Басқару

Президенттің тапсырмасы қалай орындалып жатыр

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша нақты жұмыстарды талқылау үшін қала әкімі Алтай Көлгінов «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовпен кездесті. Кәсіпкерлікті дамытуда тәжірибесі мол ұлттық кәсіпкерлер палатасымен қаладағы жұмыссыздық пен мамандығы жоқ азаматтарды қайта оқыту бойынша мәселелер талқыланды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Нұр-Сұлтан17 Шілде , 12:30

Қала әкімі  тұрғындармен кездесулерде жұмыс сұрайтындар көп екенін жеткізді.

« Сонымен қатар, оқып сертификат, диплом алғысы келетіндер де жоқ емес. Олар - мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған, әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылар. Осындай азаматтарды әлеуметтендіру мәселесін біз «Атамекен» ҰКП бірге тездетіп бастағымыз келеді, - деді А.Көлгінов.

Өз кезегінде А.Мырзахметов қаламен қоса, жақындағы ауылдарды да қамту жоспарда бар екенін атап өтті.

«Біз осы арқылы қаланың және шаһар шетіндегі ауылдардың тұрғындарын қамтығымыз келеді. Азаматтарға кәсіби тұрғыдан қалыптасу үшін қаржылай, психологиялық көмек беру қарастырылған», - деп атап өтті А.Мырзахметов.

Сондай-ақ, елорда әкімі Алтай Көлгінов қаланың құрылыс компанияларының өкілдерімен кездесіп, объектілердегі қауіпсіздік техникасын сақтау, абаттандыру, еңбекті ұйымдастыру, құрылыс салушылардың үлескерлер алдындағы жауапкершілігін талқылады.

Бірінші кезекте әкім құрылыс салушылардың назарын құрылыс алаңдарындағы қауіпсіздік техникасының сақталмауына аударды. Көп жағдайда, барлық қауіпсіздік ережелерін елемей, жұмысшылар арнайы бас киімсіз, аяқ киімсіз  еңбек етеді. Осыған байланысты елорда басшысы құрылысшыларды өз алаңдарын ретке келтіруге шақырды.

«Бірінші кезекте мен сіздерден, қауіпсіздік техникасын каскадан бастап арнайы аяқ киімге дейін талаптарды сақтауларыңызды сұраймын.  Біз үшін ең бастысы-жұмысшылардың қауіпсіздігі маңызды әсіресе құрылыс объектілерінде жұмыс істейтін адамдарға қатысты. Қауіпсіздік шараларына үнемдеудің қажеті жоқ.  Қауіпсіздік техникасы сақталған жерде тәртіп пен сапа бар және нәтиже де болады», - деп атап өтті Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ, әкім құрылыс салушыларды қызметкерлерге уақытылы жалақы төлеуге және еңбек шарттарында көрсетілген барлық шарттарды сақтауға, өз қызметкерлерін жаппай наразылықтарға шығуға мәжбүр етпеуге шақырды.

«Біз сіздерге жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасаймыз, бірақ егер сіздер еңбекақыны төлемесеңіздер немесе конверттерде төлесеңіз, онда сізбен әңгіме басқаша болмақ, сондықтан заң шеңберінде жұмыс істеңіздер. Салықтарыңызды төлесеңіздер - ұйқыларыңызда тыныш болады», - деді әкім.

 Сонымен қатар, Алтай Көлгінов әкімдік өз тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіп, құрылыс компанияларына қысым жасалмайтынына сендірді.

«Егер біреу сіздерге әкімдік тарапынан кедергілер жасайтын болса, онда бізге хабарласа аласыз. Оларды ретке келтіреміз. Егер біреу сіздерден пара, ақша сұраса, тиісті органдар дереу шаралар қолданатын болады.  Менің өзіме де тікелей хабарласуларыңызға болады», - деп атап өтті.

Жиын барысында абаттандыру ережелерін сақтауға қатысты мәселелер  талқыланды.

Мәселен, жыл басынан бері қоқысты белгіленбеген орындарда тастауға 66,  жолдардың жүруге арналған бөліктеріне қоқысты шығарғандары үшін 76 жүргізуші жауапқа тартылған.

 Қалада Алаш тас жолы бойында бір қоқыс тастау орны орналасқан, алайда құрылыс алаңдарынан рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс шығару жиі кездеседі. Осыған байланысты 109 қызметінің тұжырымына сәйкес, ластануға ұшыраған 10 орынға бейнебақылау камераларын орнату ұсынылады.

 Сондай-ақ, құрылысшылардың түнгі уақытта тұрғындардың тыныштығын бұзу әрекеттері бар. Осындай шағымдармен биыл 102 желісіне 196 қоңырау келіп түскен. 

Әкім осындай жағдайларға жол бермеу керектігін атай келе, елорда көшелерін ластамау үшін нысандардың басшыларын құрылыс алаңдары мен техникаларды тазалықта ұстауға шақырды.

 Сондай-ақ, Алтай Көлгінов жиынға қатысушыларға үлескерлермен жұмыс істеу барысында аса жауапкершілікпен қарау керектігін еске салды. Оның айтуынша, бүгінде елордада жосықсыз құрылыс салушылардың әрекеттерінен зардап шеккен 10 мыңнан астам үлескер бар. 

«Мен үлескерлермен кездестім және кейбіреулер өз пәтерлерін ала алмай кеткен, көпшілігі өз мүліктерін салды, жатақханаларда тұрады, біреулер мүлдем үйсіз қалды. Мемлекет қазір олардың проблемаларын шешуде. Мұндай әрекеттер қайталанбас үшін әрбір объектіде қатаң бақылауды жүзеге асыратын боламыз. Егер сіз адал табыс тапқыңыз келсе, біз сіздерді қолдауға дайынбыз. Президент бизнесмендер үшін әкімшілік кедергілерді алып тастау мәселелерін жеке өзі бақылайды. Бірақ бизнес үшін де, әсіресе құрылыс саласында да жауапкершілік болуы керек», - деді әкім.  

Кеңесте көтерілген тағы бір мәселе құрылыс кезінде отандық өндірушілердің материалдарын қолдану болды.  Әкім құрылыс салушыларды сапасы жағынан басқа елдердің өнімдерімен бәсекелесе алатын қазақстандық тауарларды қолдауға шақырды.

«Елбасының тапсырмасы бойынша Үкімет қарапайым заттардың экономикасына 600 млрд.теңге бөлді. Бізде өндірілетін құрылыс материалдарының түрлері мүмкіндігінше қаланың құрылысы кезінде пайдаланылуы тиіс. Бізде үй құрылысы комбинаттары пайда болды, лифттер жиналады, бұл өндірісте мыңдаған адам жұмыс істейді, осының барлығы сіздер үшін шығарылады», - деп қортындылады Алтай Көлгінов.

Аягөз Құрмаш 

Материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.




Яндекс.Метрика