• Басты
  • Жас мамандарға жалдамалы пәтер беріледі – Жастар жылы аясындағы Жол картасы
4 Шілде, 2019 15:31

Жас мамандарға жалдамалы пәтер беріледі – Жастар жылы аясындағы Жол картасы

Жастар жылын өткізу жөніндегі Жол картасы аясында биыл бірнеше жобалар қолға алынып отыр. Солардың бірі – 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда жас мамандарға арналған жалдамалы тұрғын үйдің берілуі. Жалға берілетін пәтерлерді алудың шарттары, төлем әдісі, сондай-ақ басқа да көптеген мәселелер туралы толық мәліметті Strategy2050.kz ақпараттық агенттігінің материалынан біліңіз.
Жас мамандарға жалдамалы пәтер беріледі – Жастар жылы аясындағы Жол картасы


Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова, Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғарыдан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Ерболат Абулхатин Жастар жылына арналған Жол картасын жүзеге асыру барысы туралы айтып берген болатын.
Үкімет биылдан бастап жастардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру жөніндегі бастамасы бойынша жұмыс істейтін жастар үшін жалдамалы пәтерлерді ұсыну бойынша шараларды іске асырады. Осы мақсатта Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жыл сайын бір мың пәтерден беру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар жастардың кәсіпкерлік дағдыларды меңгеруіне және жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік гранттарға ие болуына мүмкіндік беретін, үш жылда 1 миллион жасты қамтитын «Жастар - Ел тірегі» ұлттық жобасы іске асырылуда. Жастар арасында білім беруді дамыту шеңберінде әзірленген «Жас Маман» бағдарламасы аясында еліміз бойынша 200-ден астам білім беру мекемелеріне 400-ден астам заманауи техникалық жабдықтар сатып алынады. Оның үстіне, бағдарлама бойынша 210 мыңнан астам білікті кадрларды даярлау және 15 мыңнан астам мұғалімнің біліктілігін арттыру көзделген.

Келесі оқу жылынан бастап еріктілікпен айналысатын студенттер үшін стипендия көлемін 30% -ға ұлғайтылады және «Жасыл ел» қозғалысының еңбек лагерінің салтанатты ашылуы аясында оған 24 мыңнан астам адамды қамтитын «Жасыл қала - Жасыл ауыл» жалпыұлттық жобасын іске қосу жоспарланып отыр,

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова Қазақстанда тәуелсіздік алған жылдардан бері іске асырылып келе жатқан жастарға арналған «Болашақ», «Дипломмен ауылға», «Жастар іс-тәжірибесі», «Серпін» және тағы басқа жобаларды тізіп шығып, Жастар жылына орай қандай жұмыстар қолға алынатынын айтып берді.


«Бүгінгі таңда елімізде 3,8 миллион жас бар. Қалада 2,2 миллион, ал ауылда 1,6 миллион жас тұрады. Жоғары оқу орындарында 586 мың студент оқиды, сонымен қатар колледждерде 488 712 жас білім алады. Бүгінгі күнде эастар мәселесі бойынша ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы комитеті жұмыс істейді. Өңірлік деңгейде Жастар саясаты басқармалары мен Жастар ресурстық орталықтары осы мәселе бойынша қызметтерін жүзеге асырады. Өздеріңіз білетіндей Елбасы өткен жылы 2019 жылды Жастар жылы деп бекітті. Осыған байланысты Жол картасы жобасы бекітілді. Жол картасы 89 тармақтан және 5 блоктан тұрады. Жастар жылына байланысты тек форумдар көбейіп кетті, нақты іс-әркеттер қайда, деген сыни-пікірлер болып жатыр. Сіздерге айтайын, осы 89 тармақтың 5 тармағы ғана форумдарға арналған», - деді Жұлдыз Омарбекова.


Сондай-ақ вице министр «Жас маман» жобасына тоқталып өтті.



«Қазіргі таңда жастарға не керек?! Алдымен олар дүниеге келеді, сосын оқуға барады. Осы орайда оларға сапалы білім, жайлы жатақхана орналасу содан кейін олар жақсы жұмысқа тұрғысы келеді. Жұмысқа тұрғаннан кейін отбасы болуу керек әрі оған да жағдай жасау керек. Және де әрбір жас өз-өзін дамытып отыру керек. Сондықтан қазір білім беру саласынан бастайын. Өздеріңіз білесіздер биыл қосымша 20 мың грант бөлінді. Сонымен қатар жаңа жатақхана салыну, оны жөндеу біздің министрліктің бақылауында. Сондай-ақ Жастар жылына орай жастар лайықты білім алып, кәсіпкерлікпен айналысуына жағдай жаса үшін «Жас маман» жобасы жүзеге асырылды. Жоба аясында 20 Жоғары оқу орны мен 180 колледж заманға сай жабдықталып, 210 мың білікті маман дайындау, колледж студенттерін кәсіптік оқыту, еріктілік қызметпен айналысатын студенттердің стипендиясын 30 пайызға арттыру көзделген. Тағы да осындай көптеген жаңалықтарымыз бар. Қазір менің әріптестерім осы мәселелер бойынша толығырақ жауап береді», - деп сөзін аяқтады ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова.
 

ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Ә. Тойбаев.Жастар жылына орай министрліктің атқаратын іс-шараларын таныстырды.


«Елбасымыздың Бес бастама реформасы аясында әлеуметтік шаралар жастар білім алуға қолжетімділігін оңтайландырып, сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін мынадай жобалар жүзеге асырылады. Мысалы, қосымша бөлінген 20 мың гранттың 16 мыңы бакалавриатқа, 3 мыңы магистратураға және 1 мыңы докторантурға беріледі. Бөлінген гранттар сұранысқа ие мамандықтарға, соның ішінде: ақпараттық жүйелер, робототехника, инженерия, нанотехнология сияқты мамандарды дайындау үшін жұмсалады. Жалпы биыл бакалаврға бөлінген гранттардың жалпы саны 51 мыңнан асып отыр. Жалпы, бұл білім алудың қолжетімділігін арттыруға септігін тигізіп отыр деп айта аламын», - деп түсіндірді Әділет Тойбаев.


Сондай-ақ ол «Жас маман» жобасы, қашықтан білім алу мүмкіндіктері туралы айтып берді.



««Жас маман» жобасы бойынша айтар болсам, осы шара бойынша биыл 180 колледж таңдалып алынды. Енді оларды заманға сай техникамен қамтамасыз ету қол алынды. Сонымен қатар еліміздің әр өңіріндегі 20 оқу орнына лизинг арқылы техника-технологиямен қамтамасыз етіледі. Бұл да білім сапасын арттыруға ықпал етеді. Жастарымыздың қашықтан білім алуына жағдай жасау үшін «Open university» жобасы іске асырылуда. Бұл білім алушылардың онлайн оқи алуына мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта бұл жүйе бойынша 6 мыңнан астам қолданып жүр. Қазақстан бойынша 94 Жоғары оқу орны тікелей осы жүйеге қосылып отыр», - деді Ә.Тойбаев.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова жас мамандар мен жас отбасыларға арналған жалдамалы тұрғын үй алу ережесі 2019 жылдың 1 тамызында осы министрлік сайтында жарияланатынын атап өтті.

«Біздің міндетіміз - азаматтарды әр кезеңде қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету. Биыл білім беру және жұмысқа орналасу үшін көптеген гранттар бөлінгенін айтып өттім. Қазақстанда ажырасқан отбасылардың үлкен пайызы байқалады. Негізінен, ажырасудың басты себебі - тұрмыс жағдайы екені құпия емес. Әрине, бүкіл отбасылық бюджет үй жалдауға кететін болса, отбасы пәтерге қалай жинай алады? Сондықтан, биылғы жылы жастар үшін жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз етудің теңдессіз акциясы басталмақ. 1 тамызда біздің веб-сайтта жалға берілетін тұрғын үй алу ережелері жарияланады », - деді вице-министр Үкіметтің баспасөз қызметінде.

Ол жалдамалы тұрғын үйдің негізінен 29 жасқа дейінгі жас мамандар мен жас отбасыларға арналғанын түсіндірді.

«Егер мүгедек ата-аналары немесе мүмкіндігі шектеулі балаларын асырап отырса, онда солар қосымша бонус алады. Төлем айына шамамен 10-12 мың теңгені құрайды. Мұндай ең төменгі төлем адам өз баспанасын сатып алуға ақша жинай алуы үшін белгіленеді », - деді Жұлдыз Омарбекова.

Жалға берілетін тұрғын үйді сатып алудың негізгі шарты ТҮҚЖБ арқылы тұрғын үйді жеңілдікті несиелендіру, «7-20-25», «Нұрлы жер» бағдарламалары сияқты мемлекеттік бағдарламалардың біріне қатысу болып табылады.

«Бұл мемлекеттің жастардың тұрғын үйге жинап жатқанына сенімді болуы үшін қажет. Жалға берілетін тұрғын үй жас отбасыларға «аяққа тұруға» мүмкіндік береді. Әдетте, бұл 3-5 жылға созылады. Осы кезеңнен кейін, жас адам кем дегенде бастапқы жарнаны жинап, және ипотекамен тұрғын үйді сатып алған кезде, басқаларға «аяққа тұруға» мүмкіндік беру үшін жалға берілетін тұрғын үйді босатуға тура келеді», - деді вице-министр.

Еске салайық, Жастар жылы аясында жалдамалы тұрғын үй Қазақстанның үш ірі қаласында - Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында беріледі, әрбір қалада 1000 пәтерден болмақ.

Сонымен қатар, спикер Қазақстандағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі туралы әңгімеледі.

«Жұмыссыздық мәселесіне келер болсақ ... Тіпті Алматыда, жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі - 6,4% болып отырса да, бұл 11 мың тіркелген жұмыссыз, 12 мың бос жұмыс орны бар. Яғни жұмыссыздарға қарағанда бос орындар көп. Сондықтан елде жұмыссыздық жоқ деп айтуға болады», - деді Омарбекова.

Дегенмен, ол атап өткендей, негізгі мәселе еңбек нарығындағы жұмысқа аз ақы төленетінінде. Негізінен, бұл әлеуметтік блоктағы жұмыс, оған өте аз төленеді, сондықтан жастар бұл жұмысқа ұмтылмайды. Жоғарыда айтылғандарға сүйенсек, Жастар жылындағы Жол картасының негізгі міндеті - осы мәселеге шешім табу.

«Осы жағдайдан шығудың жолы бар ма? Бұл проблеманы шешудің кілті - жастар кәсіпкерлігі. Биыл бизнесті бастау үшін көптеген гранттар бөлінді. Оны әрбір жасқа жеткізу маңызды. Жастар саясатын жастардың өзінсіз жасай алмаймыз. Жастарға қалай өмір сүру және не істеу керектігіне қатысты шешім қабылдау да оларсыз мүмкін емес. Биылғы жылы білім саласында көптеген гранттар бөлінді - бұл жас ғалымдарға арналған ғылыми гранттар, және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арқылы - әрбір адам өздерін жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік саласында бөлінді. Жастар бастамаларын қолдау, олардың бос уақыттарын және мәдениеті бағытын ұйымдастыру үшін 2 млрд. теңге бөлінді. Мен жастарды барлық мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысуға шақырамын», - деп қорытындылады спикер.

Өз кезегінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек нарығын дамыту және халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Ерболат Әбілхатиннің айтуынша, жұмыс істейтін түлектер базасының және әлеуметтік аударымдар базасының интеграциясы негізінде нақты жұмыс істейтін түлектер саны туралы сенімді ақпарат алынды.

«Бұрын студент-түлектер жұмысқа орналасуы туралы куәлік әкелетін. Олардың арасында жалған құжаттар болғаны құпия емес. Екі базаны біріктіру нәтижесінде алынған әлеуметтік аударымдар бойынша түлектердің 63%-ы ғана іс жүзінде жұмыс істейтіні туралы сенімді деректер алынды. Біз осы пайыздық мөлшерлемені арттырамыз деп үміттенеміз», - деді ол.

Әбілхатин Қазақстанда жұмыссыз жастардың саны шамамен 84 мың адамды құрайтынын, оның 37 мыңы Жұмыспен қамту орталықтарында тіркелгенін де атап өтті. Жұмысқа орналастыру жұмысы «Еңбек» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Биылғы жылы жастардың 253 мыңы (бағдарламаға қатысушылардың шамамен 40%-ы) жұмысқа орналастыру бағдарламалары бойынша қамтылды.

Бұдан басқа, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын түлек мамандарды жұмысқа орналастыру пайызын ұлғайтуға болжамдар жасайды.

«Біздің болжамымыз бойынша, жыл сайын 300 мың жаңа жас маман еңбек нарығына шығады. Бес жыл ішінде еңбек нарығы 1 млн. 800 мың жаңа маманмен толығады деп күтілуде. Жыл сайын алғаш рет еңбек нарығына түсетін мамандардың саны туудың табиғи ұлғаюы есебінен көбейеді. Сонымен бірге 300 мың адам «NEEТ» санатында - яки оқымайтын және жұмыс істемейтіндер санатында. Біздің міндетіміз - барлығын жұмыспен қамту», - деді департамент директоры.

Жастар жұмыссыздығы мәселесіне орай, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Әділет Тойбаевтың айтуынша, ҰБТ бойынша баллдың шекті деңгейіне жете алмағандарға емтиханнан өту және оқу үшін қосымша мүмкіндіктер беріледі.

«ҰБТ-ны тапсырмағандар жұмыссыздар қатарына қосылады деген тұжырым жөн деп есептеймін, менің ойымша, бұл дұрыс емес, өйткені балл жинамаған бітіруші жас тестті тамызда тапсыра алады. Екінші рет сәтсіздікке ұшыраған жағдайда оларға келесі жылы қаңтарда жоғары оқу орнына баруға, ҰБТ тапсыруға және оқуға мүмкіндік беріледі», - деді ол.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры келесі жылғы волонтерлік қызметке дайындық қалай жүргізіліп жатқандығын және студенттік қайырымды бастамалар оларға, студенттерге, оқуға төлеуге қаншалықты көмектесетінін айтты.

«1 қыркүйектн бастап жағдай бойынша әрбір студент волонтерлік бағыттағы бес санаттан таңдау мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар, болашақ мамандығынан алыс кетпеген санаттан, өз профилінде таңдай алады. Бұл білім беру ұйымдары, аула клубтары, спорт, тіл, интеллектуалдық клубтар болуы мүмкін, ассистенттер, көмекшілер, мұғалімдер, психологтар ретінде жұмыс істей алады. Таңдалған волонтерлік типті студенттің оқу кредиті ретінде қарастыруға болады, ал қалған кредиттер басқа да нәрселерді төлеуге жұмсалуы мүмкін. Барлығы 2 және 5 кредит категориялары құрылады, мұнда 2 кредит - ең аз жұмыспен қамтылуы, 5 кредит - жұмыспен қамтылуы көбірек. Мысалы, егер студент робототехника үйірмесін жүргізуді волонтер ретінде таңдап алса, онда «робототехника» тақырыбы оған жабылған деп есептеледі және ол осы кредиттерді басқа тақырыптарға жұмсай алады», - деді ол.

Оның айтуынша, Kazvolunteers.kz арнайы сайты құрылды, онда волонтерлерді қажет қылатын, талап ететін және бағдарламаға қатысқысы келетін барлық тексерілген ұйымдар тіркеледі. Сайт ұлттық еріктілер лигасы арқылы бақыланады. Бағдарлама үш жыл ішінде 50 мың адамды қамтуға арналған.

Еске салайық, 2019 жылы Жастар жылы деп жарияланды, оған сәйкес еліміздің барлық өңірлерінде Жастар жылын өткізудің жол картасы әзірленді. Жастар жылының негізгі мақсаттары, міндеттері сапалы білімнің қолжетімділігін арттыру, жастардың елдің экономикасына белсенді қатысуы үшін жұмыспен қамтуды арттыру ретінде анықталды.

Ал болашақ жас кәсіпкерлер үшін 4 шілдеден, яғни бүгіннен бастап «Зерен-2019» республикалық білім беру жастар лагері өз есігін ашады. Онда жас кәсіпкерлер үздік бизнес тренерлерден тәлім алу мүскіндігіне ие болады. Жастармен адрестік жұмыс жүргізу мақсатында jastar@qogam.gov.kz поштасы құрылды.

Айдана Абдрахманова

Барлық материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды