• Басты
  • Astana Finance Days форумы – әлемдік қаржы алпауыттарын біріктірді
2 Шілде, 2019 15:47

Astana Finance Days форумы – әлемдік қаржы алпауыттарын біріктірді

Нұр-Сұлтан қаласында шілде айының алғашқы төрт күнінде (1-4 шілде аралығы) Astana Finance Days қаржы форумы өтіп жатыр. Аталған шараның екінші күнінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың қатысуымен "Астана" Халықаралық қаржы орталығының Соты мен Халықаралық арбитражды (төрелік) орталығының салтанатты түрде ашылуы болды. Аstana Finance days қаржы форумы екінші рет өткізіліп, өз алаңында әлемдік сарапшыларды, саясаткерлерді, бизнес өкілдерін, мемлекеттік қызмет пен ғылыми орталықтарды, халықаралық қаржы орталықтарын, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелген компаниялар өкілдерін біріктіруде.
Astana Finance Days форумы – әлемдік қаржы алпауыттарын біріктірді

Форумның алғашқы күнінде  Astana International Campus алаңында компаниялардың қор нарығына шығу мәселелеріне арналған «Getting trained to Pre-IPO» практикалық семинары аталып өтілді. Семинардың бағдарламасы бухгалтерлік есеп және аудит, корпоративтік басқару, қаржылық менеджмент, IR, HR және т.б. саласындағы жетекші қаржы институттарының қатарынан ғаламдық әріптестердің қонақ лекциялары мен практикалық мастер-кластарын қамтыды.

Іс шараның екінші күні Fintech Summit өтіп, оған әлемдік сарапшылар, бизнес және индустрия өкілдері Евгения Лисняк, Fintech&Ventures, Visa директоры, Антон Мусин, Қазақстандағы Accenture басқарушы директоры, Сэм Тидсуелл-Норриш, Motive Partners негізін қалаушы, Ерез Шахар, Qumra Capital негізін қалаушы, адам Кене, СЕО Kene partners, Джозеф Зиглер қатысты. Сонымен қатар, Fitness Summit аясында Visa Everywhere Initiative конкурсының, стартаптарды қолдау бойынша Visa ғаламдық бағдарламасының финалы өткен болатын.

Астана Халықаралық орталығы Соты мен Халықаралық төрелік орталығы ғимаратының ресми ашылуы – қаржы форумының негізгі оқиғаларының бірі. Оның ашылуына АХҚО басшысы Қайрат Келімбетов, АХҚО Халықаралық төрелік орталығының төрайымы, корольдік адвокат Барбара Доманн, АХҚО Сотының төрағасы Лорд Вульф сондай ақ АХҚО Соты және ХТО Тіркеушісі және аппаратының басшысы К.Кэмпбелл-Холт қатысты.

Қазақстан Президенті Қасым Жомарт Тоқаев Сот ғимараты мен төрелік орталығын ресми түрде ашық деп жариялады.


«Біздің елімізде бүгін Астана Халықаралық қаржы орталығының Соты мен Халықаралық арбитражды орталығы өз тарихын бастады. Олар жаһандық заңнамаларға сүйене отырып, заманауи үлгіде жумыс жасайтын болады. Еліміздің сот жүйесінің тарихы он бесінші ғасырдан басталады, қазақтың тарихында билер соты болған. Осы сот әдил сот төрелігін қамтамасыз етіп, құқықтың саланың мінсіз жүйесін көрсететін болады. АХҚО судьялары өте әділ шешім қабылдайтынына сенемін. Осымен мен АХҚО Сотының ғимараты ашық деп жариялаймын», - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

 Сондай-ақ ол, Астана Халықаралық қаржы орталығының бір жыл ішінде елеулі жұмыс атқарғанын атап өтті.


«Осыдан бір жыл бұрын Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаев АХҚО-ны ресми түрде ашып берді, бүгін біз Сот ғимаратын және бүкіл әлем бойынша инвесторлар сенетін жалпы құқықтық негізінде жұмыс істейтін Халықраралық төрелік орталықты ашып отырмыз. Бүгінгі әлемнің қаржы алпауыттарының біздің Халықаралық қаржы орталығымызға ерекше назар аударуы – еліміздің жүрегінде қаржы орталығын құру жөніндегі Елбасының идеясы дұрыс екендігін көрсетіп берді. Астана Халықаралық қаржы орталығы дүние жүзіндегі жетекші қаржы алпауыттарының тәжірибесіне сүйене отырып құрылған. Сондықтан бұл өңіріміздің флагманы болуға тиіс», - деп сөзін түйіндеді ҚР Президенті.

 Халықаралық төрелік орталығының төрайымы, корольдік адвокат Барбара Доманн жаңа жобаның кадрлық құрамы туралы қысқаша айтып, қандай құжаттарға қол қойылғанын айтып берді.


«Орталығымыздың әсем ғимаратында ең заманауи құрал-жабдықтарды жасадық және сот төрелігін іске асыру үшін электронды түрде құрылғыларымыз, өзіміздің мамандарымыз бар. Және халықаралық төрелік орталығының жұмысын жасау үшін халықаралық төрешілер жұмыс істейтін болады. Олардың барлығы көп тілді меңгерген және әртүрлі юрисдикция салаларында жұмыс істеген. Біз ең басты халықаралық төрелік институттарымен де жұмыс жасаймыз. Олармен өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойып, іске кірісеміз. Қазіргі күні 200-дей келісімшарт бар және Халықаралық арбитраж орталығы шындығында қазіргі кезеңде жұмысын бастап кетті. Біз жұмыс жасау үшін 17 халықаралық сот төрелік орталығын қарадық және ол жетістіктеріміздің Қазақстан халқының, Қазақстан мемлекетінің инвестицияларымен және қолдауы нәтижесінде жүзеге асып жатқанын білдіреді», - деді Барбара Доманн.

Бұдан кейін АХҚО және Халықаралық сот төрелік орталығы туралы кішігірім бейнеролик көрсетіліп, одан кейін форум аясында бірнеше тақырыпты қамтыған, оның ішінде: білімді басқару жүйесі негізінде адами капиталды дамыту, 4-өнеркәсіптік револция кезеңіндегі білім, білімді цифрландыру және тұрақты дамудағы педагогикалық реформалар мәселелері талқыланды.

Астана Халықаралық қаржы орталығы басшысы Қайрат Келімбетов орталықтардың жұмысын нарық талаптарына тез бейімделген деп атап өтті.

 «Әлемнің ең табысқа ие қаржы орталықтарының көпшілігі жалпы құқықтың юрисдикциясында жұмыс істейді. Бұл нарықтың талаптарына тез бейімделіп, сонымен қатар инвесторларға сот шешімдерін шығару кезінде әділдік пен бейтараптыққа кепілдік береді. Осылайша, біз өңірдегі ең үздік қаржы платформасын және бірегей инвестициялық климатты құрамыз», - деді Келімбетов.

Сонымен қатар, Астана Халықаралық қаржы орталығы Биржасының (АІХ) басқарма төрағасы Тим Беннетт 2018 жылдың қараша айында болған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның бірінші ІРО-нен бастап қызмет нәтижелері туралы айтты.

«Қазатомөнеркәсіптің» акциялары қазігі уақытта Қазақстанда белсенді сатылатын екінші бағалы қағаз болып табылады. Және айналым жылдамдығы көптеген дамушы нарыққа қарағанда 2-3 есе жоғары. Polymetal компаниясы акцияларының листингі АІХ халықаралық эмитенттер тарапынан сұранысқа ие екені белгілі. Сондай-ақ өңірлік инвестициялық сұранысты жұмылдыру қабілетін көрсетті. Осы аптада біз бағалы қағаздарды кастодиандық сақтаудың жаңа жаһандық стандартты үлгісін, маркет-мейкерлерге арналған бағалы қағаздарды қарыз алу және қысқа сату бағдарламасын таныстырамыз. ЖДҚ мен акцияларды неғұрлым тиімді айырбастау, сондай-ақ Euroclear-мен тікелей байланыс орнату. Орталық Азия аймағында бірінші болатын осы бастамалардың көпшілігі Қазақстан мен өңірдегі бизнес үшін неғұрлым белсенді капитал нарығын дамытуға ықпал ететін болады», - деді ол.

Оның айтуынша, Астана халықаралық биржасы (АІХ) елдегі және өңірдегі капиталдың  жоғары өтімді нарығын дамытуға септігін тигізіп келеді.

«ІРО-дан бастап жарты жыл ішінде Астана халықаралық биржа (АІХ, Astana International Exchange) алаңында бірінші компания болып жаһандық инвесторларға түсінікті инфрақұрылым жасап қана қоймай, мультивалюталық сауданы іске қосты, биржалық инвестициялық қорлардың көмегімен өнімдер желісін алуан түрлі етіп, юниорлық геологиялық барлау компанияларының инвестиция тарту үшін жаңа сегментті іске қосты, «Бір белдеу, бір жол» сегментінде әлеуетті эмитенттермен бірнеше келісімдер жасап, сондай-ақ бөлшек инвесторларға арналған мобильді қосымшаны іске қосты. АІХ елдегі және өңірдегі капиталдың терең және жоғары өтімді нарығын дамытуды жалғастырып жатыр», - деді Тим Беннетт.

Бұл форум инфрақұрылымдық қаржы, ықпал етуді қаржыландыру, инновациялық қаржы, ислам қаржылары секілді төрт бағытты қамтыған.

АХҚО-ның құқықтық мәселелер жөніндегі II Конференциясы шеңберінде отандық заңгерлер жетекші шетелдік заң фирмалары мен институттарының өкілдерімен тәжірибе алмасып, әрі қарай мінсіз жұмыс істеуіне септігін тигізеді.

Astana Finance days аясында өткен Бірінші Халықаралық EdTech форумы технологиялар, халықаралық кәсіби сертификаттау, инновациялар, цифрландыру, инклюзивті тәсілдер, STEM және басқа да озық әдістемелер арқылы адами капиталды сапалы жаңа деңгейде дамытуға серпін беру үшін түрлі индустриялар өкілдерінің басын қосты.

Сондай-ақ, AFD аясында компанияларды капитал нарығымен жұмыс істеуге дайындау шеңберінде инвестициялық сауаттылықты арттыруға және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған Pre-IPO семинарлары да ұйымдастырылатын болады.

Айта кетейік, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2015 жылы «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында құрылған болатын. Орталық өз қызметін «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V Конституциялық заңына сәйкес жүзеге асырып келеді. Бұл орталықтың мақсаты шикізаттық емес секторға баса назар аудара отырып, Қазақстанға шетелдік инвестициялардың ағынын ұлғайту, капиталдың ішкі нарығын дамыту, перспективалы қаржы салаларында жеке сараптама жасау болып табылады.

Мамандардың айтуынша, Астана халықаралық қаржы орталығы (AIFCА) Нью-Йорк, Лондон, Дубай, Гонконг және Сингапур елдерінің қаржы орталықтарының озық тәжірибесін үйлестіретін әлемнің экономикалық картасындағы бірегей орталық. Аталмыш жоба халықаралық қаржы орталықтарының ең озық тәжірибелері мен технологияларын ұсына отырып, оларды ерекше артықшылықтармен толтырады.

Қаржы орталығында өтіп жатқан Astana Finance Days - 2019 форумы өткен он жылдықта не болғанын сараптап, жаңа жолға бағыт-бағдарларды анықтайды. Нұр-Сұлтан - әлемдік қаржы нарығындағы жаңа ұғым екені белгілі. Astana Finance Days көп күндік қаржы форумы жаңа мәселелерге назар аудаып, сондай-ақ, тың идеялар ұсынады. Ол, сонымен қатар, өңірлік және әлемдік қаржы нарығын құратын болады. Astana Finance Days әлемдік сарапшылар, саясаткерлер, бизнес өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер мен ғылыми орта өкілдеріне есігін айқара ашатын шара. 1–2 шілдеде кеңестердің тұрақты отырыстары мен АХҚО негізгі органдары директорларының кеңесі өтіп жатыр. Іс-шара сонымен қатар, семинарлар мен практикумдар, түрлі шаралар мен көрмелерден де тұрады. 3-4 шілдеде АХҚО төрт бағытты қамтитын, өзінің халықаралық форумын өткізетін болады, оған кіретіндер: Инфрақұрылымдық қаржы, Іс-қимылды қаржыландыру, Инновациялық қаржы, Исламдық қаржы және Құқықтық мәселелер жөнінде АХҚО-ның II Конференциясы.

 

Айдана Абдрахманова

Барлық материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды