлттық университет ректорларын конкурстық негізде іріктеуді дер кезінді әрі дұрыс жасалып отырған шара деп атады.
«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық университеттердің ректорларын конкурстық негізде Үкімет қаулысымен тағайындау жөнінде нормативтік құжаттар әзірлеуді тапсырған болатын. Ал, қазіргі ректорларды Президент жарлығымен тағайындау процедурасы күшін жоятын болады. Осы орайда әлеуметтік желілерді шолып шықтым. Аталған бастамаға қоғамның оң реакциясын байқағанымды да айта кетейін. Осыған қатысты жазылған пікірлердің басым бөлігінде тұрғындардың, ұстаздар мен жоғары оқу орны басшылығының ұстанымы позитивті болып келді. Ұлттық университет ректорларын конкурстық негізде іріктеу шешімді қабылдаудың ашықтығын, бәсекелестікті қамтамасыз етеді. Сол себепті Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз тиісті құжаттарды дайындайтын боламыз», - деді Білім және ғылым министрі.
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің сөзінше әзірге тиісті нормативтік құжаттар әзірленіп жатыр. Ректорларды тағайындаудағы конкурс процессі қалай жүргізілетіні туралы алдағы уақытта айқындалады.
Асхат Аймағамбетов «Болашақ» бағдарламасының да даму процесінен тыс қалмауы тиістігін атап өтті.
Айта кетсек, 15 шілде күні Қасым-Жомарт Тоқаев Президент ретінде алғаш рет өткізген Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Болашақ» бағдарламасының кейбір тұстарын сынға алған болатын. Енді Президент сынынан кейін "Болашақ" бағдарламасына өзгеріс енгізілетін болды.
«ҚР Білім және ғылым министрлігінде, сонымен қатар ұлттық экономика министрлігінде болған 0 мысалдардың өзі дәлел. Министрдің орынбасары дәрежесіндегі саяси қызметкерлер «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу үшін, қызметтен оп-оңай уақытша кете салады. Тіпті 45 жастан кейін де оқи береді. Ал, министрдің орынбасары "Болашақ" бағдарламасымен оқуға кеткенде, оның орнына бір жылға басқа адамды тағайындай салады. Бұл – абсурд қой. «Болашақ» бағдарламасының талаптарына өзгеріс енгізілуі тиіс. Саяси қызметкерлер білімін шыңдағысы келсе, мемлекеттің қаржысына емес, өз еркімен бос уақытта айналыссын», - деп мәлімдеген болатын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметттің кеңейтілген отырысында.
«Болашақ» бағдарламасының тиімділігін атап өткен ҚР Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетов уақыт өткен сайын аталған бағдарлама жетілдірілуі тиіс екендігін айтты.
«Бұл бағдарламаның қаншалықты тиімді екенін білесіздер. Біршама білімді жастар осы бағдарламаның игілігін көрді. Президент бізге нақты тапсырма берді. Енді осы тапсырма бойынша нормативтік құаттар дайындап жатырмыз. Қандай тапсырма екендігін естідіңіздер. Мемлекеттік қызметтегі азаматтарға бағдарламаға қатысуға шектеу қою мәселесі бойынша тиісті құжаттар дайындалып жатыр. Қорытындысына сәйкес, сол кезде хабарын айтамыз», - деді Білім министрі А.Аймағамбетов.
Сондай-ақ, биыл жоғары білімді кадрларды даярлауға жалпы саны 53 785 грант бөлінген болатын.
«2019 жылдан бастап білім беру гранттары ҰБТ сертификатының балдарына сәйкес білім беру бағдарламаларының топтары бойынша конкурстық негізде тағайындалатын. 13 шілдеден бастап білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініштер қабылдау жүріп жатыр. Осыған дейін алғашқы 4 күн ішінде конкурсқа қатысу үшін үміткерлерден 28 430 өтініш келіп түссе, оның ішінде 26 202 өтініш толық бағдарлама бойынша оқуға берілген және 2 228 – техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарын бітірушілерінен қысқартылған мерзімде оқу үшін ниет білдіргендер болды.», - деді А. Аймағамбетов.
ҚР Білім және ғылым министрі Аймағамбетов конкурсқа өтініштерді қабылдау жалғасып жатқанын және ол 20 шілде күні аяқталатынын жеткізді.
«Жалпылама айтсақ, жоғары білімді кадрларды дайындауға бөлінген гранттардың жалпы саны 53 785. Одан бөлек, биылғы жылы қосымша 5 мың грант бөлініп отыр, оларды жергілікті атқарушы органдар да конкурстық негізде бере алады», - деді Білім және ғылым министрі.
Ал, қазіргі таңда Қазақстанда 500 мыңнан астам білім алушы 131 оқу орында оқып жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, А.Аймағамбетов университеттерге академиялық қаржылық тәуелсіздікті бергенін, қыркүйектен бастап оқу орындары оқу бағдарламаларын кәсіби стандарттарға сәйкес өз беттерінше жаңартып, коммерциялық қызметтің 16 түрін өз бетінше орындайтынын жеткізген болатын.
Сондай-ақ, енді үміткер бірыңғай тест тапсырып грант алған соң, магистратурада оқитын оқу орнын өзі таңдайды. Бұл жүйе магистратурадағы гранттар бөлінуінің ашықтығын қамтамасыз етеді деп күтілуде. Ал, докторантурада ешқандай өзгеріс жоқ, тек үміткерде халықаралық IELTS сертификаты болуы тиіс.
Ал, кәсіптік-техникалық колледждерде жұмысшы мамандықтарында оқып жатқан студенттердің стипендиясы 30 пайызға көтеріліп, енді оның көлемі 21 787 теңге болады.
Сонымен бірге, Президент шешімімен жоғары оқу орындарында оқығысы келген көпбалалы, әлеуметтік жағдай төмен, АӘК алатын отбасылардың балалары үшін қосымша 5 мың грант бөлінді.
Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылармен қатар түрлі санаттағы оқушыларға бірқатар көмек беріледі. Үкіметтің нөмірі 64-Қаулысына сәйкес және Білім туралы заңның 6-бабына сәйкес мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылай және мемлекеттік көмек көрсетіледі, яғни жергілікті атқарушы орган мектептердің қызметіне бөлінген бюджет қаражатының бір пайызын оқушылардың жекелеген санаттарына қаржылай және материалдық көмек ретінде береді.
Айдана Абдрахманова
Материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.
Гранттар саны 20 мыңға артады, кәсіптік колледж студенттері стипендиясы көтеріледі: https://strategy2050.kz/news/53400/
-
Білім беру сапасын қалай арттыруға болады
Білім беру саласының барлық деңгейінде сапаны арттыру – білім беру және педагогикалық ғылым саласына қатысты барлық мемлекеттік басқару органдарының басты міндеті. Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті өткізген «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған тапсырмалар аясында Қазақстан Республикасының білім беру сапасын арттыру мәселелері бойынша заңнамасын одан әрі жетілдіру» тақырыбына арналған дөңгелек үстелге қатысушылар осылай деп санайды.
12 Желтоқсан 2019, 09:52
-
Ауыл шаруашылығы министрлігі студенттерге білім гранттарын бөлетін болады
ҚР Білім және ғылым министрлігінің ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім беру гранттарының көлемін анықтау жөніндегі функциялары Ауыл шаруашылығы министрлігіне беріледі.
05 Желтоқсан 2019, 09:23
-
Асқар Мамин «Kazakh Invest» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің отырысында биылғы жылғы 11 айдағы жұмыс қорытындысы қаралды.
04 Желтоқсан 2019, 17:45
-
Ұлттық Паралимпиада Комитеті 4 жылдық нәтижелерін қорытындылады
2019 жылғы 28 қарашада ҚР Ұлттық Паралимпиадалық Комитеті Конференциясының отырысында 4 жыл ішінде атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылды. ҚР ҰПК Президенті Қайрат Боранбаев еліміздегі паралимпиадалық қозғалыс спорт федерацияларының қолдауымен дұрыс бағытта дамуда екенін атап өтті.
29 Қараша 2019, 11:37
-
«ҚазАгро» мен Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы меморандумға отырды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде «ҚазАгро» Ұлттық холдингі және «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Маңызды құжатқа ұйым басшылары Ербол Қарашүкеев пен Төлеутай Рахымбеков қол қойды.
27 Қараша 2019, 17:04
-
Қ.Тоқаев Бішкектегі Ұлттық тарихи-мемориалдық кешенге барды
Қазақстан Президенті Бішкектегі «Ата бейіт» Ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
27 Қараша 2019, 15:38
-
Елордада инклюзивті білім беруді ақпараттандыру бойынша үздік жұмыстардың авторлары марапатталды
Нұр-Сұлтан қаласында БАҚ өкілдері, медиа-мамандар және әуесқойлар арасында инклюзивті білім беруді ақпараттандыру бойынша үздік материалдарға "Әр бала мектепке лайықты" атты байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
18 Қараша 2019, 15:17
-
Н.Нығматулин Ханой университетінде Абай орталығына барды
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Вьетнамға ресми сапары барысында Ханой университетінде Абай орталығына барды, сонымен қатар, ұстаздар және студенттер қауымымен кездесті.
15 Қараша 2019, 10:12
-
Д.Абаев: Мәдениет пен білім саласындағы телеарналарды мемлекет қолдауы тиіс
Мәдениет пен білім саласындағы телеарналарды мемлекет қолдауы тиіс. Бұл туралы елордадағы "Нұр Отан" партиясы алаңында ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев азаматтарды қабылдап, көкейде жүрген сұрақтарына жауап беру кезінде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
08 Қараша 2019, 14:57
-
Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
06 Қараша 2019, 17:54
-
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы резиденциясында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
30 Қазан 2019, 16:41
-
Президент Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды
Оңтүстік астанаға сапары барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жұмысымен танысып, Алматыдағы "Инвестиция үйінің" негізгі қызметтері жөнінде толық мәлімет алды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
30 Қазан 2019, 10:44
-
Мака Махатадзе: Білім берудегі әдіс-тәсілдерді өзгерту керек
"Digital Bridge" халықаралық технологиялық форумы аясында өтіп жатқан "Болашақтағы білім: технологиялардың білім беру жүйесін өзгертуі" панельдік сессиясында білім саласының мамандары технологияның білім беру саласындағы рөлі, болашақтағы білім беру мәселелерін талқыға салды. Жиынға қатысқан Грузиядағы Шығыс Жерорта теңізі халықаралық мектебі (EMIS) білім берудегі инновация және технология бөлімінің жетекшісі Мака Махатадзе бүгінгі білім саласындағы оқытудың әдіс-тәсілдерін өзгерту керектігін айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
25 Қазан 2019, 16:12
-
Шетелдік медицина университеттерімен стратегиялық серіктестік нығайтылып жатыр
Елордада Digital Bridge 2019 халықаралық технологиялық форумы аясында Digital Health Astana 2.0 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жерге медина саласының мамандары, отандық және шетелдік медицина университеттерінің ректорлары, префессорлары, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өкілдері жиналды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
24 Қазан 2019, 15:12
-
VI Съез: Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жұмысының нәтижелері
Елордада ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин, ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, мемлекеттік органдар және еліміздің 17 өңірінен бизнес-қоғамдастықтар атынан делегаттардың қатысуымен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының VI Съезі өтті. Съезде талқыланған түйіткілді мәселелер туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
24 Қазан 2019, 13:27
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды