• Басты
  • Қазақстандықтар салығының өсімпұлдары кешіріледі
12 Шілде, 2019 18:12

Қазақстандықтар салығының өсімпұлдары кешіріледі

Қазақстан республикасы қаржы министрінің орынбасары Қанат Баеділов Қазақстан республикасы Үкіметінің баспасөз қызметінде өткен брифингте салықтық рақымшылық шарттары мен өткізілу реті, салық берешегі туралы түсіндірді. Бүгінгі таңда салықтық рақымшылылық бойынша тиісті заңға Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2019 жылдың 4 шілдесінде қол қойған және ол заң ағымдағы жылдың 16 шілдесінде күшіне енеді.

Қазақстандықтар салығының өсімпұлдары кешіріледі | Strategy2050.kz

Естеріңізге сала кетсек, Тұңғыш президент Н.Назарбаев жыл басында жеке тұлғалалар салық берешегі бойынша негізгі борыштарын өтеген жағдайда, ол жеке тұлғалардың өсімпұлдарын есептен шығарып, олар үшін салықтық рақымшылық жасау туралы шараны үкіметке жүзеге асыру үшін тапсырған болатын.

Сонымен алдағы уақытта Қазақстанда салықтық рақымшылық жүргізу қағидалары ҚР Қаржы министрлгінің бұйрығымен бекітіліп, жақын арада барлық аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінің назарына жеткізілетін болады.

Сондай-ақ, салық бойынша берешегі бар жеке тұлғалар қарызының сомасы туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсы немесе E-gov.kz электронды Үкімет порталы арқылы біле алады. 

Қаржы вице-министрінің айтуынша, бекітілген Жол картасы бойынша мемлекеттік кірістер органдары салықтық рақымшылық жүргізу тәртібі туралы халық арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады және соның арқасында әрбір азамат биылғы жылдың соңына дейін есептелген өсімпұлдарды алып тастау бойынша осы науқанды пайдаланады. 

«Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан бойынша 1,4 миллион жеке тұлғаның жалпы сомасы 20,9 миллиард теңгені құрайтын салықтық берешегі болған, соның ішінде негізгі борыш көлемі14,3 миллиард теңге, есептелген өсімпұлдар – 6,6 миллиард теңге. Салық берешегінің ең көп сомасы немесе 70% көлік құралдарына салынатын салыққа тиесілі. Жер салығы бойынша берешекке 12%, мүлік салығына 6,7% тиесілі», - деген мәлімет берді ҚР Қаржы министрінің орынбасары Қ. Баеділов.

Мемлекет басшысының жоғарыдағы тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында осы жылдың басынан бері мемлекеттік кірістер мекемелері жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық жүргізу үшін үлкен дайындық жұмыстарын жүргізді. Сондай шаралардың негізгілеріне уәкілетті органдармен деректер базасын салыстырып тексеруден бастап, сондай-ақ салық төлеушілердің дербес шоттарын өзектендіру мақсатында есептеулердің толықтығы мен дұрыстығын анықтау үшін дербес шоттарды түгендеу жүргізу жатады.

ҚР Қаржы вице-министрі Қанат Баеділов осы мақсатта осы рақымшылықтың маңызды шарасы - жеке кәсіпкер болып табылмайтын, бірақ кәсіпкерлік қызметтен туындайтын салықтар бойынша берешегі бар жеке тұлғалардың да салықтық берешегін есептен шығаруға мүмкіндік берілгенін атап өтті.

«Бұл жерде көрсетілген берешек 2002-2003 жылдары салық органдарының жергілікті жүйеден жалпы республикалық салықтық ақпараттық жүйеге (БСАЖ) көшуі кезінде пайда болған. 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сомасы 700 млн теңгеге, оның ішінде негізгі борыш - 400 млн теңге, өсімпұл – 300 млн теңге болатын мұндай салықтық берешек 16 мыңнан астам жеке тұлғада болған», - деп түсіндірді Қ. Баеділов. 

Ол, сондай-ақ жеке тұлға салықтар бойынша негізгі қарызды төлеген жағдайда өсімпұл есептен шығарылатынын баса айтты. 

Сонымен қатар, Қаржы вице-министрі салық берешегінің өсімпұлын есептен шығарту үшін, салық төлеушілер тарапынан ешқандай жүгіріс болмайтынын да жеткізді.

«Рақымшылықты ести сала өсімпұлын есептен шығарту үшін салық төлеушілерге ешқайда барудың қажеті жоқ. Ол үшін мемлекеттік кіріс органдары жұмыс істеп жатыр. Олар күн сайын жеке тұлғалардың дербес шоттарының жай-күйіне мониторинг жасайтын болады. Содан кейін олар негізгі борышты төлеген кезде өсімпұлды есептен шығару туралы тиісті шешім шығарады», - деп түсіндірді Қанат Баеділов.

Қанат Баеділов баспасөз отырысында  2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша салық берешегі бар барлық азаматтарды мемлекет тарапынан өсімпұл ретіндегі санкцияларды есептеусіз салық міндеттемелерін орындау мүмкіндігін пайдалануға шақырды. Және ол үшін салық берешегі бар жеке тұлғалар негізгі қарызын өтеуі тиіс.  

Енді өсімпұлдарды есептен шығару бойынша әзірленген ережелерге келсек. Ол туралы ҚР Үкіметінің баспасөз алаңында ҚР қаржы вице-министрі Қанат Баеділов айтып берді. 

Жоғарыда тиісті Заң бойынша өсімпұлдарды есептен шығаруды өкілетті орган - Қаржы министрлігі белгілеген тәртіп бойынша жүргізілетіні қарастырылғаны айтылды. 

Қ. Баеділов хабарлағандай, жақында, шамамен шілде айының 20-сы мен 30-ы аралығында, яғни шілде айының үшінші он күндігінде өсімпұлдарды есептен шығару бойынша аталмыш жұмыстар толықтай басталады. 

ҚР Қаржы министрлігінің Ережелеріне сәйкес, әрбір аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында өсімпұлдарды есептен шығару бойынша комиссия құрылып, ол комиссия функциясына қарыздар сомасын өтеген салық төлеушілерді іріктеу үшін дербес есепшоттарды түгендеу бойынша қалыпты күнделікті жұмыстар, үш жұмыс күні ішінде қарыздарын өтеген салық төлеушілер бойынша өсімпұлдарды есептен шығару туралы шешімді шығару міндеттері кіреді. Сонндай-ақ, шешім шығарылған күннен бастап үш күннен кешіктірмей салық төлеушінің дербес есепшоттары бойынша өсімпұлдар есептен шығарылып тасталады. 

Жеке тұлғалар салық бойынша қарызының сомасын Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсы немесе E-gov.kz электронды Үкімет порталы арқылы біле алады. 

Өсімпұлдардан арылғысы келген салық төлеуші ең алдымен - өткен жылдардағы өзінің міндеттемелері бойынша негізгі салық сомасын төлеуі тиіс. Ол үшін арнайы өтініш жазып, мемлекеттік кірістер органдарына қандай да бір құжаттарды әкеліп, артық жүгірістің қажеті жоқ екендігін жаздық. Күн сайын дербес шоттарының жай-күйіне мониторинг жасайтын мемлекеттік кірістер органдары – салық төлеушілер негізгі борышты өтеген кезде өсімпұлды есептен шығару туралы тиісті шешімді үш жұмыс күнінен кешіктірмей  шығаратын болады.

Қазіргі уақытқа дейін «Салық төлеуші кабинеті» веб-қосымшасында дербес есепшотын көру үшін электронды цифрлық қолтаңба қолданылып келеді. Алайда, оның альтернативті, яңни баламалы жеңіл жолы бар. Енді сіздің электронды цифрлық қолтаңбаны қолданбай-ақ қарызы туралы білуіңізге болады, оны білу үшін Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсында Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бойынша мәліметтерді онлайн-режимде алуға мүмкіндік беретін сервис іске қосылды. 

Қаржы министрінің орынбасары Қанат Баеділовтың сөзінше, өсімпұлдарды есептен шығару жеке тұлғаның барлық салықтық міндеттемелері бойынша жүргізіледі екен.

Салықтардың негізгісі – олар жеке тұлғаның жеке меншігіне - жеріне, мүлкіне, көлігіне салынатын салықтар. Сонымен қатар мүлікті сату кезінде құнының өсімінен мүлік салығын алумен байланысты жеке табыс салығы бойынша міндеттемелер болып табылады.

Енді салық төлеушілер – 2019 жылдың соңына дейін 2019 жылдың 1 қаңтарына дейінгі салықтық кезеңдегі салық міндеттемелері бойынша белгіленген негізгі қарыздарын төлеуге міндетті. Жеке тұлғаның ендігі әрекеті –  тек өткен жылдардағы негізгі қарыз сомасын өтеумен шектеледі. Ал, сол кезде өсімпұлдар сомасы есептен шығарылады. 

Жалпы, осы 2019 жылдың басынан бері негізгі қарызды төлеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару бойынша шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылық  рақымшылық жүргізіліп келеді.  Өтелгендердің ішінде, 2019 жылдың 1 шілдесіндегі есепті жағдай бойынша 40 мыңға жуық салық төлеуші 7,6 миллиард сомасындағы негізгі қарызын өтеген, олар жөнінде 2,1 миллард теңге сомасына өсімпұлдар мен 180,6 миллион теңгеге айыппұлдар есептен шығарылған екен. Салық бойынша рақымшылық 2019 жылдың соңына дейін созылады.       

Айдана Абдрахманова

Материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды