• Басты
  • Маусымнан бастап бюджет қызметкерлері қанша еңбекақы алады?
28 Маусым, 2019 18:17

Маусымнан бастап бюджет қызметкерлері қанша еңбекақы алады?

2019 жылдың 1 маусымынан бастап еліміздегі бір миллионға жуық азаматтың жалақысы ұлғаяды. Осы орайда, мемлекеттік, әкімшілік қызметкерлерінің жалақысы қаншалықты арта түскендігі, сондай-ақ осы мақсаттар үшін бюджеттен қанша ақша қарастырылғаны туралы Strategy2050.kz-тің төмендегі материалында.
Маусымнан бастап бюджет қызметкерлері қанша еңбекақы алады? | Strategy2050.kz

2019 жылдың 27 ақпаны күні «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде бюджет қызметкерлерінің жалақысын 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап көтеруді тапсырған болатын.

Сонымен қатар, аудандық және облыстық деңгейлерде азаматтармен тікелей жұмыс істейтін атқарушы органдар қызметкерлерінің еңбекақысын орташа есеппен 25 пайызға көтеру жүктелген болатын. Осы мақсатта 2019-2021 жылдары қосымша 980 млрд теңге бөлінеді.

«Қазір бағдарлама денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, спорттық мәдениет және тағы басқа миллиондаған мемлекеттік қызметкерлерге тікелей әсер етеді. Орталықтан өңірлерге елеулі сәйкессіздік пайда болды, біз оларға қолдау көрсетуіміз керек », - деді Назарбаев.

Жалақыны өсіруді төмен жалақы алатын қызметкерлерге 30%-ға дейін, ал атқарушы органдардың (аудандар мен өңірлерде) төменгі деңгейдегі қызметкерлеріне орта есеппен 25% -ға арттыру жоспарлануда.

Кейінірек осы жылдың наурыз айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап емес,  2019 жылдың 1 маусымынан бастап көтеруді тапсырды.

 «Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік қызметкерлердің айлық еңбекақысын арттыруды 2019 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 1 маусымына арттыруды тапсырдым. Бұл шешім бір миллионнан астам азаматтық және мемлекеттік қызметкерлердің өміріне оң әсер етеді», - деп жазды Тоқаев өзінің әлеуметтік желідегі есебінде.

Біздің редакция Мемлекет басшысының бұл тапсырмасы қалай жүзеге асыралатынын анықтауға шешім қабылдады. Қаржы, еңбек және әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және ұлттық экономика министрліктеріне қандай мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы қаншалықты және қалай өскендігі және осыған байланысты нақыт мысалдар келтіруін сұрадық. Біздің редакция бұл процесске байланысты егжей-тегжейлі жауап алды. Осы жауапқа байланысты төменде мәліметтер келтіреміз.

Азаматтық және мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы қалай өзгерді

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов біздің редакциямызға мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы сараланған нормаға сәйкес өсетінін айтты.

«Айлық еңбекақысы 30 пайызға дейін көтерілген мемлекеттік қызметкерлердің қатарына мыналар кіреді: разрядттар арасындағы тиісті аралық интервалдарды сақтау үшін 1-ден 8-ге дейінгі разрядтағы қызметкерлер, қосалқы техникалық қызметкерлер, әкімшілік және негізгі қызметкерлер сонымен қатар басқару қызметіндегі кейбір қызметкерлер. Осы қызметкерлердің жалақысы қызметтік еңбекақыны есептеу үшін жұмыс өтілі бойынша коэффициенттерін арттыру арқылы әртарапты көтерілді», - деп түсіндірді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов.

Естеріңізге сала кетсек, мемлекеттік қызметкер дегеніміз мемлекеттік органда белгіленген тәртіппен ақы төленетін қызметті иеленген және мемлекеттің міндеттері мен қызметін іске асыру мақсатында қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы. Мемлекеттік қызметкерлердің екі түрі бар, оның бірі саяси мемлкеттік қызметкер болса, екіншісі әкімшілік қызметкерлер. Саяси-мемлекеттік қызметкердің қызметке тағайындалуы немесе сайлануы, қызметтен босатылуы және қызметінің айқындаушы-саяси сипаты бар және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға жауапты мемлекеттік қызметкер. Мысалы оған, премьер-министр, министрлер, агенттіктердің төрағалары, әкімдер. Әкімшілік-мемлекеттік қызметкер дегеніміз — мемлекеттік саяси қызметкерлер қатарына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын мемлекеттік қызметкер. 

Ал енді азаматтық қызметкерге еліміздің заңнамасында белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорын­дарда, мемлекеттік мекемелерде ақылы штаттық лауазымда істейтін және олардың міндеттері мен функция­ларын іске асыру және мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам деп атап көрсетілген. Еліміздің еңбек қатынастарын реттеу саласын­дағы құзыретінде азаматтық қызметкер болып табылатын және денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша айқындалады. 

Осы ұлғайтуды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің веб-сайтында орналастырылған «Мемлекеттік қызметкерлердің, мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлері, мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізілді.

«Осы қаулыға сәйкес ұйымдардың қызметкерлерінің лауазымдық айлық жалақысы лауазымын қайбір функционалдық блоктарға жатқызуына және мамандық бойынша жұмыс өтіліне, берілген біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай олардың қызметтік жалақыларын есептеу үшін бекітілген коэффициенттерді көбейту арқылы анықталады, негізгі лауазымдық қызметақы көлеміне - 17 967 теңге», - деп түсіндірді Сарбасов.

Әлеуметтік қызметкерге арналған жалақының есебін анықтау мысалы
Вице-министр әлеуметтік қызметкер мен балабақша тәрбиешісі үшін коэффициенттерді есептеудің мысалын келтірді.

«1 маусымға дейін 2 жылдық еңбек өтілі, жоғары білімі бар жоғары санатты әлеуметтік қызметкердің еңбекақысы 81 830,92 теңгені (қолына 70 533,05 теңге) құрады, 2019 жылғы 1 маусымнан бастап 98 961,62 теңге, мұнда жалақы өсімі - 17 130,7 теңге немесе 21% (қолына - 84 408,91 теңге). Лауазымдық жалақы 83 529,84 теңгені құрайды (17 697 * 4,72) », - деді Ахмади Сарбасов.
 

Сонымен қатар, ол арнайы еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың барлық қызметкерлеріне жалақының 10%-ы мөлшерінде төленетінін айтты. Бұл жағдайда ол 8 352,98 теңгені құрайды. Бұған қоса, мүгедектермен жұмыс істеген жағдайда негізгі лауазымдық жалақының 40%-ы = 7078,8 теңге (17697 * 40%) қосымша ақы қарастырылған.

Балабақша тәрбиешісінің жалақы мөлшері

Вице-министр сондай-ақ балабақша тәрбиешісіне еңбекақы есептеудің үлгісін көрсетті.

«1 маусымға дейін 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар арнайы орта білімі бар санатсыз тәрбиешінің еңбекақысы 58984,1 теңгені құрады (қолына 52979,83 теңге), 2019 жылдың 1 маусымынан бастап - 76114,8 теңге болды, бұл жерде жалақының өсуі - 17 130,70 теңге немесе 29% (қолына - 65 902,98 теңге). Лауазымдық жалақы - 69 195,27 теңге (17697 * 3,91). Сонымен қатар, арнайы еңбек жағдайлары үшін жалақының 10%-ы мөлшерінде 6 919,53 теңгені құрайтын қосымша ақы қосылады », - деп түсіндірді Сарбасов.

 

Медицина қызметкерлерінің жалақысы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жалақының өсуі денсаулық сақтау ұйымдарының барлық қызметкерлеріне қатысты екенін хабарлады. 1 маусымнан бастап жалақысы төмен медицина қызметкерлерінің еңбекақысы 30 процентке артады. Мысалы, кіші медициналық персоналға қазір 48 861 теңге төленсе, енді 64 520 теңге алады, ал орта медперсоналдың айлығы 76 395 теңгеден 99 313 теңгеге дейін көтеріледі.


«Еңбекақыны көтеру осы жылдың 1 маусымынан бастап жоспарланып отыр және ол денсаулық сақтау ұйымдарының барлық персоналына қатысты, атап айтқанда: негізгі мамандар - дәрігерлер, провизорлар, психологтар, фельдшерлер, акушерлер, медбикелер, фармацевтер, әлеуметтік қызметкерлер және басқа да тұлғаларға; көмекші персонал - іс жүргізушілер, операторлар, хатшылар және басқаларға; техникалық персонал - санитарлар, көлік жүргізушілері, күзетшілер, аула тазалаушылар және басқаларға; әкімшілік қызметкерлер - бухгалтерлер, бағдарламашылар, кадр инспекторлары және басқаларға; басқарушы персонал - басшылар мен олардың орынбасарлары, бас бухгалтерлер және басқаларға да қатысты», - деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігінде Strategy2050.kz-тің ресми сауалына жауап ретінде.


Сонымен қатар, ресми жауапқа сәйкес, қызметкердің жалақы мөлшері оның лауазымына, біліктілік санаты болуына және жұмыс өтіліне байланысты.

Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысының өсуі

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, төменгі лауазым - бұл лауазымдардың реестріне сәйкес мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген лауазым санаттары арасында төменгі болып табылатын, Б корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің мемлекеттік лауазымы.

Лауазымдар реестріне сәйкес, ауыл, аудан және облыс деңгейіндегі төменгі лауазымдарға «Бас маман»,«Жетекші маман», «Маман» лауазымдарына жатады. Олар үшін 25%-дан 30%-ға дейін арттыру көзделіп отыр», - делінген ҚР Ұлттық экономика министрлігінің редакцияның сұрауы бойынша жауабында.

Министрлік ауылдық, аудандық және аймақтық деңгейдегі мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына (C-O-3, C-O-4, D-3, D-O-3, E-3, E-R-3, Е-G-2 санаттары) лауазымдық жалақының 10% -15%-ға аздап көтерілуі көзделгенін атап өтті.

«Бұл басшылар мен олардың бағыныштыларының еңбекақы мөлшеріндегі айырмашылықты сақтайды», - делінген жауап хатта.

Жалақыны арттыру бойынша тапсырманы орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізді.

Ұлттық экономика министрлігі өңірлік деңгейдегі жетекші маманға және аудандық деңгейдегі бас маман еңбекақысының өсуін мысал ретінде келтірді.

«Мысалы, облыстық деңгейдегі жетекші маманның еңбекақысы (2 жылдан 3 жылға дейінгі өтілі бар) 82 мың теңге болса, 2019 жылдың 1 маусымынан бастап, оның жалақысы 107 мың теңге болады, әлеуметтік және зейнетақы аударымдарын алып тастағанда қолына 86 мың теңге (өсімге дейін - 66 мың теңге болған) алады. 5-7 жыл тәжірибесі бар аудандық деңгейдегі бас маманның жалақысы 87 мың теңге (әлеуметтік және зейнетақы аударымдарынсыз - 71 мың теңге), сәйкесінше, 2019 жылдың 1 маусымынан бастап 113 мың теңгені (әлеуметтік және зейнетақы аударымдарынсыз - 92 мың теңге) құрайды», - деп түсіндірді ведомствода.

Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева редакциялық сауалға жауап ретінде аудан әкімі аппараты бөлімінің қызметкерлері жалақысын есептеу мысалын келтірді.

Аудандық әкімдіктің аппаратының 5-тен 7 жылға дейінгі еңбек өтілі бар жетекші маманының лауазымдық жалақысы 83,353 теңгені құраған, өсімді ескерсек, 108,306 теңгені (зейнетақы аударымдарын және табысқа салынатын салықты шегермей) құрайды. Облыс әкімі аппаратының 5-тен 7 жылға дейінгі өтілі бар бөлім меңгерушісінің лауазымдық жалақысы 123 171 теңгені құрады, өсім нәтижесінде 135,559 теңгені (зейнетақы аударымдары және табысқа салынатын салықты шегермей) құрайды», - деді қаржы вице-министрі.

Бюджеттен қанша ақша бөлінген

Жалақыны көтеру шығындары «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңда 2019 жылға 144,3 млрд. теңге мөлшерінде белгіленді. Соның ішінде 2019 жылғы 1 маусымнан бастап жалақы өсіруге қосымша 28,6 млрд. теңге бөлінді. 2020-2021 жылдарға көзделген қосымша қажеттілік 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру шеңберінде жыл сайын 234,4 млрд. теңгеден 3 жыл бойына қарастырылатын болады.

Жалпы, алдағы 3 жылда әлеуметтік салаға 980 млрд. теңге бағыттау жоспарланып отыр, оның 613,1-і жалақыны арттыруға бағытталған. Биылғы жылы республикалық бюджет қаражатының 45%-ы қазақстандықтардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту үшін әлеуметтік салаға бағытталған. 1 маусымнан бастап жалақысы өсетін білім беру саласында ол көрсеткіш 10-30%-ға дейін болатындығы айтылған еді. Соның ішінде, бірінші топтың, яғни, еңбек жолын енді бастаған жас мұғалімдер, колледж мұғалімдері, әлеуметтік психологтар, балабақша жетекшілері мен тәрбиешілері, тәрбиешілердің көмекшілері бар.

Мысалы, қалада істейтін, еңбек өтілі 2-3 жылды құрайтын әлеуметтік педагог, кітапханашы, тәрбиешілердің айлығы 55 869 теңгеден 70 859 теңгеге дейін артады. Ауылдарда 69 837 теңгеден 88 573 теңгеге дейін өседі.
 
Еңбек өтілі 2-3 жылға жетіп қалған педагог-психологтар (қалада) қазір 65 019 теңге алып жүр, енді оларға 81 565 теңге төленеді. Ауылдарда 81 273 теңгеден 101 957 теңгеге дейін өседі. Сонымен бірге 2-3 жылдық еңбек өтілі бар мұғалімнің жалақысы: қалаларда 55 480 теңгеден 66 382 теңгеге дейін; ауылдарда 69 351 теңгеден 82 976 теңгеге дейін өседі. Одан кейінгі екінші топ –  көмекші персонал, яғни, олар балабақшаның қатардағы қызметкерлері, еден сыпырушылар, күзетшілер, от жағушылар, сантехниктер мен электриктер. Үшінші топқа басқарушы персонал жатады: мектеп директорлары, директорлардың орынбасарлары, балабақша басшылары.
 

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз инаугурациялық сөзінде Мемлекет басшысы лауазымында алдында тұрған 10 негізгі міндеттерді атап өткен болатын. Бірінші міндет - халықтың табысын арттыру. Мемлекеттік қызметшілер жалақыларының 30 пайызға артуы бұдан бұрын 2016 жылы болған еді.

Айдана Абдрахманова

Барлық материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды