• Басты
  • Қазақстанда жаңа әуе бағыттар дамуы және транзиттік мүмкіндік
17 Шілде, 2019 13:12

Қазақстанда жаңа әуе бағыттар дамуы және транзиттік мүмкіндік

Өткен жылы Елорда әкімдігі қаланың әуе қозғалысын нығайтуға, жетекші авиациялық компаниялармен келіссөздер жүргізе бастады. Осы жылы бірқатар тапсырмалар мен іс-шараларды жүзеге асырғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласында жаңа бағыттар ашу және әуе қозғалысын күшейту мақсатында халықаралық авиакомпаниялар мен әуежайлардың өкілдерімен кездесу алаңын ұйымдастырды. Аталмыш шара халықаралық кеңістікте еліміздің алға ұмтылуына, сонымен қатар Қазақстандағы сыртқы және ішкі туризмнің болашағын қалыптастыруға қалай әсер ететіні туралы Strategy2050.kz АА материалында.
Қазақстанда жаңа әуе бағыттар дамуы және транзиттік мүмкіндік

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстан Республикасының астанасы Нұр-Cұлтан қаласында өтіп жатқан “Routes Silk Road 2019” халықаралық форумы ТМД, Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері үшін әуе маршруттарын дамытудың бірегей мүмкіндігі.

Елорда әкімінің орынбасары Бахтияр Макен, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Берік Камалиев және Routes бренд-директоры Стивен Смолл салтанатты түрде ашқан форумға 250-ден астам жергілікті және шетелдік компаниялар, мемлекеттік органдар, азаматтық авиация, қаржы институттар және ірі халықаралық корпорациялардың өкілдері қатысып жатыр. Олар Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялық, авиациялық және туристік әлеуетін зерттеп, сондай-ақ ресми және іскер топтардың өкілдерімен халықаралық және аймақтық ынтымақтастық перспективалар мен мәселелерін талқылап жатыр.

Екі күнге созылған іс-шараға халықаралық авиация ұйымдары – «Халықаралық Әуежайлар Кеңесі» (ACI) және Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) қатысты. ACI Азия-Тынық мұхит аймақтық директоры Патти Чау,  IATA Еуропаның аймақтық Вице-президенті Рафаэль Шварцман, Жібек жолы елдерінің келешекке арналған болашағы туралы нарыққа шолу жасады. IATA қауымдастығының авиациялық ортаның басты менеджері Мишель Адам халықаралық көміртек шығарылуының төлемақы схемасын (CORSIA) және авиацияның  тұрақты болашағы жоспарын ұсынды. Орталық Азия бойынша IATA басшысының көмекшісі Руслан Сарин, делегаттарды әуежайларда еңгізілген инновациялық технологиялардың соңғы жаңалықтарымен таныстырды.

Халықаралық авиациялық компаниялардың бағалауы және пікірі бойынша Қазақстанда жаңа халықаралық әуе бағыттарының ашылуына ешқандай кедергі жоқ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанынан құрылған «Астана конвеншн бюро» директорының орынбасары және Қазақстандағы Халықаралық «Routes Silk Road 2019» форумының бағыттарды дамыту жөніндегі ұйымдастырушы Хелена Махуас айтып берді.

««Routes» іс-шарасы жылына әлем бойынша 5 рет өткізіледі. Қазақстанға арналған іс-шара «Routes Silk Road 2019» деп аталады. 2015 жылы «Routes Silk Road 2019» шарасы Грузияда өткізілген болатын. Болашағы зор аймақ ретінде Қазақстан халықаралық авиациялық компанияларды қызықтырады, сондықтан биылғы жылы аталмыш іс-шараны Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылданды», - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанынан құрылған «Астана конвеншн бюро» директорының орынбасары Хелена Махуас.

Хелена Махуастың айтуынша, форум ел үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

««Routes» - қарқынды дамып келе жатқан Азия мен Батысты байланыстыруға арналған ең маңызды жиын. Осыны негізге ала отырып «Routes Silk Road» ТМД, Шығыс және Орталық Еуропа, Таяу Шығыс және Азияны ыңғайлы байланыстыруға арналған деп нақты айта аламын. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, «Routes» іс-шарасы өткізілген мемлекет пен мегаполисте  экономикалық оң көрсеткіштер мен туристік көрсеткіштер жақсарып, жаңа бағыттар, туристерге арналған жаңа орындар және әуе қатынасы ашылуына мүмкіндік туады», - деді спикер Хелена Махуас.

Форум аясында «Air Astana» компаниясының вице-президенты Ричард Леджер, «Qazaq Air» бас директоры Пламен Атанасов,  «Somon Air» компаниясының бас атқарушы директоры Томас Халламнан маңызды сұхбаттар алынады. Әрбір басшы өз авиакомпаниясының келешегі мен даму жоспарлары туралы әңгімелейді, сондай-ақ өзінің әуе саласына және нарыққа әсер ететін негізгі мәселелерге де ерекше көзқарас береді.

«Air Astana» компаниясының жоспарлау жөніндегі атқарушы директоры Алма Алигужинова, «AirAsia Group» компаниясының әуежайларды дамыту және халықаралық серіктестік жөніндегі топтың жетекшісі Дилхан Харадаса және «АтласГлобал» компаниясының коммерциялық директоры Невзат Арсан шығыс пен батыстың байланысын және ТМД әуе хабтарының еуропалық немесе Таяу Шығыс хабтарымен бәсекелесе алу мүмкіндігін арнайы сессияда талқылайды. «Air Astana», «Қарағанды халықаралық әуежайы» және «Asia Freight» әуе компанияларының басшылары әуе тасымалының дамуы мен әуежай инфрақұрылымының «Бір белдеу, бір жол» стратегиясына қалай енетіні бойынша пікір алмасты.

Сондай-ақ форум барысында өткен баспасөз мәлихатына Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәспкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Орынбасарұлы Бекмурзаев – Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәспкерлікті дамыту басқармасының басшысы, Талғат Тлеубекұлы Ластаев- Азаматтық авиация Комитетінің Төрағасы, Рәділбек Өкенұлы Әдимолда -Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық Әуежай Басқарма төрағасы, Routes бренд-директоры Стивен Смолл және де Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) аймақтық өкілдігінің директоры Джордан Карамалаков қатысқан болатын. Одан кейін қатысушы қонақтар бейресми жеке кездесулер өткізіп, Тәуелсіздік сарайындағы өтетін көрмеге бару мүмкіндігіне ие болды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанынан құрылған «Астана конвеншн бюро» директорының орынбасары Х.Махуастың сөзінше Қазақстан бір жыл ішінде «Routes» белгілеген жоғары көрсеткіштерге өол жеткізе ала алды. Енді сол жұмыстың нәтижесі ретінде Нұр-Сұлтан қаласында осы форумның өтуін айта аламыз.

««Routes» басты критериясы барлық мүдделі тараптар арасындағы, атап айтсам: әуежайлар, авиакомпаниялар, бағыттар мен қалалық әкімшілік арасындағы үйлесімді жұмыс. Осы жылы біз бұған қол жеткіздік», - деді халықаралық форумның ұйымдастырушысы.

Форумға қатысып жатқан 250-ден астам жергілікті және шетелдік компаниялар, мемлекеттік органдар, азаматтық авиация, қаржы институттар және ірі халықаралық корпорациялардың өкілдерінің ішінде маңызды бағыттарға - Азия, Қытай, Дубай, Польша, сондай-ақ Еуропа, Ресей және Таяу Шығыстағы әуежайлары кіреді. Әрине, бұл Қазақстан үшін перспективалық бағыттар.

«Жиынға қатысушылар Елордамыздың инвестициялық, авиациялық және туристік әлеуетін зерттеуге, сондай-ақ ресми және іскер топтардың өкілдерімен халықаралық және аймақтық ынтымақтастықтың келешегі мен мәселелерін талқылауға мүмкіндік алды», - деді Хелена Махуас.

Ал, өз кезегінде жақында ғана іске қосылған Fly Arystan бюджеттік авиакомпаниясының Маркетинг және сату жөніндегі директоры Жанар Жайлауова бюджеттік, яғни арзан авиакомпаниялардың еліміздің халықаралық аренада көтерілуіне қаншалықты ықпал ететінін айтты.

Ол сондай-ақ, кең ауқымды тақырыптар бойынша пікірталастар өткізілген форумда төмен бағалар режимінің келешегі мен тұрақтылығы, туризмге әсер етуі туралы мәлімет берді.

«Қазақстанда лоукостердің, яғни бюджеттік әуе бағыттарының болуы ынтымақтастықтың келешегі тұрғысынан халықаралық авиакомпаниялардың өзіндік көрсеткіші болып табылады. Лукостерлер қарапайым адамдардың да бір қаладан екінші қалаға ұшуына мүмкіндік береді әрі қолжетімді. Түптеп келгенде, бұл жағдай ел экономикасына оң әсер ететіні сөзсіз», - деп түсіндіреді Fly Arystan бюджеттік авиакомпаниясының маркетинг және сату жөніндегі директоры Жанар Жайлауова.

Оның сөзінше,  арзан әуе бағыттарын (лоукостерлер) ашу шағын және орта бизнестің дамуына да септігін тигізуі мүмкін.

«Еліміздегі арзан әуекомпанияның болуы, былайша айтқанда «спираль» әсеріне ие. Яғни, саяхатқа бару неғұрлым қолжетімді болса, Қазақстанда одан кейін басқа да елдердегі жаңа орындарды табуға мүмкіндік береді. Осы тұста мобилділік жоғарылаған сайын менталитетті өзгертіп, адамдарды шағын және орта бизнесті дамытуға ниеті ашылуы бек мүмкін. Неғұрлым арзан рейстер адамдарға соғұрлым жаңа шығармашылық идеяларды дамытуға ұмтылдырады», - деді Жанар Жайлауова.

Fly Arystan аз уақыттың ішінде 225 мың билетті сатып үлгерді. Оның ішінде әлі орындалмаған әуе рейстері шамамен 40 пайызды құрайды.

Маркетинг және сату департаментінің директоры Жанар Жайлауова ханым Fly Arystan мен Қазақстанның басқа әуекомпаниялардан артықшылықтары мен айырмашылықтары туралы атап айтты.

«Біздің тұтынушыларымыздың «Эйр Астана» әуекомпаниясы тұтынушыларынан айырмашылығын айта кетсем,  «Эйр Астана» әуекомпаниясының тұтынушылары негізінен 45 жастан жоғары ер адамдар болып келеді. Ал, біздің тұтынушыларымыз көбіне жастар. Олардың 48% -ы - 38 жасқа дейінгі жас әйелдер болса, 40%ы 38 жасқа дейінгі ерлер қауымы, 15% -ы балалар. Сонымен біз қарапайым адамдар үшін де әуерейстерін қолжетімді еткізе алдық. Тіпті басым көпшілігі алғаш рет ұшқандар», - деді ол.

Жанар Жайлауованың айтуынша, компания 2022 жылға қарай екі жақтың қуатын 15 бірлікке көтеріп, жолаушылар тасымалын жылына 1 миллионнан 3 миллионға дейін жеткізуді көздеп отыр.

Қорыта келе аталмыш жиын халықаралық авиациялық нарықтардың дамуына, жаңа тікелей бағыттардың ашылуына, әуе қатынасы деңгейінің өсуіне, сондай-ақ туризм саласында жұмыс істейтін авиакомпаниялардың, әуежайлардың және ұйымдардың өкілдері арасындағы байланыстар мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді, деп күтілуде. Мегаполистің жас динамикалық дамып келе жатқанын ескеріп, «Routes Silk Road 2019» беделді халықаралық іс-шарасын өткізу, қаланы іскерлік іс-шаралар үшін тартымды бағыт ретінде, сондай-ақ Орталық Азия хабының туристік және логистикалық бизнесін дамытуға елеулі үлес қосуы мүмкін.

Маңызды іс-шара соңында Қытайдың «Chinа Eastern Airlines» әуеакомпаниясы мен Қазақстанның Азаматтық авиациясы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Естеріңізге сала кетсек, өткен, яғни 2018 жылы Қазақстанға 8,5 миллион турист келіпті. Әрі олардың 800 мыңға жуығы Нұр-Султан қаласын тамашалауға барған. Әрине, бұл шетелдік қонақтардың жалпы санының шамамен 10% -ын құрайды. Ал, 2018 жылы Қазақстандағы ішкі туристердің саны 5 миллионға жетіп, өсім қарқыны бір жыл бұрынғымен салыстырғанда шамамен 6 пайызды көрсеткен.

Айдана Абдрахманова

Материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды