- Басты
- Жаңалықтар
- Жастар жылы: Ішкі туризмді насихаттау үшін 680 жас саяхатқа шығады
Жастар жылы: Ішкі туризмді насихаттау үшін 680 жас саяхатқа шығады
«Жастар керуені» Нұр-Сұлтан қаласынан бастау алады. 12 тамызда елордада жастар слеті өтеді, 13 тамызда керуен 7 бағыт бойынша жолға шығады. Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры Тоқтар Болысов аталған жоба арқылы жастар ішкі туризмге үлес қосатынына бек сенімді.
«Біз мектеп оқушыларынан бастап 29 жасқа дейінгі барлық жастарды тартуға ниеттіміз. Туризм саласында білім алып жатқан студенттердің де қатысқанын қалаймыз. Себебі бұл жоба арқылы олар өздерінің мамандығына басқа қырынан қарауы мүмкін. Қатысушылар жастар ұйымдарының белсенділері не болмаса өзі оқитын, не болмаса жұмыс істейтін мекеменің белсендісі болуы керек. Біз бүгінде өз аймағы үшін іс тындырып жүрген тұлғаларды тартқымыз келеді. Себебі, мемлекет тарапынан бөлініп жатқан қаржы қатысушылардың жолын, тұру және тамақтануын өтейді. Сондықтан да, оған ниетті жастар қатысқанын қалаймыз», - деді Т.Болысов.
Сондай-ақ, ол жоба аясында Нұр-Сұлтан қаласынан бастап сапар бойы бейнеге түсіріліп, насихаттау материалдары жеткілікті болатынын айтты.
«Әлеуметтік желілерде ол ақпаратпен қатысушылар бөліседі. Блогерлерде алдын ала материалдар бар. Алайда, біз жазба шығаруға, әлеуметтік желілерде бөлісуге жастарды күштей алмаймыз. Жоба аясында бейне, фото, влог бойынша байқау жарияланады. Бұл жастардың қызығушылықтарын арттырады деген үміттеміз», - деді Т.Болысов.
Сондай-ақ, Т.Болысов айтып өткендей, қатысушылардың саны 680-ді құрауы тиіс. 25 шілдеде іріктеу аяқталып, тізім дайын болады.
«Біз жобаны белгілі бір шекаралармен шектеп, талаптар қойғымыз келмейді. Себебі, туризм шабыт сыйлауы керек. Сондықтан да, әрбір облыста күн тәртібін бекітуді жөн көрдік. Ол кей аймақта концерт, кей аймақта конференциялар болуы мүмкін. Біз Жастар конгресі ретінде бұл жобаның өміршең болғанын қалаймыз. Біздің алдағы жылдарға мақсатымыз жастар арасында туризмді дамыту», - деді Т.Болысов.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы комитеті төрағасының орынбасары Шахмардан Байманов Жастар жылы аясында Үкімет тарапынан жол картасы әзірленгенін айтты. Оның негізінде мәдени-көпшілік шаралар ғана емес, ірі жобаларды да жүзеге асыру көзделген.
«Жол картасы аясында 89 тармақтан әлеуметтік мәселелерді шешу мен азаматтық бастамаларды қолдау бойынша жұмыстар қарастырылған. «Жастар керуені» ірі республикалық жобалардың бірі. Оның басты мақсаты - жастардың ішкі туризмді дамытуына үлес қосуы. Қазақстандағы киелі жерлерді аралау арқылы елдің көркем жерлерін жұртшылыққа әлеуметтік желі арқылы насихаттау басымдыққа еніп отыр. Оны «Қазақстан жастар конгресі» ЗТБ жүзеге асырады. Бұл жоба жаңа бағыттарды ашуға да өз үлесін қосады деген ойдамыз», - деді Шахмардан Байманов.
Сондай-ақ, ол жастардың елдің әсем жерлерімен саяхаттауы патриоттық сезімді арттыруға септігін тигізеді деп ойлайды.
«Барлық қатысушылар 7 бағытқа бөлініп елді аралайды. Олар саяхат кезінде әлеуметтік желі арқылы өзге аймақтардағы тұрғындарға Қазақстанның кереметтілігін көрсетеді. Сондай-ақ, жылдың соңына дейін аймақтық, республикалық және халықаралық деңгейдегі бірқатар шаралар қарастырылған», - деді ол.
Өз кезегінде Бренд-амбассадор Ғани Әжікенов жастар үшін осындай жобалар ұйымдастырылып жатқаны көңіл көншітетінін айтты.
«Белсенді жастардың басқосуы үшін жақсы мүмкіндік. Жобаның мүмкіндігі өте зор. Қазақстан жастар конгресі елдегі барлық жастардың қызмет бағыттарын қолдайды. Себебі, «Жастар керуені» мектеп оқушыларынан бастап 29 жасқа дейінгі қызметтегі жастардың барлығын қамтып отыр. Мен өзіме Алматы облысын таңдап алдым. Жастардың дамуына үлес қосып жатқан ұйымдастырушыларға алғыс», - деді Ғ.Әжікенов.
Айта кетейік, 7 бағыт Орал, Шымкент, Алматы, Өскемен, Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарын қамтиды. Әрбір аймақтағы іс-шаралар 4 күнге жоспарланып отыр.
Аягөз Құрмаш
Материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру