• Басты
  • Нұр-Сұлтанның 21 көрнекі орыны
5 Шілде, 2019 19:33

Нұр-Сұлтанның 21 көрнекі орыны

ҚР Жоғарғы кеңесі ел астанасын ауыстыру туралы шешімді осыдан 22 жыл бұрын 6 шілде күні қабылдаған болатын. Содан бері әр жыл сайын 6 шілде күні елордалықтар қала күнін атап өтеді. Биыл Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласына ауысқанына 21 жыл. Осы орайда, Strategy2050 мегаполистің ең таңдаулы 21 көрнекі орындары туралы ақпарат беріп отыр.

Нұр-Сұлтанның 21 көрнекі орыны | Strategy2050.kz

«Бәйтерек» монументі қаладағы сәулет өнерінің бірегей туындысы. Сәулетшілер Одағының халықаралық қауымдастығы өткізген байқауда беделді халықаралық қазылар алқасының шешімімен 2002 жылғы ең таңдаулы жоба және құрылыс ретінде таңдап алынып, үздік атанды. Монумент 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 мың тоннадан ауыр, бес жүзге жуық қададан тұрады екен. Сол жағалауда орналасқан зәулім «Бәйтеректің» биіктігі – 97 м, диаметрі – 27м. Оның ең жоғарғы жағында «Аялы алақан » композициясы, ал, ұшар басында алтын шар орналасқан. Арнайы шынылармен әйнектелген «Бәйтерек» күмбезінің салмағы 70 тонна көрінеді.

Тәуелсіздік сарайы елордамыздың ең көрікті ғимараттардың бірі. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл орынның тұсауын ресми түрде кескен, әрі «Тәуелсіздік сарайы» еліміздің басты мерекесі болып табылатын Тәуелсіздіктің 17-ші жылы қарсаңыңда бой түзеген. Онда бір мезгілде 4000 мыңға жуық адам сыйып кететін жиналыс залы бар. Үлкен зал кез-келген халықаралық дәрежедегі басқосулар мен конференцияларды ұйымдастыруға таптырмайтын орын.

Ал, екінші қабатта орналасқан өнер мұражайынан тәуелсіз Қазақстанның тарихына жасалған шағын дерекнаманы да көресіз. Ол жерден тың мағлұматтар тауып, ой – өрісіңізді кеңейтетініңіз сөзсіз.

Елордамызда тағы бір сәулет өнерінің ғажайып туындысы –  Бейбітшілік және Келісім сарайы. Оны астаналықтар «Пирамида» деп те атайды. Аталмыш сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылған. Бұл ғимаратта Қазақстан Халықтары Ассамблеясы, Ұлтаралық және Дінаралық келісім орталығы, мұражай және басқа да рухани жан дүниеңді байытатын орындар бар.

«Астана Опера» театры – ең сәулетті ғимарат. Мүнда көптеген өнер тарландары қызмет атқарады. Ең алғаш театрдың шымылдығы қазақтың атақты композиторы Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» спектаклімен ашылып, көрермендерді үлкен қуанышқа бөледі. «Астана Операның» бас сахнасының көлемі — 935 шаршы метр, ені 21 метрді, ал тереңдігі 59 метрді құрайтын көрінеді. Өнер ордасының залына 1250 көрермен сыяды

«Астана Арена» халықаралық стандарттарға сай салынған айрықша нысандардың бірегейі. Бірден көзге түсетін жаңа кешен негізінен футбол матчтарын өткізуге бағытталғаны айдан анық. Өзге де ірі спорт және мәдени шаралар да өткізілетін жасанды көгал көмкерген алаңның ұзындығы – 105 метр, ені – 68 метр. Стадионның төбесі 20 минутта ашылып – жабылады. Соған сай, жылдың кез-келген мерзімінде ойынды тамашалауға мүмкіндік береді. Ішіне 30 мың көрерменді сыйдыра алатын ғимарат 2009 жылдың шілдесінде ашылған еді. Содан бері де арада біраз жылдар өтті.Бұл күндері Қазақстандағы мақтаулы стадиондардың бірегейі.

Еліміздегі үлкенді-кішілі қауымның бәрі де Елордадағы «Нұр Әлем» павильонын жақсы біледі. Ол 2017 жылы «Экспо-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында ашылған еді.

Оның диаметрі – 80 метр, ал биіктігі – 100 метр. «Нұр Әлемнің» құрылысына 13000 тонна металл кетіпті.

Тәуелсіздік алған жылдары елордамызда салынған ең сәулетті, еріксіз көзге түсетін мешіттердің бірі – «Әзірет Сұлтан» мешіті.

Сондай-ақ бас қалада болған кісілер «Сарыарқа» велотрегі және «Барыс Арена» мұз сарайына да табан тірейді.

Өңірлерден сапарлатып келген жұртшылық «Қазақстан» концерт залына да бағыт ұстайды. Себебі, ол Еуразия көлеміндегі сәулеті мен әсемдігі келіскен өнер ошақтарының бірі болып табылады. Ол 2009 жылы 15 желтоқсанда яғни Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында салтанатты түрде есігін айқара ашқан еді.

Астанадағы көпшілік қауым жиі бас сұғатын жер «Хан шатыр» сауда, ойын-сауық орталығы екендігі белгілі. Ол дүниежүзіндегі шатырлы ең биік ғимарат ретінде Гиннес рекордтар кітабына енген. «Ханшатыр» – алып мөлдір шыныдан жасалған әлемдегі ең ірі шатыр. Ол 2010 жылы қала күніне орай 6 шілдеде пайдалануға берілгені белгілі. Қалың қауымның игілігіне арналған орын астаналықтар мен қала қонақтарына әмбебап дүкені, отбасы саябағы, мейрамханалар, кинотеатр, спорт залдары және басқа да орындарымен жақсы таныс.

Таным көкжиегін кеңейтер орындардың бірегейі – Оқушылар сарайы. Оны әлемде баламасы жоқ, айрықша ғимарат ретінде де білеміз.

Арбат. Есіл өзенінің бойында Нұр-Сұлтан қаласының оң жағалауында орналасқан мегаполистегі ең көрнекі орындардың бірі.  Онда қолөнер шеберлері туындыларын саудаға қойып, жастар мен қала тұрғындары және қонақтары ән салып, би билеп, көңіл көтеретін әдемі орын.

Дәл сол Арбат маңында Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне орай Атырау қаласы әкімдігі сыйға тартқан, жаяу жүргіншілерге арналған «Бекіре» көпірі салынған. Көпір – бекіре балығына ұқсас. Бекіре көпірі Арбат пен Қалалық саябақты Есіл өзені арқылы қосып тұр.

Айтпақшы, қала қонақтары мен тұрғындар Арбат маңындағы Қалалық саябақта қыдырып, бала-шағасымен қызықты да көңілді демалыс өткізе алады. Өзен бойында орын тепкен жасыл желекті саябақ жұптар үшін таптырмас романтикалық орын.

Жерұйық саябағы Бауржан Момышұлы көшесі 31 Б мекенжайы бойынша орналасқан қаладағы бірден-бір демалыс орны. Жалпы ел астанасында ірілі-ұсақты 15-ке жуық аллея мен саябақ бар. Олардың ішіндегі ең үлкені 80 гектарды алып жатқан «Президент» саябағы.

Астаналық цирк. Құрлысы «ұшатын тәрелке» сияқты ерекше ғимарат. Қабанбай батыр көшесінің бойында орналасқан цирк – балалар үшін таптырмас танымдық демалыс орны.

Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ драма театры мен Максим Горкий атындағы орыс драма театры. Елордамыздың оң жағалауында, бір-біріне өте жақын орналасқан өнер ордалары.

Заманауи өнер музейі. Қаланың оң жағалауында, Республика көшесінің бойында орналасқан танымдық орын.

 

Айдана Абдрахманова

Барлық материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды