• Басты
  • Қазақстанда арзан әуе бағыттары көбейеді
17 Шілде, 2019 18:06

Қазақстанда арзан әуе бағыттары көбейеді

Қазақстанда ішкі туризмді дамытудың бірден-бір жолы – бюджеттік қалааралық бағыттардың болуы. Жақында ғана осы мақсатта қазақстандық лоукостер өз жұмысын бастады. Осы орайда «Fly Arystan» бюджеттік әуекомпаниясының Маркетинг және сату департаментінің директоры Жанар Жайлауова Strategy2050.kz АА-не берген сұхбатында компанияның алғашқы нәтижелері мен болашақ жоспарлары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Қазақстанда арзан әуе бағыттары көбейеді

- Бұл жобаның даму кезеңі туралы айтып берсеңіз, компанияның тұтынушылары туралы қандай жоспар болды? Қазіргі таңда ол үміттеріңіз ақталды ма?

- «Fly Arystan»  жобасы қолға алынып, іске қосылған кезде көпшілігінде сыни, сенімсіз көзқарас болды. Олардың көбі «Air Astana» әуекомпаниясының барлық тұтынушылары «Fly Arystan» лоукостеріне өтіп кетуі мүмкін екендігінен күдіктенді. Әрі компаниялардың арасында  бұның сұранысқа ие болатындығына күмәнмен қарады. Алайда, Алматы халықаралық әуежайының деректері бойынша ішкі туризм деңгейі 2019 жылдың маусымында 30% -ға артқан екен. Яғни, Fly Arystan компаниясының келуімен жаңа тұтынушылар тарапынан жолаушылар трафигі артқан. Тұтынушылар туралы айтар болсам, «Air Astana» әуекомпаниясының тұтынушылары негізінен 45 жастан асқан азаматтар. Ал, біздің компаниямыздың тұтынушыларынң 48% -ы - 38 жасқа дейінгі жас әйелдер болса, 40%ы 38 жасқа дейінгі ерлер қауымы, 15% -ы балалар. Біз көп адамға, оның ішінде балаларға рейстерді барынша қол жетімді етіп жасадық. Жолаушылардың арасында нәрестелерімен бірге саяхаттаушылар өте көп.  Қолжетімді әуе билеттерінің пайда болуымен зейнет жасындағы көптеген адамдар саяхатқа шығып жатыр. Ал, олардың арасында тіпті кейбірі алғаш рет ұшаққа отырғандары да бар.

- Билеттердің қолжетімділігі туралы айтатын болсақ, сіздер ұсынатын ең төмен баға мөлшері қандай? Және ол қанша уақытқа дейін қолжетімді болуы мүмкін?

- Билеттердің ең төменгі бағасы - 4 мың теңге. Бүгінгі күні компания ашылғаннан бері 8 апта ішінде біз 5 бағыт бойынша 225 мыңнан астам билет сатып үлердік. Сұраныс өте жоғары. Сонымен қатар, сатылған билеттердің 40%-ы алдағы айларда ұшу үшін алдын-ала алынған. Енді қазір төмен бағадағы билеттерді қыркүйек-қазан айларында ұшу үшін сатып ала аласыз. Басқа әуе компанияларындағыдай бізде де ұшып шығу күні жақындаған сайын билет бағасы да қымбаттап кетеді. Тұтастай алғанда, Қазақстанда ертерек брондау мәдениеті жеткілікті түрде дамымағанын атап өтуге болады. Алайда арзан әуекомпанияның (лоукостердің) пайда болуы оның дамуына ықпал етеді. Жаңа айтып өткендей  қазірдің өзінде көптеген қарапайым адамдар ұшақпен саяхаттауға мүмкіндік алды, ал кейбіреулер үшін бұл бірінші мүмкіндік. Сонымен қатар, еңбек демалысы, той-томалақ, мерекелер үшін алдын-ала билеттерді брондап алса, әлдеқайда арзандау болады. Бұл ертерек брондау мәдениеті деп аталады.

- Яғни билеттердің тапшылығы әлі де бар ма? Компанияның әлеуетін арттыру жоспарлары туралы не айтуға болады?

- Бұл жерде әлемдегі бірде-бір әуекомпания әуе тасымалы сұранысын толық қанағаттандырмайтынын түсінуіңіз керек. Жазғы кезең - бұл мерекенің, белсенді еңбек демалысының мезгілі және соған сай билетке де сұраныс жоғары. Оның үстіне қазіргі уақытта компанияға тек 2 борт қана қызмет көрсетеді. Ұшу күніне бір рет жүргізіледі, сондықтан билеттер тез аяқталады. Біз үшін яғни, компания үшін бұл қуантарлық статистика. Компаниямыз біртіндеп танылған сайын арзан бағада әуе билетін алғысы келетін адамдар саны артуда. Компания 2022 жылға қарай борттардың санын 15 бірлікке дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар біз баға саясатын жүргіземіз. Негізгі мақсат - қол жетімді тарифтермен қамтамасыз ету. Бағаларымызға экономикалық немесе жаһандық өзгерістер ғана әсер етуі мүмкін.

- Ал, бағаның қолжетімділігін қалай қалай жоспарлап отырсыздар?

- Біздің стратегиялық серіктестеріміз - әуежайлар, олармен біз әуе тасымалы қызметін ұсынамыз. Енді біз әуежайлардың ойлау, психологиясы мен стратегиясын арзан әуекомпанияларға бейімдеуге тырысамыз. Төмен тарифтерді қамтамасыз ету үшін біздің шығындарымыз да төмен болуы керек. Біз әуежайларды болашаққа, яғни массаға бағыттауға шақырамыз. Иә, қазір ол қомақты табыс әкеле алмауы мүмкін, бірақ болашақта саяхатшылардың көбеюі күтілуде. Қазір «Fly Arystan» айына 70 мың жолаушыны тасымалдайды. 2022 жылға қарай 15 борт пайда болғанда, бұл көрсеткішті 15-ке көбейтсеңіз болады.

- Лоукостердің ұшу бағасына қандай шығындар енгізілген?

- Компанияның ең үлкен шығыстары - ұшақтың лизингі (ағылш. тілінен leasing. to lease — жалға беру), отынның құны және техникалық қызмет көрсету. Бұл ұшу бағасына енгізілген негізгі шығындар. Сонымен қоса ұшқыштардың, бортсеріктердің шы,ындары тағы бар. Мәселен, басқа әлемдік арзан брендтер броньды растаудан бастап бәрн сатады. Біздің компания арзан бағамен тиісті қызмет көрсетеді. Баға сонымен қатар әуе кемелерін пайдалану уақытына әсер етеді. Біздің басқарманың күрделі жөндеу уақыты - 30-ақ минут, ал өзге компаниялардың ұшақтары келесі рейсті күтіп бір сағат тұра алады. Ұшақтың әр сағаты - бұл ақша. Ал, лоукостерлерде ол күніне 14 сағатқа дейін  қолданғаны жөн.

- Компанияның кірістілікке шығуы бойынша қандай мерзім анықтайсыздар?

- Ұшақтар санының артуымен біз табыстылыққа шығуды күтіп отырмыз. Бізге 4 ұшақты «Эйр Астана» бас компаниясы лизинг қып береді. Қазіргі уақытта лизингілік нарық «шарықтап кетті», себебі Boeing компаниясының "макси" ұшақтары кемшіліктері себебінен қайтарып алынды. Қолданыстағы ұшаққа сұраныс сәйкесінше өсті, енді оларды жалдайтын уақыт емес. Кірістілік туралы айтатын болсақ, орташа алғанда лоукост бизнес-моделінің операциялық пайдасы (маржасы) қызметтің толық спектрін ұсынатын әуе компаниясымен салыстырғанда жоғары. Толық тізімді қызмет көрсететін әуе компаниясының маржасы 5-8%-ды құрайды, және оларға кем дегенде 5% алу үшін көп қозғалыс жасау қажет. Ақша айналымы миллиардтаған доллар болуы мүмкін, бірақ шығындар да сондай. Ал лоукостта маржасы 12-15%-ға дейін жетуі мүмкін. Кейбір жағдайларда маржа 20%-ға дейін жеткен. Арасындағы айырмашылықтың негізгі себебі - лоукост шығыны шектеулі, өзіндік тәртіптемесімен реттеледі. Яғни лоукост табыстылықын сақтаудың негізгі факторы - дәстүрлі жүйеге кетпей, төмен шығындар қағидаттарына адал болуын білдіреді.

 P.S. Қазақстанда алғаш рет бюджеттік әуекомпания (лоукостер) осы жылдың 29 наурызынан бастап іске қосылған болатын. Лоукостер түсінігі ағылшын тілінен аударғанда «Low Cost» - «төмен баға» мағынасын білдіреді.  Әдетте лоукостерлерде ұшақтардың бір типті флоты пайдаланып, дәстүрлі әуекомпанияларында билет құнына кіретін қосымша қызметтер, мысалы үшін бортта тамақтану, жүкті өткізу, ұшақтағы орын және тіпті аэропорттағы тіркеу қызметі де ақылы болады. Қазақстандық лоукостерде әзірге қосымша жүк пен бортта тамақтану қызметтері ғана ақылы.

Айдана Абдрахманова

Материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды