- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақ-тәжік экономикалық ынтымақтастығының болашағы зор болмақ
Қазақ-тәжік экономикалық ынтымақтастығының болашағы зор болмақ
Сонымен қатар ТР Премьер-Министрі Кохир Расулзодамен үкіметаралық келіссөздер өтті. Келісөздер барысында қазақстандық-тәжікстандық ынтымақтастықты тереңдеу келешегі қаралды. 2018 жылы елдердің екіжақты сауда көлемі 8,2%-ға артты, сауда айналымы $900 млн құрады. Сонымен қатар, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы автомобиль көлігімен экспорттық-импорттық тасымалдау көлемі 2,9 есе өсіп, 16,9 млн тоннаны құрады.
«Қазақстанда Сіздің құрметті қонақ ретінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық отырысқа қатысқаныңызды жылылықпен еске алады, - деді Асқар Мамин.
Тәжікстан Премьер-Министрі Кохир Расулзода Қазақстанның тауар айналымы бойынша Тәжікстанның екінші серіктесі болып отырғанын айтты. Сонымен қоса, Қазақстанның Тәжікстанның басты сауда серіктесіне айналуы бойынша зор перспективалар бар. Осы мақсатта Қазақстан және Тәжікстан Үкіметтері алдағы 3-4 жылда өзара сауда көлемін $2 млрд-қа дейін арттыру үшін жұмыстар жүргізуде.
Тараптар қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемін арттыру және номенклатурасын кеңейту бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруды жалғастыру ниетін растады. Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік кооперация, энергетика, көлік және коммуникациялар салаларындағы инвестициялық өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге көңіл бөлінді.
«Біз біздің инвестициялық ынтымақтастығымызды бірлескен инвестициялық жобаларды жасау арқылы арттыруға әзірміз», - деді Асқар Мамин.
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Тәжікстанға ресми сапары аясында жалпы сомасы $80 млн-нан асатын, қазақ-тәжік ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған 11 құжатқа қол қойылды:
- $35 млн-ға Еуразиялық Даму Банкі, «Рохи Охани Точикистон» МУК және «ЭСК «KazakhExport» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге;
- $20,7 млн-ға «Агромашхолдинг» АҚ, «Таджиксельхозлизинг» РМУК және «ЭСК «KazakhExport» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге;
- $16 млн-ға «Дусти 2017» ЖШҚ және «ЭСК «KazakhExport» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге;
- $6 млн-ға «Азық-түлік келісім корпорациясы» ҰК» АҚ және Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігінің арасындағы қазақстандық бидайды жеткізуге шекті келісімге;
- $1,5 млн-ға «Hyindai Trans Avto Kazakhstan» және «Холдинг Азия Групп Таджикистан» ЖАҚ арасындағы эвакуаторлар, туристік автобустар жеткізуге келісімге;
- $1 млн-ға «PALLANT TRADE» ЖШС және «Таджеро» ЖШҚ дистрибьюторлық компаниясы арасындағы консервіленген өнімді жеткізу туралы келісімшартқа;
- $655-ға «СарыаркаАвтоПром» ЖШС мен «Холдинг Азия Групп Таджикистан» ЖАҚ арасындағы Jac маркалы 50 машинаны жеткізу туралы келісімшартқа;
- «Азық-түлік келісім корпорациясы» ҰК» АҚ және Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігінің арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге;
- «Ситабр Агро» ЖШҚ және «Continental Agro Trade» ЖШС арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерімен сауда саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға;
- «Метал Инвест» ЖШҚ және «Continental Agro Trade» ЖШС арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерімен сауда саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға;
- «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ және «Рохи охани Точикистон» МУК арасындағы келіссөздер хаттамасы.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр