• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сумен қамтамасыз ету жүйесінде сорғы құралдары мен арматуралық ілмектерді пайдалану энергия шығынын 40%-ға төмендетеді - ӨДМ

Сумен қамтамасыз ету жүйесінде сорғы құралдары мен арматуралық ілмектерді пайдалану энергия шығынын 40%-ға төмендетеді - ӨДМ

23 Қаңтар, 2014 11:30
Сумен қамтамасыз ету және оны бұру жүйесінде сорап құралдары мен арматуралық ілмектерді пайдалану энергия шығынын 40%-ға төмендетеді, деп «ҚР елді мекендеріндегі сумен қамтамасыз ету және суды бұру жүйелерін жобалаудағы маңызды сұрақтар» атты халықаралық конференцияда Құрылыс және ТКШ комитеті төрағасының орынбасары Асқар Сманқұлов хабарлады.

«Бүгінде біз энергиялық тиімді сорап құралдары мен арматуралық ілмектерді пайдаланатын болсақ, онда энергия мен жылудың 40% үнемдейміз», - деді  А. Сманқұлов.

Сондай-ақ ол, Атыраудағы арматуралық ілмек жасайтын кәсіпорнын  «Шеврон» және «Сигматекс» компанияларының іске қосқанын тілге тиек етті.

Жалпы, төрағаның айтуынша, елімізде пластикалық құбыр жасайтын 69 зауыт жұмыс істесе, металл құбырларды жасайтын зауыт Ақтау қаласында бой көтерді. 

Барлық жаңалықтар