• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда пластикалық құбыр өндіретін 69 зауыт жұмыс істейді – А. Сманқұлов

Қазақстанда пластикалық құбыр өндіретін 69 зауыт жұмыс істейді – А. Сманқұлов

23 Қаңтар, 2014 11:07
Бүгінгі таңда Қазақстанда құбыр өндіретін 69 зауыт жұмыс істейді . Бұл туралы бүгін «Қазақстанда елді мекендерде сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйелерін жобалаудың өзекті мәселелері» атты халықаралық конференция барысында ӨДМ ТКШ және құрылыс комитетінің төрағасы Асқар Сманқұлов хабарлады.

« Бүгінгі таңда Қазақстанда пластикалық  құбыр шығаратын 69 зауыт бар», - деді А. Сманқұлов.

Оның ақпараты бойынша, Ақтауда метталистік құбыр шығаратын зауыт іске қосылды.

«Бізде бүгінде шыныпластикалық өндіріс зауыты, ауыр арматура шығару зауыты да жұмыс істеуде. Кезек сорғы құбырын шығару өндірісіне келді. Егер де біз сорғы құбыры мен ауыр арматураны қолданатын болсақ, ресурстардың үнемдеуін 40 пайызға  дейін жеткіземіз», - деді А. Сманқұлов.

Айта кетейік, бүгін Астанада «ҚР-да Сумен жабдықтау және жіберу жолдарының жүйесін  жобалаудың  өзекті сұрақтары» атты халықаралық конференция өтуде. Онда сумен жабдықтаудың өзекті сұрақтары талқылануда. 

Барлық жаңалықтар