• Басты
  • Қазақстанда жасыл энергия, қалдықтарды басқарудың негізгі трендтері қандай?
3 Шілде, 2019 19:55

Қазақстанда жасыл энергия, қалдықтарды басқарудың негізгі трендтері қандай?

Пластик заттар өндірілу барысынан бастап кәдеге жаратылғанға дейін қоршаған ортаға елеулі зиян келтіреді. Пластикалық өнімдерді шығаратын зауыттар жылына атмосфераға 400 млн. тоннаға дейін көмірқышқыл газын шығаратын көрінеді. Пластмассалардың табиғатта ыдырап, өздігінен жойылып кетуіне шамамен екі жүз жылға жуық уақыт керек екен. Экологтардың айтуынша, пластмассалар жерге түскенде ұсақ бөлшектерге ажырап, өзінен қоршаған ортаға химиялық заттарды бөледі, жер асты сулары арқылы пластиктің ұсақ түйіршіктері және оның химиялық заттары ең жақын су көздеріне түсіп, бұл жануарлардың жаппай қырылуына әкеледі.
Қазақстанда жасыл энергия, қалдықтарды басқарудың негізгі трендтері қандай?

Осы орайда, Нұр-Сұлтан қаласында қалдықтарды өңдеу және жасыл энергия саласын дамыту мәселелеріне арналған «Green Energy & Waste Recycling Forum –GEWR'19» IV Еуразиялық бизнес-форумы өтті. Форумды Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, «Атамекен» ҚР ҰКП және «Астана» Халықаралық қаржы орталығының қолдауымен «KazWaste» қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық Қауымдастығы мен «ERBA» Еуропалық-Ресейлік бизнес қауымдастығы ұйымдастырды. Бұл шара 2019 жылдың 5 шілдесіне дейін жалғасады.

БҰҰ-ның Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының (UNEP) баяндамасында жарияланған мәліметтерге сәйкес, жыл сайын әлемде 500 млрд. пластик қап пайдаланылады, әр минут сайын әлемде 1 млн пластикалық бөтелке сатылып, сатып алынады және олардың өндірісіне 17 млн баррель немесе жылына 2,7 млрд литр мұнай жұмсалады.

2018 жылы әлемнің 127 мемлекеті пластиктен жасалған бір реттік өнімді пайдалануды шектеді, 30 ел пластикалық пакеттер үшін төлем енгізді, ал 27-сі қоршаған ортаға зиянды кейбір материалдарды пайдалануға тыйым салған. Қазіргі уақытта Қазақстанда полиэтилен пакеттерін тегін сатуға тыйым салуды енгізу белсенді түрде қарастырылуда.

Айта кетейік, форумның бас серіктестері – Eurasian Resources Group (ERG) және «Теңізшевройл» компаниясы, «Coca-Cola» компаниясы, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. (НКОК)», «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б. В» және «Оператор РОП» ЖШС.

Іс-шара бір алаңда сарапшылар, мемлекеттік органдардың, қалдықтарды басқару мен альтернативті энергетика өнімдерін ұсынатын қазақстандық компания өкілдерін, сондай-ақ жабдықтарды өндірушілерді жинады. Форумдағы көтерілген өзекті мәселеге байланысты Қазақстан, Ресей және ТМД елдерінің және алыс шетел мемлекеттерінің салалық ұйымдары өкілдерінің назары Нұр-Сұлтан қаласында саланы дамыту проблемаларына қаратылды.

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы Сәбит Нұрлыбай – ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің атынан форум делегаттары мен қатысушыларына сәлем жолдап, ол 2015 жылы БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған БҰҰ ұйымына қатысушы елдер үшін стратегияларды айқындаған Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) қабылдағанын еске түссірді.

«Қалдықтарды қайта өңдеу саласын дамыту мәселесі циркулярлық экономиканың қалыптасуына, парниктік газдардың шығарылуын азайтуға және энергияның баламалы түрлерін өндіруге елеулі үлес қосуға көмектеседі. Елімізде кеңейтілген міндеттемелер құралдарының арқасында қалдықтарды сұрыптау және өңдеу бойынша шағын және орта бизнес кәсіпорындарының саны 2016 жылы 115-тен 2018 жылы 150-ге дейін артты. «Жасыл» энергия және қалдықтарды қайта өңдеу бойынша Еуразиялық форум мемлекет, бизнес, үкіметтік емес сектор және халықаралық қоғамдастық арасындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін қажетті алаң екенін білеміз», - деді Сәбит Нұрлыбай.

Еліміздегі «KazWaste» қалдықтарды басқару қауымдастығының Атқарушы директоры Вера Мұстафинаның айтуынша, қалдықтарды өңдеу саласындағы негізгі міндеттер қолданыстағы технологияларды жетілдіруге, жаңа технологияларды құруға және енгізуге бағытталуы тиіс.

«Қалдықтарды басқарудың болашағы халықаралық қоғамдастық жариялаған жаңа қағидаттарға жауап беруі тиіс, оның ішінде: саланы орталықсыздандыру - әрбір үй мен әрбір тұрғынды қалдықтарды жинаумен қамту, саланы нарықтық реттеу, декарбонизация – қалдықтардан парниктік газдардың шығарындыларын, ең алдымен органикалық қалдықтардан метанды қысқарту, төмен көміртекті технологияларды ұстану және дигитализация (цифрландыру) – мамандандырылған көлікте GPS жүйесін, контейнерлерде чиптерді енгізу, өндірісті автоматтандыру, «ақылды» логистика, қалдықтардың интерактивті карталары, қалдықтарды қайта өңдеуге атсалысу үшін тұрғындарға арналған мобильді қосымшалар»,- деді Вера Мұстафина.

Пластик қалдықтарының табиғатта ыдырауының баяу екенін ескере отырып, KazWaste қауымдастығын басшысы Шынболат Бақауов тұрғындарды қалдықтарды қоқысқа сұрыптап салуға шақырды.

«Үйден қоқыс шығарар кезде әрбір адам үйден азық-түлік қалдықтарын, пластик және қағаз қалдықтарын бөлек алып шығуға тиіс. Алматы, Астана және өзге де бірқатар қалаларда қайта өңделетін шикізатқа арналған жасыл контейнерлер мен пластикке арналған торлар қойылған. Содан кейін қоқыс шығарушы компания азық-түлік қалдықтарынан бөлек қайта өңделетін шикізаттарды сұрыптау немесе қайта өңдеу кәсіпорындарына апаруы керек, ал өңделмейтін бөлігін көму үшін полигонға алып кетеді», - дейді Байқұлов.

2018 жылы Шымкент маңында пластикті қайта өңдеу зауыты іске қосылды, Алматыда тамақ өндірісіне пайдалануға арналған ПЭТ-қалдықтарын қайта өңдеу зауытының құрылысы жоспарлануда. Осы мақсатта пластикалық қалдықтарды жинау және тасымалдау мәселесі өте өзекті. Өндірушілердің көптеген міндеттемелерінің қолданыстағы жүйесі ел бойынша барлық пластикті тиімді жинауға мүмкіндік бермейді, ал өндіруші компаниялар Қазақстанда қалдықтармен жұмыс істеудің тиімді жүйесін қалыптастыруға елеулі үлес қоса алады.

«Осы мақсатта «Пластикті қайта өңдеуге «ИӘ!» деп айт» жобасы аясында біз халықтан пластикалық қалдықтарды жинау және оларды тасымалдау жөніндегі пункттер желісін дамытуға жәрдемдесуді, тікелей сауда орындарында пластикалық қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру тұрғысынан арнайы мекемелермен ынтымақтасуды, қазақстандықтарға пластикпен ластанудың біздің ғаламшарымыздағы қаупі қандай және осы ластанумен күреске өз үлесімізді қосу үшін біздің әрқайсымыз не істей алатынын айтуды жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта біз пластикалық қалдықтарды жинау және қайта өңдеуге беру бойынша тұтынушыларға қойылатын талаптарға қатысты ҚР заңнамасын жетілдіру, сондай-ақ осы талаптарды сақтамағаны үшін жауапкершілікті күшейту бойынша ұсыныстар әзірлеуге ниеттіміз», - деп түсіндірді Вера Мұстафина.

Форум төртінші, бесінші шілдеге дейін созылады. Оның барысында сөз болатын тақырыптар ішінде өнеркәсіптік қалдықтарды басқару мәселелері, қалдықтарды басқару саласының инвестициялық тартымдылығы және мемлекеттік қолдау құралдары мәселелері бар. Форумның бесінші, төртінші шілде күндері өтетін шеберлік-сыныптары кезінде қазақстандық және ресейлік компаниялардың мамандары ҚТҚ полигонын басқаруды ұйымдастыру, коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару бойынша көліктік-логистикалық компанияны басқару туралы айтып береді, ал Астана халықаралық қары орталығы Жасыл қаржы орталығының өкілі Astana International Exchange-дағы «жасыл» облигацияларды шығару болашағы туралы баяндайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның соңғы күні GEWR'19 қатысушылары Нұр-Сұлтан қаласының қалдықтарды басқару жөніндегі мамандандырылған кәсіпорындарына барады.

Айдана Абдрахманова

Барлық материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.

 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды