• Басты
  • Сотталғандарды әлеуметтендіру қалай жүзеге асырылады?
28 Маусым, 2019 13:17

Сотталғандарды әлеуметтендіру қалай жүзеге асырылады?

ҚР-ның «Пробация туралы» заңы 2016 жылғы 30 желтоқсанда қабылданған болатын. Осы Заң пробацияны ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және пробация ұғымын, мақсатын, міндеттерін, қағидаттарын, түрлерін және жүзеге асыру нысандарын, сондай-ақ өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдардың және оны жүзеге асыратын субъектілердің құқықтық мәртебесін белгілейді. Осы орайда ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қылмыстық атқару департаменті Сарыарқа аудандық Пробация қызметі қызметінің аға инспекторы Әсел Жоламановадан сотталғандарды әлеуметтендіру бойынша сұхбат алған болатынбыз.

Сотталғандарды әлеуметтендіру қалай жүзеге асырылады? | Strategy2050.kz

-Пробация қызметі дегеніміз не?

-Пробация қызметінің негізгі міндеттері қоғамдық жұмысқа және түзеу жұмыстарына тарту, белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысу құқығынан айыру түрiндегi жазаларды орындау, шартты түрде және тұрғылықты жері бойынша бас бостандығын шектеу жазасына сотталған адамдардың мiнез-құлқына пробациялық бақылауды жүзеге асыру, күдіктіге, айыпталушыға қатысты сотқа дейінгі баяндаманы дайындауды жүзеге асыру, оларға қатысты сот пробациялық бақылау белгілеген адамдарға және сот әкімшілік қадағалау белгілеген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға, бас бостандығын айыру айыппұлмен ауыстырылғандарға, сот тағайындаған бас бостандығынан айыру түріндегі жаза мерзімін өтеп шыққандарға әлеуметтік-құқықтық көмек алуға жәрдем көрсету болып табылады.

-Әлеуметтік бейімдеулді  қарастыратын Апробация туралы заң қалай жүзеге асырылып жатыр?

- Департамент Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 44-бабына және Қазақстан Республикасы Қылымыстық-атқару кодексінің 66-бабы (Бас бостандығын шектеу түріндегі жаза өтеу тәртібі) және (Шартты түрде босатылған адамдардың жүріс-тұрысына пробациялық бақылау орнату) 169-бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы сотталғандарды жұмысқа орналастыру, тұрақты тұрғылықты жерлері бойынша тұрақты тіркеулерінің болу міндеттілігін орындау мәселесіне бастамашылық етеді.Аталған өзгерістер бас бостандығын шектеуге сотталған адамдардың конституциялық құқықтарын бұзбайды, ал керісінше оларды қайта әлеуметтендіруге көмектеседі.

-Сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек қалай көрсетіліп жатыр?

-Ағымдағы жылдың қыркүйегінен бастап Департаменттің базасында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша фронт-офис ашылды: Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту орталығы өкілінің сотталғандарды тікелей есепке қою кезінде жұмысқа орналастыру мәселесін шешу үшін қабылдауы ұйымдастырылды (қыркүйек айынан бастап жұмысқа орналастыру үшін көмек сұрап 160 сотталған жүгінді).  

-Жұмыспен қамту бөлімшелерімен бірігіп қандай жұмыстар атқарылды?

-Сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдармен және Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыстар белсенді жүргізілуде (2018 ж.-3544, 2019ж.-3086).

Нақты айтар болсақ, сотталған Александр Юрьевич Садвокасовқа  «Қайта әлеуметтендіру орталығында» мүгедектігі бойынша құжаттарды дайындауға көмек көрсетілді.  

Сотталған А. Муренкоға  әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша бағдарлама толтырылып, «Шанс» Қоғамдық Қорына  жолданды, қазіргі уақытта тұрғылықты жері бойынша тұрақты мекенжайға тіркеліп, зейнетақы алуға құжаттар дайындалуда. «ЛИГО ДАБРО» Қоғамдық Қоры арқылы сотталған  А.Н Бакижанов тұрақты жұмысқа орналасты.Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының пробация қызметінің аға инспекторы әділет подполковнигі Р.Мнайдаров және әділет аға лейтенанты А.Смагулова есепте тұрған сотталған 4 балалы отбасы А. Злейге әлеуметтік көмек көрсетіп, отбасы мүшелерін бір қуантып тастады.

-Олардың қылмысты қайталамауы үшін алдын алу шаралары қандай? Қоғамның ажырамас бөлігі болуы үшін оларға несие, гранттар бөліне ме?

- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметімен шеткі аумақтарда орналасқан әлеуметтік-саяси ахуалы нашар әкімшілік учаскелерде қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықбұзушылықтың жолын кесу, азаматтармен тығыз сенімді қарым-қатынас орнату мақсатында Ішкі істер органдарының қарулы күштері мен құралдарымен, Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп ағымдағы жылғы сәуір айының 01-мен 30-ы аралығында «Учаске» атты жедел-профилактикалық іс-шара өтуде.

Іс-шара өту барысында, атап айтқанда сәуірдің 1-і мен 8-і аралығында аумақтық пробация қызметінде есепте тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес 608 сотталған азаматтар тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Сотталғандарға сот жүктеген міндеттерді орындамай, пробация қызметкерлерінің рұқсатынсыз мекенжайын өзгертіп, кей сотталғандардың тұрақты тіркеулерінің болмауы салдарынан 27 құқықбұзушылыққа жол берілген.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға тартылған сотталғандар арасында құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау, төтенше жағдайлардың алдын алу, атап айтқанда, тілсіз жау – өрттің алдын алу және әлеуметтік көмек көрсету және оң жолға бағыттау болып табылатындықтан, орын алған бұзушылықтарға бұдан әрі жол бермеу үшін пробация қызметінің қызметкерлері сотталғандардың  барлық проблемалық сұрақтарын анықтап, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қажетті құжаттарды ресімдеуге бірден кірісті.

Осы тәрізді іс-шаралар құқық қорғау органдарымен өзара ынтымақтастықты нығайту негізінде өз жалғасын табатын болады.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлер және кәсіпкерлік бастамасы бар халық үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі және «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған «Бизнес Кеңесші» жобасы бойынша оқу курсына   сотталғандар  Г. Сакенова, Т. Жакупов  жолданып, «Бизнес Кеңесші» атты сертификат алды.  Казіргі уақытта несие алу үшін  тиісті құжаттар дауындау үстінде.

Аягөз Құрмаш 

 


ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды