• Басты
  • Гранттар саны 20 мыңға артады, кәсіптік колледж студенттері стипендиясы көтеріледі
28 Маусым, 2019 19:37

Гранттар саны 20 мыңға артады, кәсіптік колледж студенттері стипендиясы көтеріледі

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектепке дейінгі білім және тәрбие беру, орта білім, жоғары білім және докторантура мен магистратурадағы өзгерістер мен жаңалықтар туралы халық алдында есебін ұсынып, жиналғандардың сауалдарына жауап берді..
Гранттар саны 20 мыңға артады, кәсіптік колледж студенттері стипендиясы көтеріледі | Strategy2050.kz

Министрдің айтуынша қазір, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны 1480-ге өсті, 3 және 6 жастағы балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқумен қамтуы 95,2 пайыз болып отыр. 342 жаңа мектеп салынды және пайдалануға берілген.

«Мектепке дейін тәрбие беру және оқыту бойынша, қазіргі уақытта елімізде 10 мыңнан астам мемлекеттік білім беру ұйымдарында 881 мың бала оқиды. Қазірі күні шешілмеген мәселе көп. Қазірдің өзінде 180 мыңдай бала кезекте тұр», - деді министр.

Министр мырза балабақшалардың сапасы бойынша атқарып отырған істеріне тоқталды.

«Жеке балабақшаларды жаппай ашу үшін санитарлық нормалар жеңілдетілді, нәтижесінде біз 95 пайыз қамтуға қол жеткіздік. Жеқорлықтың алдын-алу үшін біз балабақшаларға жолдама алу қызметін автоматтандырып жатырмыз. Жалпы бүгінгі күні барлық облыс орталықтарында, үлкен қалаларды осы жұмыс жүргізілді. Әрі қарай басқа да өңірлерде осы мәселені қолға аламыз. Кадрлардың сапасын арттыру үшін тәрбиешілердің бірыңғай жаңартылған бағдарламасы қолға алынды», - деді Асхат Аймағамбетов.

Орта білім беру бойынша, бүгінгі таңда 3 186 234 бала орта мектептерде білім алып жатыр.

«Өткен жылы білім беру саласында педагогтарды аттестациялаудың жаңа жүйесі қолға алынды. Әрине бұл жүйе қазіргі күні теңдессіз деп айта алмаймыз. Дегенмен министрлік бүгінгі күні осы жүйені модернизациялап, оңтайлы етуге күш жұмсап жатыр. Осы жүйенің арқасында мектептерде білім беретін ұлттық біліктілік тестінен өткен 66 мың мұғалім, 30 пайыздан 50 пайызға дейін қосымша еңбекақы алады. Және де жас мұғалімдер осы арқылы уақыт оздырмай біліктілігін арттырып, соған сәйкес олардың еңбекақысы да жоғарылайды.Мұғалімдердің 80 пайызы біліктіліктерін арттыру курсынан өтті. Педагогтардың санын арттыру үшін қосымша білім беру гранттары да бөлінуде. Әрбір екінші оқушы мектептен тыс қосымша білім алады», - ҚР Білім және ғылым министрі.

Жоғары оқу орнындағы білім беру бойынша 500 мыңнан астам студент 131 оқу орында білім алып жатыр.

«Өткен жылы біз төмендегі мына ерекшелікті қолға алдық. Бұдан былай біз университеттерге академиялық қаржылық тәуелсіздікті береміз. 1 қыркүйектен бастап біздің оқу орындары оқу бағдарламаларын кәсіби стандарттарға сәйкес өз беттерінше жаңарта алады және олар коммерциялық қызметтің 16 түрін өз бетінше орындай алады. Қазір олар серіктес оқу орындарымен бірлесіп өздерінің заманауи бағдарламаларын қабылдай алады, штаттық кестелерін жазып, қызметкерге талаптарын жазып, оқу ақысын белгілеп әрі тағы басқа компетенция бойынша құқықтары бар», - деді министр.

Жоғары білім алудың қолжетімділігі қолға алынып, биыл гранттардың саны 20 000 орынға көбейген. Жыл сайынғы магистратура, бакалавриатқа бөлінетін гранттар саны 60 мыңнан асты. Министрдің сөзінше бұл көрсеткіш айтарлықтай көп.

Магистратураға тапсыруда да бірқатар өзгерістер бар. Енді үміткер бірыңғай тест тапсырып грант алған соң, магистратурада оқитын оқу орнын өзі таңдайды. Министр мырза, бұл жүйе магистратурадағы гранттар бөлінуінің ашықтығын қамтамасыз етеді дейді. Алайда, докторантурада ешқандай өзгеріс жоқ, тек үміткерде халықаралық IELTS  сертификаты болуы керек.

Келер оқу жылынан бастап кәсіптік-техникалық колледждерде жұмысшы мамандықтарында оқып жатқан студенттердің стипендиясы 30 пайызға көтеріледі

«Жақында президенттің тапсырмасы бойынша кәсіби-техникалық колледждерде оқып жатқан студенттердің стипендиясы 30 пайызға көтеріледі. Енді, оның көлемі 21 787 теңге болады», - деді министр Аймағамбетов есеп беру кездесуінде.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына берілетін білім беру гранттарының санын көбейтуді тапсырғаны белгілі. Енді кәсіби-техникалық білім беру саласындағы жұмысшы мамандықтары бойынша оқып жатқан студенттердің стипендиясы артады.

Президенттің шешімі бойынша, жоғары оқу орындарында оқығысы келген көпбалалы, әлеуметтік жағдай төмен, АӘК алатын отбасылардың баллары үшін  қосымша 5 мың грант бөлінген.

Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың сонымен қатар бірқатар санатқа сай келетін оқушыларға бірқатар көмек беріледі. 2008 жылдан бастап Үкіметтің нөмірі 64-Қаулысына сәйкес мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылай және мемлекеттік көмек көрсетіліп келеді. Білім туралы заңның 6-бабына сәйкес жергілікті атөарушы орган мектептердің қызметіне бөлінген бюджет қаражатының бір пайызын оқушылардың жекелеген санаттарына қаржылай және материалдық көмек ретінде береді. Көмектің бұл түрі мына санатқа жататын білім алушыларға беріледі : мемлекеттік атаулы көмек алуға құқығы бар отбасылардың балалары, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмені күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардың балаларына жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынан тыс қалып белгілі бір отбасында тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың нәтижесінде шұғыл көмекиі қажет ететін балаларға және тағы басқа осындай санаттардағы білім алушыларға материалдық көмек көрсетіледі. Жергілікті атқарушы орган берген қаражат балаларға киім, аяқ-киім, оқу құралдарын, мектеп жазу құралдарын атып алу үшін сонымен бірге оқитын мекемесінде тамақтану үшін, оқу-сауықтыру орталықтарына жолдамалар сатып алуға және білім алушылардың мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларына қатысуға жұмсалады.

2018 жылы бөлінген қаражаттың есебінен республика бойынша 293 130 бала тегін тамақтанып, 140 162-сі киім, аяқ-киім және оқу құралдарымен қамтамасыз етілген. 114 004 бала сауқтыру лагерлеріне жолдама алса, 17 951-не қаржылай көмек көрсетілген. 14 960 білім алушы мәдени, бұқаралық, спорттық шараларға қатысқан. Қаржылай және материалдық көмекті алу үшін ата-ана немесе оны алмастыратын адам я болмаса кәмілеттік жасқа толған оқушы білім бер ұйымының бірінші бастығының атына өтініш жазады. Өтініш жазған адам оның санатын дәлелдейтін қосымша құжаттар ұсыну керек. Өтініш ұсынылған күннен 15 күнтізбелік күн ішінде педагогикалық кеңеспен қаралып, кейін шығарылған шешімді мектептің бірінші басшысы бекітеді.

Айдана Абдрахманова

Барлық материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды