- Басты
- Алғаш рет Еуропа мен Азияның қаламгерлері Нұр-Сұлтанда бас қосады
Алғаш рет Еуропа мен Азияның қаламгерлері Нұр-Сұлтанда бас қосады

Айтулы шараға 20 мемлекеттің ақын-жазушылары арнайы шақырылған екен. Оның ішінде қазақ ақындарының 3 ғасырлық өлеңдерін осы дан екі жыл бұрын испан тіліне аударған Испанияның атақты ақыны Хусто Хорхе Падрон, Халықаралық «Экиваленсиас» журналының Бас редакторы, Испания ПЕН-клубының Бас хатшысы, Малларме, Неаполитан академияларының корреспондент-мүшесі Хорхе Падрон Джусто Ангел, Ресей Жазушылар одағы басқармасының хатшысы Гаврил Андросов, ОАӘ Жазушылар Одағының басшысы Насер Али Хамис Обайд Альдхахери, Азербайжан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Ақбар Гошали, Үндістандық қаламгер, сыншы, лингвистика ғылымының профессоры Рукмини Бхай Наир және тағы басқа көптеген танымал тұлғалар бар.
«Бұл форум биыл алғаш рет өткізілуде. Осы форум аясында көптеген айтулы шаралар қолға алынғалы отыр. Әрі бұл Елордадағы Ұлттық музейде өтетін үлкен тарихи оқиға, шара болайын деп тұр. Бұл форумның мақсаты да биік. Өйткені бұл шара еліміздің мәртебесін көтеріп, ұлттық әдебиетіміздің жауһарларын әлемге танытуға ықпал етеді. Себебі бұл шараға 20 мемлекеттен жазушылар келіп, қатысады»,- деді Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет және спорт басқармасы басшының орынбасары Наримаш Мұхамбеталина.
Еуразия астаналарының ақын, жазушы, драматургтері қатысатын форумның мақсаты Еуразия жазушыларының шығармаларын насихаттау, халықтар арасындағы әдеби-мәдени байланыстарды нығайтып, бірыңғай әдеби кеңістік қалыптастыру болып табылады.
«Нұр-Сұлтан қаласының әдеби имиджін көтеру де басты мақсаттарымыздың бірі. Әдеби байланыстарды нығайту. Қазір әдеби агент туралы көп айтылып жатыр, яғни қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті арасындағы байланысты қалыптастыру мәселесі. Кеңес үкіметі тұсында әлем әдебиеті мен отандық әдебиет арасындағы шығармашылық сабақтастық көрнекі ұйымдастырылған болатын. Бір-бірінің шығармаларын аударып, өзара әдеби достық қалыптасып үлгерген болатын. Енді біздің үмітіміз осы үрдісті жалғау, әрі қарай дамыту. Осы мақсатта қазақ әдебиетінің шығармаларын ЮНЕСКО-ның алты маңызды тіліне аудару жұмыстары бойынша Ұлттық аударма бюросы да құрылған болатын. Енді дегенмен де, «әдеби агент» деген ұғымды біздің қазақ қаламерлері онша меңгеріп жатқан жоқ», - деген пікір білдірді ақын Дәулеткерей Кәпұлы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен келесі жылы ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы жоғары деңгейде атап өтіледі. Осы форум барысында Испанияның атақты ақыны Хусто Хорхе Падронмен Абай өлеңдерін испан тіліне аудару бойынша меморандумға қол қойылады.
«Абай атамыздың өлеңін испан тіліне аудару мәселесі бойынша Хусто Хорхе Падронмен келсіссөз жүргіздік. Ол кісі келісімін берді. Абай атамыздың өлеңдерін аудару жұмыстарын кез-келген ақынға тапсыруға болмайды. Ол үшін ең ұлы, ең үлкен, ең танымал ақынға иек артуымыз керек. Сондықтан осы форумдағы сүйіншілеп айтатын үлкен жаңалығымыздың бірі осы», - деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Дәулеткерей Кәпұлы.
Шілде айының 4 мен 5 күні өтетін екі күнге арналған форум Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейінде өтеді.
«Екі күнге белгіленген форум 4 шілде күні таңғы 9:30 жарымнан келушілерді тіркеуден басталады. Таңғы 10:00-ден түске дейін әлем әдебиетіндегі мәселелерге қатысты баяндамалар оқылады. Форумымыздың тақырыбын «Әлемдік әдебиет: стереотиптен арылу» деп бердік. Бұл өте қызықты тақырып. Қызу пікірталастар көп болады деп ойлаймын. Түстен кейін үш сессиялық отырыс басталады. Олар: проза, поэзия, әдеби-сын драматургия саласы. Сонымен қатар сессиялық отырысқа арқау болатын тақырыптар қатарында кітап маркетингі, авторлық құқық, әдеби агент қалыптастыру мен дамыту мәселелері де болады. Екінші құны Еуразияның 20 мемлекетінен келген жазушылар ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рауымқұлованың қабылдауында болады. Бұл жерде басқа мемлекеттермен қандай іс-шараларға маңыз бере аламыз деген мәселе қаралады. Сонымен қатар, бір қызығы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР Жазушылар одағының 25 мүшесі, мемлекеттік сыйлықтың иегерлері, қаламгерлер сабақ береді екен. Сондықтан жан-жақтан келген жазушылар сол университеттке бас сұғып, Жазу тарихы мұражайын аралаудан бастап ректормен, стенттермен кездеседі. Университетте кішігірім, сұхбат, оқырмандармен байланыс ұйымдастырмақпыз», - деп сөзін аяқтады ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Дәулеткерей Кәпұлы.
Оның айтуынша, осы мүмкіндікті пайдаланып, оқырмандар 5 шілде күні ұйымдастырушылар арнайы ойластырған орында өзінің қалаған жазушысымен кездесіп, пікір алмаса алады.
Форум ұйымдастырушылары әлеуметтік желі арқылы жарияланған сауалнамалар арқылы бұл шараға қарапайым оқырмандарды да шақырған көрінеді. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын Дәулеткерей Кәпұлының айтуынша, оқырмандардың арасында өзекті баяндамасы барларын да іс-шараға қатыстырмақ.
Еуразия астаналары қаламгерлерінің форумына ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Еңбек ері, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Төлен Әбдік, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, “Алаш” халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Есенғали Раушанов, ақын, “Алаш” халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Серік Ақсұңқарұлы, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты Тыныштықбек Әбдікәкімұлы, қаламгер-журналист, ҚЖО басқарма төрағасының орынбасары, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты Мереке Құлкенов, ақын, жазушы, журналист, «Дарын» мемлекеттік Жастар сыйлығының, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты Дидар Амантай, ақын, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының және «Алтын қалам» қоғамдық сыйлығының иегері Ақберен Елгезек сынды төл әдебиетіміз бен мәдениетіміздің майталмандары, зерттеуші ғалымдар, сыншылар, қоғам қайраткерлері қатысады.
Форумның негізгі тақырыбы болып «Әлемдік әдебиет: стереотиптен арылу» атауы бекітілген. Осы шара аясында әлем әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдық, авторлық құқық пен кітап бизнесі мәселелері аясында дөңгелек үстел, шығармашылық кездесу, көрме ұйымдастырылады. Форум Халықаралық меморандумға қол қою және келісім жұмыстарымен аяқталмақ.
Айдана Абдрахманова
Барлық материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.
-
Қазақстанның үздік кәсіпорындары мен кәсіпкерлері марапатталды
Индустрияландыру күніне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-Министр Асқар Маминнің, Үкімет мүшелері мен «Атамекен» ҰКП басшылығының қатысуымен конгресс орталығында Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттарын, «Қазақстанның үздік тауары», «Парыз», «Altyn Oimaq», «Бизнес Кемелділік», «Іскер», «Ұлы Дала Елі» байқауларының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.
13 Желтоқсан 2019, 16:47
-
Сенатта қаржы қызметтеріне қол жеткізуді арттыруға бағытталған заң жобасы қаралды
Сенатта Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
13 Желтоқсан 2019, 11:24
-
Елбасы Қоры үздік әдеби шығармалардың авторларын марапаттады
Назарбаев орталығында V «Алтын тобылғы» әдеби байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
12 Желтоқсан 2019, 18:09
-
"Еңбек Даңқы" орденін алған шопан әсерімен бөлісті
Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында бірқатар мемлекеттік наградаларды табыстады. Солардың ішінде III дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденін алған Есет Өтесов өз әсерімен бөлісті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
12 Желтоқсан 2019, 15:46
-
Қ.Тоқаев Р.Рымбаева мен Т.Макишевті марапаттады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен бірқатар тұлғаны марапаттады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
12 Желтоқсан 2019, 10:47
-
«Ұлы даланың ұлтаралық тілі». Ж.Түймебаев жаңа челлендж бастады
Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік тілді дамытуға арналған "Ұлы даланың ұлтаралық тілі" атты республикалық форумы өтті. Аталған шараға қатысқан Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы қазақ тілін қолдау мақсатында мемлекеттік тілді еркін меңгерген түрлі ұлт өкілдері мен жалпы халық арасында "Ұлы даланың ұлтаралық тілі" челленджін бастап, эстафетаны Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы этно-мәдени бірлестіктеріне жолдады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
11 Желтоқсан 2019, 17:19
-
Мәжіліс бірінші оқылымда көші-қон процестерін реттеу бойынша Заң жобасын мақұлдады
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары пленарлық отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын қарап, оны бірінші оқылымда мақұлдады.
11 Желтоқсан 2019, 14:49
-
Биыл Қазақстан мен Қытай бірлескен 16 жобаны жүзеге асырды
Биыл Қазақстан мен Қытай бірлескен 16 жобаны жүзеге асырды,деді ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
11 Желтоқсан 2019, 10:16
-
Н. Нығматулин: Шахмат – спортта дұрыс қадам жасауға үйретеді
Мәжілісте түрлі жас санаттары бойынша әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Динара Сәдуақасовамен бір мезгілде ойын сеансы өтті.
10 Желтоқсан 2019, 14:26
-
Қ.Тоқаев: 1 қаңтардан бастап студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға артады
2020 жылдың 1 қаңтардан бастап барлық студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға артатын болады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылының жабылуы және Волонтер жылының ашылу салтанатында айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
10 Желтоқсан 2019, 12:26
-
Жастар жылы: "Жас кәсіпкер" жобасы өмірімді түбегейлі өзгертті
Ел астанасында мемлекет басшысының қатысуымен Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының ашылу салтанаты өтіп жатыр. Аталған іс-шараға Қазақстанның барлық аймақтарынан 500-ге тарта жас қатысуда. Шара барысында Жастар жылы аясында жетістікке жеткен, өз кәсібін ашқан, өз еркімен ауылға жұмыс істеуге аттанған жастармен сұхбаттасқан едік.
10 Желтоқсан 2019, 10:59
-
Педагогикалық мамандықты таңдағандардың 70%-ы ҰБТ-дан төмен балл алғандар - А.Аймағамбетов
Ел астанасында өтіп жатқан "Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: алғашқы нәтижелері" атты ғылыми-практикалық конференцияда ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогикалық мамандықты таңдаған түлектердің 70%-ы ұлттық бірыңғай тесттен төмен балл алғанын айтып, мамандық пен оқушылардың болашағына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
09 Желтоқсан 2019, 15:45
-
Р.Дәленов: 1 қаңтардан бастап микро және шағын бизнес үш жылға тексерістен босатылады
2020 жылдың 1 қаңтардан бастап микро және шағын бизнес үш жылға тексерістен бостылады. Бұл туралы елордада "Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: алғашқы нәтижелері" тақырыбында өткен ғылыми-практикалық конференцияда ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
09 Желтоқсан 2019, 13:02
-
Қ.Тоқаев Вольфганг Ишингермен кездесті
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясының төрағасы Вольфганг Ишингермен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
06 Желтоқсан 2019, 16:27
-
«Бәйтерек» холдингі неміс әріптестерімен ынтымақтастықты жандандыруда
«Бәйтерек» холдингі Басқармасының төрағасы Айдар Әріпханов қазақстандық делегацияның құрамында 5-6 желтоқсанда болған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапары аясында Берлинге барды.
06 Желтоқсан 2019, 15:23
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды