• Басты
  • Қазақстанда жемқорлыққа қарсы жобалық кеңселер қалай жұмыс істейді
17 Шілде, 2019 09:24

Қазақстанда жемқорлыққа қарсы жобалық кеңселер қалай жұмыс істейді

Қазақстанда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша бірқатар іс-шаралар атқарылуда. Осы мақсатта 2019 жылдың басынан бастап еліміздің өңірлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жобалық кеңселер іске қосылды. Осы уақыт ішінде аталмыш кеңсе қызметтері арқылы бірқатар заң бұзушылықтар анықталған. Бюрократияны болдырмау, министрлікті халыққа жақындату, сондай-ақ сенім деңгейін арттыру мақсатында министрліктер жанынан да осындай кеңселер ашылуда. Strategy2050.kz АА материалынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар туралы толығырақ біліңіз.
Қазақстанда жемқорлыққа қарсы жобалық кеңселер қалай жұмыс істейді

Жақында министрлікте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен бірге «Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі – Адалдық алаңы» бірлескен жобасы қолға алынды.

Іске асыру кезеңі 1 жылды қамтып, осы жылдың шілдесінен бастау алатын жоба келесі жылдың шілдесінде аяқталады, деп күтілуде. Арнайы мемлекеттік орган өкілдерінің сөзінше, негізгі мақсат – сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқарту, сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамауды қалыптастыру, азаматтардың Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне және Министрліктің қарамағындағы ұйымдарға деген сенімін арттыру.

«Осы бағытта бірқатар шараларды атап өтейін. Мәселен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында көлік, өнеркәсіптік қауіпсіздік, геология және жер қойнауын пайдалану, техникалық реттеу және метрология салаларындағы бақылау-қадағалау функциялары шамамен 30%-ы қысқартылған. Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша іс - шаралар жүргізілді, ол қызмет алушылармен тікелей байланыс орнатуға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға жағдай жасайтын құқықтық актілердің қайшылықтары мен тиімсіздігін жоюға, әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған»,-деп хабарлады ҚР ИИДМ жауапты хатшысы Мереке Пішембаев.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жоба индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік, жер қойнауын пайдалану, автомобиль жолдары, азаматтық авиация, көлік, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қорғаныс өнеркәсібі салаларында жұмыс істейтін болады.

ҚР ИИДМ жауапты хатшысы жемқорлық мәселесі бойынша басым салаларға да тоқталды.

«Осы уақытқа дейін сыбайлас жемқорлық орын алып жатқан салалар арасында көлік саласы, өнеркәсіптік қауіпсіздік және құрылыс салалары туралы айта кетейін. Сондықтан, "Адалдық алаңы" жобасының шеңберінде біз осы бағыттардағы жұмысты шоғырландыратын боламыз. Жалпы, жобаның жұмысы азаматтар үшін мемлекеттік органмен өзара іс-қимыл жасау, бизнес-үдерістердің ашықтығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған еді», - деді ол.

Онымен қоса көлік саласы бойынша заңнамаға өзгерістер енгізіліпті. Мәселен, әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактілерін және көліктік бақылау органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттерін тіркеу үшін техникалық құралдарды (видеожетондарды) пайдалану, автокөлік құралдарын тоқтату жүзеге асырылатын негіздердің толық тізбесі нәтижесінде бекет қызметкерлерінің таңдауы бойынша тоқтатуға тыйым салуға мүмкіндік туды. Аталмыш көріністердің жолын кесу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға нақты уақыт режимінде көліктік бақылау бекеттеріндегі инспекторлардың жұмысын бақылауға мүмкіндік беріліпті. Сонымен қатар бұл сала бойынша арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын қолдану арқылы тасымалдаушылармен тікелей байланыс инспекторларын алып тастау мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

«Лауазымдық нұсқаулықтарда министрлік, оның ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелері басшыларының бағынышындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін дербес жауапкершілігі бекітілген. Тоқсан сайынғы есептер қалыптастырылатын Бірыңғай сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтауға көп көңіл бөлінеді. Министрлік, мемлекеттік органдардың ішінде бірінші болып квазимемлекеттік секторды қамтып, ведомствоға қарасты ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен стандарттар енгізді», - деп атап өтті Мереке Пішембаев.


Көрсетілген бағыттар шеңберінде сыбайлас жемқорлықты жою және оған қарсы шараларды іске асыру, оның ішінде қолданыстағы нормативтік-құқықтық актіні талдау және жетілдіру, ішкі және сыртқы бизнес-процестерді талдау, оларды оңтайландыру, ұйымдастыру-басқару қызметін талдау, бизнес үдерістердің ашықтығын қамтамасыз ету, заманауи сандық технологияларды енгізу, адам факторын болдырмау, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, консультациялық-кеңесші органды қалыптастыру, министрліктің қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру, азаматтармен ақпараттық жұмыс, ұжымдарда парасаттылық қағидаттарын енгізу міндеттері қарастырылған.

Осы тұста сыбайлас жемқорлыққа қарсы агентіктің бірінші орынбасары Олжас Бектенов ҚР ИИДМ-нің жобалық кеңсесін құрудың маңыздылығын атап өтті.

«Сіздердің министрліктеріңізге қарайтын қызмет бағыттары біздің еліміз үшін өте күрделі және өте маңызды екенін ерекше атап өткім келеді. Оған жолдарды салуды, көліктік бақылауды және өнеркәсіпті дамыту сияқты өте ауқымды жобалар кіреді. Бұлар негізгі салалар деп айтуға болады. Сондықтан бүгін «Адалдық алаңы» жобамыз үшін маңызды күн болып табылады, ол сіздердің атқарған шараларыңыздың көмегімен көмегімен өз көкжиегін кеңейтетін болады», - деді ол.

Жобалық кеңсенің аясында қарапайым Қазақстан азаматтары сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша жүгіне алатын қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс жасайтын болады. Жоба жетекшісі Мирас Қарғабай оның жұмысы туралы әңгімелеп берген болатын.

«Осы кеңселердің басты міндеті - кішігірім көріністерден басталатын күнделікті жемқорлықты жою, сондай-ақ бюрократияны жою және тұрғындарға жобалық кеңселердің қызметкерлері арқылы министрлікпен тікелей байланысқа шығу мүмкіндігін беру үшін халыққа ыңайлы жағдай жасау екендігін атап өткім келеді», - деп түсіндірді ол.

Аталмыш жоба кеңсесінің жұмысында үдерістерді ашық қылу және ашықтық пен адалдық мәдениетін қалыптастыру үшін қоғамдастықтың қатысуы өте маңызды-ақ.

«Басқа өңірдегі жобалық кеңсеге келген қоғам белсенділерінің арқасында заң бұзушылықтар анықталды, мысалы, қазір машинасы жоқ адамның қандай да бір жолмен техникалық байқаудан өткені. Басқа облыста салынып біткен жол анықталды, оның астында - өзен болп шықты», - деп қосты Мирас Қарғабай.

Оның айтуынша, жоба кеңсесінде Қазақстан Республикасының ҚР ИИДМ-нен бес адам Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігімен бірлесіп жұмыс істейтін болады. Аталмыш кеңсенің Қазақстан азаматтарының қол жетімділігі үшін министрлікке кіретін жеке есігі бар.

Қорытындысында жобаның жарғысына Қазақстан Республикасының ИИДМ және Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі қол қойды. Жобаны іске асыру мерзімі 2019 жылдың шілдесінен бастап - 2020 жылдың шілдесіне дейін белгіленген.

Еске сала кетейік, «Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесін құру 2018 жылы «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасы аясында Тұңғыш Президент - Елбасының бастамасымен орындалды. Осы жылдың басынан бастап министрліктерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалық кеңселер құрылып жатыр. ҚР ИИДМ бесінші ведомство болып отыр. Бұның алдында сыртқы істер, қаржы, білім және ғылым министрліктері, сондай-ақ индустрия және қоғамдық даму министрлігі ашқан еді. Мұндай офистің ашылуы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде де жоспарланып отыр.

Айдана Абдрахманова

Материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды