• Басты
  • Қай елдерде инфекция жұқтыру қауіпі зор? – ҚР Бас санитары ескертеді
10 Шілде, 2019 17:24

Қай елдерде инфекция жұқтыру қауіпі зор? – ҚР Бас санитары ескертеді

Қазақстанда соңғы екі жылда оба, туляремия сияқты аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтары, денге қызбасы, тырысқақ сияқты ауру түрлері тіркелген. Осы аурулардың ошағы болып табылатын Оңтүстік шығыс Азия елдері, Оңтүстік Америка және Африка мемлекеттерінде демалуды жоспарлаған қазақстандықтарға Қазақстан республикасы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин абай болуды ескертті. Ол сондай-ақ баратын мемлекет туралы алдын-ала ақпарат біліп, екпе егіп шығуға кеңес берді.

Қай елдерде инфекция жұқтыру қауіпі зор? – ҚР Бас санитары ескертеді | Strategy2050.kz

Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында демалысын шетелде өткізуді жоспарлап отырған қазақстандықтарға кеңес және елдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша баспасөз конференциясын өткізген  Жандарбек Бекшиннің айтуынша, Қазақстанның барлық облыстарының аумағында күйдіргі, кене энцефалиті, құтыру және басқа да табиғи-ошақтық инфекциялар бойынша стационарлық қолайсыз пункттер бар көрінеді. Осы орайда саяхаттауға шығушылар баратын елдердегі қандай аса қауіпті аурулар бар екенін біліп, одан қорғаныш шараларын ұйымдастырып, денсаулығы мен өміріне жауапкершілікпен қарауға кеңес берді.

«Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік батыс өңірінде, нақтырақ айтсам: Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы және бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтары табылды. Сондай-ақ, соңғы екі жылдың ішінде 9 қазақстандық турист дэнге безгегі ауруына шалдыққан. Олар Тайланд, Сингапур, Вьетнам, Үндістан ияқты Оңтүстік шығыс Азия елдерінде болып, осы экзотикалық ауруды жұқтырғаны белгілі болды. Одан кейін, Конго-Қырым қызбасының 1 жағдайы да тіркеліп отыр. Оны Өзбекстаннан келген азамат әкелген және қазір ол қазір ем қабылдап жатыр. Онымен қоса, биылғы жылы Үндістаннан жұқтырып әкелген тырысқақ ауруының 5 жағдайы тіркеліп үлгерді.  Және тағы да Үндістан мемлекетіне саяхатқа барғанда жұқтырылған малярия ауруының 1 жағдайы да тіркелді. Барлығы дер кезінде анықталып, диагностика жасалынды, олар инфекциялық ауруханаларға жатқызылып, оқшауланып, ем алуда». – деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар Бекшин тырысқақ жұқтырып, тіркелген 10 науқастың Шымбұлаққа демалуға келген үндістандықтардан табылғанын жеткізді.

«Бұл жағдай қыста тіркелген болатын. Үндістандық туристер Шымбұлаққа келгенде анықталғаны белгілі болды. Осы ауру дер кезінде анықталғаннан кейін, Қазақстанның басқа өңірлеріне тарауға жол берілмеді», - деді ол.

Бас санитарлық дәрігер шетелде демалғысы келетін туристерге, қазақстандықтарға дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайтына кіріп, қажетті ақпарат алуға нұсқау берді.

Оның айтуынша, 2019 жылдың алғашқы айынан, яғни қаңтарынан бастап әлемде 745 мың тырысқақ тіркелсе, оның 407 мыңы қайтыс болған. Сондай-ақ,  79 күйдіргі ауруымен аурығандардың 7-еуі өлген.  Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырған 28 аурудың 5-еуі қайтыс болған. Сары қызбамен тіркелген 65 аурудың 12-сі өлім жағдайымен аяқталған. Эбола қызбасының 790 өлім жағдайымен аяқталған екен. 174 мыңнан астам дэнге безгегімен емделгендердің 482-сі қайтыс болыпты. Сонымен бірге  Тайландта тіркелген 30 мың Денге қызбасының 90-ы өлім жағдайымен аяқталған.

«Бүгінгі таңда қазақстандық туристердің шетелге шығу сапарлары кеңейді, яғни біздің туристер бізге таныс елдерге ғана емес, экзотикалық елдерге де барады. Бұл Африка, Орталық және Оңтүстік Америка, Бразилия, Доминикан Республикасы, Мальдив. Осының бәрі бірден, ал кейбіреулері бірнеше айдан кейін пайда болуы мүмкін аса қауіпті және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралу қаупін арттырады», – деп атап өтті Ж. Бекшин.

Осылайша, Қазақстанға инфекциялардың сырттан әкеліну қаупі үнемі бар екені айтылды.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының аумағында аса қауіпті инфекциялардың әкелінуіне, таралуына жол бермеу мақсатында Комитет бірқатар іс-шаралар өткізіп жатқан көрінеді.

Еліміздегі мемлекеттік шекара арқылы санитарлық-карантиндік өткізу пункттерінде, республиканың халықаралық әуежайларына келетін байланыссыз термометрияға бақылау жүргізілетін болады. Сондай-ақ, әуе және теңіз кемелерінің бортсеріктеріне, жолаушылар көлігінің жолсеріктеріне, жолаушылар мен туристерге жадынамалар әзірленіп, таратылады.

Оған қоса, Қазақстан азаматтарының жұқпалы аурулар бойынша қауіпті әрі қолайсыз болып саналатын елдерге шығуын ұйымдастыратын туристік фирмалар арасында үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады. Бұдан басқа, Ұлттық сараптама орталығының сынақ зертханаларының диагностикалық зерттеулер жүргізуге дайындығы қамтамасыз етіліп, Қазақстан халқы арасында жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша санитарлық-ағарту жұмыстары ұйымдастырылған. Оған брошюралар, буклеттер, бейнероликтер, БАҚ, әлеуметтік желілерді тарту арқылы дәрістер өткізілген.

Еліміздің бас санитарлық дәрігері хабарлағандай, Қазақстанның барлық облыстарының аумағында күйдіргі, кене энцефалиті, құтыру және басқа да табиғи-ошақтық инфекциялар бойынша стационарлық қолайсыз пункттер бар.

Оның үстіне Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес, әлемде аса қауіпті және жаңадан пайда болатын инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай бүгінгі күні шиеленіскен күйінде қалып отыр.

Бас санитар қазақстандықтарға қандай елге барғанда аса сақ болу керектігі туралы да мәлімет берді. Кейбір елдерге бас санитар бармау керектігін айтып, бірден шорт кесті.

«Мен азаматтарға баруға кеңес бермейтін елдің қатарына бірінші Мадагаскарды жатқызамын. Онда әр жыл сайын бір мыңға жуық адам өкпе обасын жұқтырады. Бразилияға да бармаған жөн, деп айтар едім. Онда дэнге, эбола, сары ауру сынды жұқпалы дерттері де бар. Сондай-ақ Конго Демократиялық Республикасы мен Африканың батысындағы елдерге баруға әсте болмайды. Бұл мемлекеттерде ауру жұқтыру қауіпі тым жоғары. Ал енді Бразилияға барғыңыз келсе, сары ауруға қарсы екпе салғызып алыңыз. Содан кейін ғана бұл елге баруға болады», - деді Жандарбек Бекшин орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Сонымен қатар, бас санитар Жандарбек Бекшин шетелге демалуға шығатын туристерге Қазақстан республикасы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің сайтында орналастырылған жадынамада көрсетілген барлық ұсыныстарды ескеру қажет екендігін баса айтты.

Айдана Абдрахманова

Барлық материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды