- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК Бас штабының бастығы НАТО әскери комитетінің отырысына қатысты
ҚР ҚК Бас штабының бастығы НАТО әскери комитетінің отырысына қатысты
«Кездесу Еуро-Атлантикалық әріптестік кеңесі елдері форматында НАТО-ға мүше елдер мен әріптес елдер бас штаб бастықтарының деңгейінде өтті. Тараптар өткен жыл ішіндегі ынтымақтастық нәтижесін және «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасы шеңберіндегі өзара іс-қимылдың перспективаларын, сондай ақ өңірлік және аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылады», - делінген хабарламада.
«Қазақстан біздің көпвекторлы саясатымыздың маңызды құраушысының бірі және ұлттық және өңірлік қауіпсіздік жүйесіне үлес қосатын НАТО-мен ынтымақтастыққа үлкен мән береді», - деп Сәкен Жасұзақов НАТО әскери кеңесінің төрағасы генерал Кнуд Бартелспен кездесу барысында атап өтті.
Келіссөздер барысында тараптар Ауғаныстанның тұрақты дамуы үшін халықаралық қауымдастықтың салып отырған күш-жігерін талқылады.
Қазақстан қазіргі уақытта Ауғанстанға гуманитарлық салада және білім беру саласында көмек көрсетуін жалғастыруда. Жыл сайын 200 ауғандық студент Қазақстанда бакалавриат бағдарламасымен инженер, педагог, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы салалары мамандықтары бойынша білім алуда.
Бұдан басқа, Қазақстан Ауғанстандағы Қауіпсіздікке қолдау көрсету халықаралық күштеріне жер үстімен және әуемен жүк тасымалдау үшін аумағын ұсынып отыр.
Сондай-ақ Брюссель қаласындағы НАТО әскери комитетінің отырысы шеңберінде Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы бастаған әскери делегация Түркиядан және Ұлыбританиядан келген әріптестерімен екіжақты кездесулер өткізді.
Генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Қазақстан Қорғаныс министрлігінің армия бітімгершілік әлеуетін көңіл бөлетінін атап өтті. ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері жыл сайын бітімгершілік оқу-жаттығуларға қатысып келеді.
Бұрын хабарлағанымыздай «Дала қыраны-2013» халықаралық оқу-жаттығуы қорытындысы бойынша НАТО сарапшылары «Қазбат» бітімгершілік батальонына жоғары баға берген болатын.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді