- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттің жетістігі тиімді мемлекеттік басқаруға байланысты – Б. Әбдірасілов
Мемлекеттің жетістігі тиімді мемлекеттік басқаруға байланысты – Б. Әбдірасілов
« «Қазақстан-2050» Стратегиясы негізінде жетістігі мол мемлекетті құру идеясы айқындалған. Біздің мемлекет 30 дамыған ел қатарына енуі тиіс. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының ғалымдары әлемдік трендтерді зерттеп, жетістігі мол мемлекетке айналу жолдарын қарастыруда», - деді ректор.
Оның айтуынша, адамзаттың замануи тарихында байлыққа, күшке, табиғи ресурстарға ие болса да жетістігі мол мемлекетке айнала алмаған елдер бар. Сондықтан да, Академия қызметкерлері бүгінде «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың методологиялық дайындықтарына көңіл бөлуде.
«Мемлекеттің жетістігі тиімді мемлекеттік басқаруға байланысты. Ал тиімді мемлекеттік басқару жоғары білікті мемлекеттік мамандар арқасында ғана жүзеге асады. Біз 2013 жылдың барлық жұмыстарын мемлекеттік қызметкерлерді дайындау бағытына арнадық», - деді Б. Әбдірасілов.
Оның айтуынша, 2013 жылы Академия барлық оқыту бағдарламаларын қайта қарап шықты. Олардың негізгі бағыты мемлекеттік қызметкерлердің тәжірибесіне арналған.
«Қазір біздің Академия мен аймақтық филиалдардың басты мақсаты -мемлекеттік қызметшілерді дайындауда компетенцияны дамыту. Жобаларды дамыту компетенциясы бойынша ұжымдық басқару, жетекшілік қабілеттерді дамыту жетекшілігін алға тартып отыр», - деді Б. Әбдірасілов.
Айта кетерлігі, өткен жылы Академия А корпусы жоғарғы әкімшілік-басқарудың жаңа бағдарламасын құрастырды. Бағдарлама бойынша әкімдер, мемқызметшілер мен орталық және аудандық аппарат қызметкерлері оқуда.
«Бұл адамдар жоғары дәрежеде қабылданатын ұйымдарда шешім қабылдауда үлкен рөл атқарады. Сондықтан да, олардың дайындығы мен кәсіптілігінен, біліктілігінен біздің маңызды стратегиялық құжаттардың жүзеге асуы байқалады», - деді Академия ректоры.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді